Әңгімелер

Әңгіме: Сәбит Мұқанов | Кер заман


1

— Қайынаға, салығыңызды кешіктіріп кеттіңіз, неге төлемейсіз? — деп қайқы мұрындау келген, денелі, томпақ көз, жұқа ерін, суық шарпыған беті қара қожалақтаның-қыраған, басында түбіт шәлісі, аяғында саптама етігі, қолында тері биялайы бар, үстінде сеңсеңмен тыстаған сары тоны бар Ұлбосын, дәреттен келе жатқан Кәдірбай хажының алдынан кес-кестей берді.

Шалбарының бауын екшей байлап, аяғымен жерді тебініп, қысықтау келген қиғаш көзін Ұлбосынға алайта қарады да:

— Қайдағы салық? — деді хажы.

— Білмейсіз бе, қандай салық төлейтініңізді, — деді Ұлбосын, даусын көтере сөйлеп.

— Нені білейін! — деп хажы бір уыс көдедей шоқталып біткен ұзын қасын көзіне түсіріп, қалың қабағын тыржитты.

— Білмесеңіз айтайын: бір ауылнайдың имамы боласыз ғой. Зекет-ғұшырдан, жаназа шығарғаннан, тағы сондай табысыңыздан 350 сом, салған егін, жылқы, сиыр, қойыңыздың салығы 86 сом. Патент алмай сауда қылғаныңыз үшін 61 сом, барлығы 607 сом.

— Келін, осы сенің-ақ маған құтың түсті-ау жарқыным. Бір жылғы табысымның бас-аяғы 100 сомға зорға толады. Әнеугүні пинәтделге осы мәнімді айтып арыз бергем. Одан жауап алмай төлемеймін. Егінді жөнді салғам жоқ. Бір-екі десятина сепкен болып едім, шықпай қалды. Сауда қылғанымды кім көрген екен? — деп хажы аппақ сақалын қолымен тарап кейіді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Білімнен жаққан шамшырақ


(Ұстаздар күнімен оқушының құттықтауы)

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Жыл сайын жыл құсындай болып айналып соғар ұстаздар мерекесі тағы да есік қағып тұр. Ұстаз мамандығы қай қоғамда да, қай заманда да қадірлі де құрметті бола білді. Өйткені ұстаздық - тек бүгіннің ғана емес, келешектің, болашақтың жемісін мәпелеуші ұлағатты іс. Күні кеше ғана мектеп есігінен тарыдай боп кіріп, ақыл дариясы толысып таудай боп шығар әрбір шәкірт - осы бір киелі мамандықтың алдында мәңгі қарыздар. Себебі "Есімде әліппені жаттатқызып, ең алғаш қолға қалам ұстатқаның" деп белгілі ән жолдарында айтылғандай, білім кемесі мектеп табалдырығынан аттағанда, күлімсірей қарсы алып, қолыңнан жетелеп партаңа әкеп отырғызатын алғашқы ұстазыңнан бастап, әрбір ғылым сырының негіздерін жалықпай үйретер жоғары сынып ұстаздарының барлығы да шәкірт жүрегіне өз ізін қалдырып үлгереді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Дәметкеннің зары


(Шөкенұлы Құсайынның естелігінен)

Дәметкен Далабайдың шешесі. Далабай жалғыз. Өзі жарлы кемпір. Дәметкеннің екі көзі жоқ, су қараңғы кемпір. Ол Далабайын қапсыра құшақтап, шырқырағанда жер басып тұра алмадық. Сондағы Дәметкеннің зарынан. Әр жерінде құлағымда қалғанын елге қайта қосылғанша ойымнан шығармадым. Бірақ анда-сандағы бір бөліктерін ғана ұғып қаппын.

Дала жаным, жалғызым,
Су бойында жалбызым.
Маңдайдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым.
Жүзіңді көріп қалуға
Ашылсыншы сұм көзім!..

деп тыржиған қабағын жоғары-төмен көтергенде сәулесі жоқ тұңғиық қара көзінен тамшылап жас шығады.

Жалғызым, жаным Далажан,
Тым болмаса екеу боп,
Артыңнан біреу ерсеші,
Тентекшіл, теріс қу құдай,
Зорлықшылды көрсеші.
Тым болмаса жар болып,
Жарқ етіп көзім ашылып,
Далаштың жүзін көрсемші,
Сылқ етіп, сүйіп өлсемші.
Тірі күйік тартқызбай
Қолыңнан мені кемсеңші.
Мейірім қана сүйейін,
Келсеңші, сәулем, келсеңші!.. —

деп оңды-теріс кетіп тұрған Далабайының бетін тарамыс қара қолымен сипалап тауып алады...

Facebook .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Дүкенбай Досжан | Сөз киесі

Тағдыр әу баста пешенеге жазылады.

