Әңгімелер

Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Тышқанның өсиеті)

Тышқан баласына оңашада үйретіпті: Адам деген мықты жауымыз бар, ағаштан қақпан құрып, үстіне ғана май байлап қояды, соны жеймін деп барсаң, қақпан ұстап алады, балам, соған жолай көрме, — деп. Бір күні әлгі баласы ойнап жүріп, майдың исі шыққан соң, неғылып қойған екен деп, қасына жоламай, алыстан сығалап қана қараса......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Мағауин | Бір атаның балалары


Он сегізден тірі қалған үшеу туралы орыс әні көпке мәлім. Тарихын естіген жұрттың бәрі көзіне жас алады.

Мен жалғыз баласынан соғыста айрылған кемпір-шалдың үйінен 1942 жылы көктемде түсірілген сурет көрдім. Әскерге жаңа алынған ауыл жастары. Қасап қырғыннан алпыс жетінің үшеуі ғана аман қайтыпты...

Мен оларды көргем жоқ, олармен бірге жүргем жоқ. Олар туралы жаза алмаймын. Бірақ мен сол қыршын ерлердің панасыз қалған кәрі ата-аналарын білем, жетім қалған жас балаларын білем. Туып үлгермеген нәрестелерінің қазір неше жасқа келетінін, қандай азамат болатынын білем...

Осы шағын дүниені фашизм құрбандарының туып жетім қалған, тумай жарығы өшкен сәбилерінің рухына арнаймын. Өлгендеріне тастаған бір уыс топырағым, тірілеріне жанын жұбатар бір шумақ жырым.

Автор

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша әңгіме: Бейімбет Майлин (Түйебай)

Біздің ауылдың жайлауы Қоржынтомар дейтін жер. Қоржынтомар екі жағы қоржын секілді бүйірлі, ортасы үзіліс -алшақ. Томардың ортасы Қүрақты көл; біздің ауыл ылғи күншығыс жағында отырады. Ауыл отыратын жағында томардың кезең суаты бар. Бала-шаға күн ұзаққа сол суатқа суға түсіп, ішіміздегі бойшандарымыз орталықтағы құраққа да барады; ең жаңа көшіп келген әзірде, құрақтың ішінде, ескі қамыс саңылтырларды судың бетіне жинап үйіп, шағала жұмыртқа.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Есенберлин | Алтын құс

Қозғалмай шалқамнан жатқаныма бір жетіден асып кетті. Көзімді ашып жан-жағыма қараймын. Аурухана бөлмесінің іші мұнтаздай тап-таза. Қабырғасы да, төсек орным да, терезеге ұстаған пердесі де — бәрі де аппақ. Аққудың үлпе жүнінде көзге жұмсақ. Осы айнадай таза ақ бөлменің сүреңіне сән бергісі келгендей ашық терезеден көгере бастаған жас қайыңның бұтақтары қарап тұр. Жасыл жапырақтары желмен ойнап әлсін-әлсін сылдыр қағады. Кенет бабына келтіре салған бұлбұл әні сұлу үнге ділгер жанымды кәнігі етеді...

Мен езу тартып күлімсіреймін. «Тәубе, тәубе! Өмірдегі ең қуанышты сол секундімде осынау шат дүниені қайта көре алмай өліп кетуім мүмкін екен-ау! Қуанышта да ажал бар деп кім ойлаған! Жасың келген соң, жар басында тұрған адам тақылеттес болады екенсің. Аяғыңды сәл мүлт бассаң, шыңырауға зымырай жөнелесің. Мен де сол қауіпке душар бола жаздаппын ғой». Иә, ажал деген қақпаннан бұ жолы да құтылып кеттім. Қақпан қанша тарс жабылғанмен, өткір жүзінің әлі жетпей қалды. Тағы да босатып жіберді. Енді мен көзімді жұмып сәл ойлана қаламын. Сол-ақ екен көз алдымда сол күнгі сурет елестей жөнелді.

Иә, сол күні мен жиырма бес жыл бойы мойныма таққан тұмардай жүрегімнің түбінде арман болып сақталып келген Ақбаянмен кездестім. Электр қоңырауын басып едім, есікті өзі ашты.

— Келдің бе? — деді үлкен бота кезін күлімдете. Сөйтті де, қынай белді сұңғақ денесін ырғалта, оқтаудай жұп-жұмыр, түп-түзу аяқтарын былқ-сылқ басып, қолымнан ұстап мені қонақ бөлмесіне қарай жетектей жөнелді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Енеме алғыс хат

Өмірде тек алғыстан басқа айтарың жоқ адамдар болады. Тіпті бұл дүниеден озған, арамызда жоқ адамдардың тіршілігіндегі қам-қарекеті, жарқын бейнесі, жақсылығы үнемі есімізде сақталады. Мұндай естеліктерді уақыт өзі қайта оралтып, жадымызда жаңғыртып отырады. Позитивті психологияда «Алғыс хат» деп аталатын тәсіл бар.

Міне, бүгін мен сіздерді осындай уақыт табы жаншымаған, ой-санадан жұтылмаған, ризашылыққа толы мөлтек сыр айтылатын «Алғыс хаттың» мазмұнымен таныстырмақпын. Әрбір әйел адамның түрлі өзгерістерге....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Тәкәпәршілік)

Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша әңгіме: Жүсіпбек Аймауытов (Әнші)

Жетішатыр — жақсы қала.
Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы — қымыз, ойын-сауық —«кататься». Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем, Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса пароход, паром, желқайық,жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гуләйтсоққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней...Қызық думан... Қайткенмен.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Полкан деген ит)

Біз оқып жүрген шағымызда, ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген зор ит бар еді. Терезеден қарап тұрғанымызда, әлгі Полканға бір кішкентай қанден ит келіп, өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Айуанның естісі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ)

Ит адамға шын дос жануар. Дүние жүзінде иттің неше атасының ұлы бар: біреуі қора, біреуі үй күзетеді, біреуі малшы орнына мал бағады, біреуі аң, құс алып береді, біреулері, тіпті, ат орнына жегіліп те жүріледі; бұлардың бәрін де екінші кітапта уақытымен айтармыз.
Англия жұртының ең үлкен Лондон деген қаласында өрт....
Әңгімелер
Толық
0 0