Асылмұрат бала жастан пешене дегенді – кісі маңдайы деп түсініп жүріпті. Жас адамның маңдайында әжім болмайды. Тері мен сүйек арасында болар-болмас әлде бір із сырт көзге сезілмейді. Келе-келе... кісі егделене... маңдайға көлденең сызылып әжім түседі. Әлгі шимай кейіпкеріміздің көзіне жазу болып елестейді. Жұмыс басты пенденің өмір жолы... кім болмағы... нендей қатерлі асудан өтері... қандай кепті басынан кешетіні... алдын-ала айнаға түскендей жазылып қояды дегенге кәдімгідей иланатын. Кейіпкеріміз сөзге жоқ, сырын ішке жиып, біртоға мінезбен өсті. Құрбылары таласа сөйлеп, кимелеп көзге түсіп, қай ортамен мидай араласып, тастай батып, судай сіңіп жатқанда – бұл пақырың аузынан сөзі, иінінен бөзі түсіп, дастарқанды шетжағалап отырғанды қалады. Құйма құлақ атанды. Үндеместің сыры ішінде, сол сыр... қоңыр мұң... адамшылық арыз... жүрек шері сыртқа шықпай, қордаланып жинала-жинала Асылмұратты бір отырып жазып тастайтын жазушы етті. Жылдар өте тірі сөз теру кәсібіне айналды.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Рақмет алғашқы ұстаз


Білім жол бәріне аңсарлы,
Ой зерек болса оған ұнадың.
Сендерді күлімдеп қарсы алды
Мектепте мейірімді мұғалім.

Қарсы алды сыныбың, партаң да,
Тәртіппен сен оған ұнадың.
Жүреді күлімдеп ортаңда
Тағы сол мейірімді мұғалім.

Ұстазың, мейірбан үні тым,
Қақпайды тым қатты бетіңді.
Қоғамның кішкентай үмітін
Баптайды жас шыбық секілді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Үйшінің әңгімесі


— Оған міне елу жыл болып барады,— деп бастады Тоқсанбай қарт әңгімесін.— Кедейліктің кесірі не істеткізбеуші еді. Үй жонатын өнерім болатын. Содан төмен үй жасауға Ілеге түскен кезім бар-ды.

Осы Алатаудың бауырынан он түйемен төрт-бес кісі үй жонуға аттандық. Қоңыр күз болып, ағаштың жапырағы түсе бастаған кез. Алатау маңында қазақ үй жонуға қолайлы ешкітал өспейді. Мұндай тал осыдан үш-төрт жүз километр жердегі Топардың Ілеге құйған жерінде. Онда сыңсыған орман, қорыс. Біздің мақсатымыз осы көп ағаштың кеніне кіріп, он шақты күннің ішінде он үй жонып алып қайтпақпыз. Онда қазақ үйдің сүйегі бір қара тұратын. Ал бес кедейге он түйені жалға берген байға сегіз қанат екі үйдің сүйегін тегін жонып жеткізіп беруге міндеттіміз. Амал нешік көлігіміздің жоқтығынан екі атан түйеміз байға босқа кетеді.

Арада далаға екі күн түнеген соң жердің түрі өзгере бастады. Ит шайнаған орамалдай қалың қоңыр қырқа біртіндеп азайып барып жоқ болды. Енді бірыңғай боз жусан өскен жазық дала. Елсіз далада жаз күнінде шырылдап тыным таппайтын бозторғайлар мүлде жоқ, күз түсуімен олар түстік жаққа ауысып кетсе керек. Қыс келетінін уәйімдеп аспанда көз жетер-жетпесте ұзын мойын тырналар тырулап қайтып барады. Алыстағы төңкеріліп жазылып ұшқан тырналарды көріп бала күнімізде айтатын «арқан тарт, кілем жап, ақсақ қызға сәлем айт» дейтін өлең есіме түсті. Қоңыр күздің мизам ұшқан бозша даласында анда-санда дала құсы — бұлдырық көрінеді. Басқа күс та, аң да көзге түсе қоймайды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Махамбетәлиева Зере | Мерейлі мектебімізге 100 жыл

Міне,биыл алтындай қымбатты,білім мен тәрбиенің ошағына айналған аяулы мектебімізге 100 жыл!Бұл-үлкен қуаныш,зор мәртебе!Сонымен қатар үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс болып табылады.

Осынау 100 жыл ішінде мектебіміз қаншама түлекті ұядан ұшырып,қияға қанат қақтырып келеді.Ал,сол бітіруші түлектер мектеп атына кір келтірмей біразы дерлік жоғары оқу орындарына түсіп,мұғалім берген білімнің еш кетпегендігін көрсетеді.Абай атамыздың мынадай бір сөзі бар: «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға».Иә,расымен де ұлағатты ұстаздарымыздың біздерге үйреткен әр нәрсесі көкейде сақталып жемісін беріп жатса,онда бұл ұстаздың оқушылар үшін төккен терінің жемісін береді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Анықтама


Түс кезі. Бойшаң келген, сом денелі, тақыр басты, бадырақ көз Волдырев дейтін алпауыт пальтосын шешіп, маңдайының терін жібек орамалымен сүртті де, мекемеге имене, батылсыздау кірді. Ондағылардың бәрі де сырғытып қағаз жазып жатыр екен.

— Бір жұмыстың жайын кімнен білуіме болар екен? - деді ол подностағы стақандарды көтеріп төр жақтан келе жатқан швейцарға. - Осында бір істің жайын біліп, журналдан қаулының көшірмесін алуым керек еді.

— Былай қарай. Сонау, терезенің алдында отырған адамға барыңыз! - Швейцар қолындағы подносымен терезе жақты нұсқады.

Волдырев тамағын бір кенеп алып, терезеге қарай беттеді. Ол жерде, бояу сүзек ауруының белгісі сияқтанып теңбілденген жасыл үстелдің жанында, басында төрт тұлым шашы бар, солпиған ұзын мұрынын безеу басқан, үстінде көнетоз мундирі бар бір жас жігіт отыр екен. Сорайған тұмсығын қағазға тірей үңіліп жазып отыр. Оң жақ танауын маңайлап бір қара шыбын айналшықтап кетпей жүр, соны қуғысы келіп әлсін-әлі астыңғы ерінін бір жағына қарай қисайта шығарып танауына үріп қояды, мұнысы оған аса бір шұғыл жұмыспен отырған түр береді.

— Осында... сізден бір жұмыстың анығын білуіме болар ма екен? - деді Волдырев қасына барып, - Мен Волдыревпін... Сонымен қатар, журналдан екінші наурыздағы қаулының көшірмесін де алуым керек еді.

Чиновник қаламын сияға батырып алды да, коп малынып кеткен жоқ па дегендей, қаламының ұшына қарады. Сия тамып кетпейтініне көзі жеткен соң қайта сырғытып жаза жөнелді. Ернін тағы да шығара түсіп еді, бірақ енді үрлеудің керегі болмай қалды, өйткені шыбын оның құлағына барып қонған болатын.

— Осында бір істің анығын білуіме болар ма екен? - деді тағы да Волдырев бір минуттан кейін. - Мен Волдырев болам, жер иесі...

— Иван Алексеевич! - деді чиновник бейне алдында Волдырев тұрмағандай, бет алды дауыстай сөйлеп, - Ялыков көпес келсе айта салшы, арызының көшірмесін полицияға куәландырсын! Мың мәртебе айтқанмын өзіне!

— Мен княгиня Гугулинаның мұрагерлерімен дауым туралы келіп едім, - деді Волдырев міңгірлеп. - Өзіңізге белгілі жұмыс қой. Менің сөзіме құлақ салуыңызды қатты өтінер едім. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Баянда ойналған әуен


Қожабақы ауылы жайлы ертеректе шыққан "Сағындым сені, Арандым" деп аталатын ән бар. Бұл - ауыл жайлы ән.

Аранды - бұлардың ауылының тұсындағы қырдың аты. Аранды қыры ауылдың төлқұжаты секілді. Ауыл сол қырдың етегінде жатыр.
Өзінің де бір өлеңінде жазғаны бар еді:

Аранды қыр - даланың тауы мұнда-ай,
Дарқан мінез даладай қауымыңда-ай.
Биігіңнен көз салсам атырабыңа,
Қожабақы көлбейді бауырыңда-ай.

Аранды жайлы әннің сазгері Досекең мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі болып істеді. Аталмыш әнді шығарған автор. Өлеңін ауылдан шыққан ақын-журналист азамат жазған. Кейіннен аудандық баспасөз саласына ауысып, Қазалы аудандық "Қазалы" газетінде жауапты қызметтер атқарған бұл азамат ол кезде ауылда арнаулы орта білімді дәрігер болып істеген.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қазақстанның жаһандық бастамалардағы рөлі

Қазақ халқы білектің күшімен, найзаның ұшымен тәуеліздікке қол жеткізген сәттен бері көптеген тарихи оқиғаларды бастан кешірді. Жас мемлекетіміз қысылтаяң кезеңдерден тайсалмай өтіп, саяси, экономикалық тұрғыдан көптеген жетістіктерге жетіп, қазіргі таңда әлемдік сахнадан ойып аларлықтай беделді орынға ие. Бұл, әрине, Президентіміз - Н. Назарбаевтың көреген саясатының арқасы деп білемін. Өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Елбасының ғаламдық маңызы зор бастамалары мемлекетіміздің дамуына үлкен ықпалын тигізіп, халықаралық кең жаңғырық тапты әрі мойындалды.

Cолардың бірі де бірегейі, 1991 жылы ҚР президентінің жарлығымен Семей полигоны жабылып, Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды. Мысалы, әлемде ядролық қарусызданған тек 5 аймақ бар. Солардың қатарында «Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ» келісімшарты осыдан он жыл бұрын қабылданған еді. Семей полигоны әлем бойынша 4 орын иеленгеніне қарамастан, мұндай шешім қабылдау әркімнің қолынан келе бермейтіні сөзсіз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0