Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушыларды көптілділікке бейімдеп келемін. Тіл –қарым-қатынас жасаудың негізгі құралы. Сондықтан, оқушылардың сауатты, нақты сөйлесуі үшін білім беру керек. Білім диалог арқылы беріледі. Оқушылардың сабақ барысында жасаған өзара байланысты, келіспеушілікті қабылдау деңгейін білдіреді. Сыныпта жасаған жұмыстары диалогпен жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және сыныптастарымен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген диалогтарға қатысуға мүмкіндік беріледі. Олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді орынды қолдануына, өз болашақ мамандығында тәжірибесінен өткізуіне жол ашады.
Диалог қолданғанда мұғалімнің көмегі арқылы үш тілді бірдей меңгертіп отыруға болады. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздердің аудармаларын тауып, оларды тәжірибеде қалай қолдануға болатындығы түсіндіріледі. Өздері қолданған негізгі сөздердің орысша, ағылшынша аудармаларын біліп отырады. Бұл тәсілді жаңа сөздерді қайталағанда жиі қолданамыз.Диалогтік оқыту – қарым – қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар екі жақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс. Диалог барысында оқушылар мен мұғалімдері келісілген нәтижеге жету үшін күш- жігерін жұмсайтын, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестіктер болып табылады. Пікір алмасу – оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Диалогтік оқыту тәсілімен мұғалім төмендегідей жетістіктерге жетеді:
Оқушылар тақырып бойынша сөйлеуге ынталанады;
Оқушылардың мемлекеттік тілді үйренуге деген шынайы қызығушылығы артады;
Тіл біліміне құштарлығы дамиды;
Халықаралық деңгейдегі мамандық таңдауға талпынады;
Сөздердің мағынасын зерттеуге ынталанады;
Оқушылар сын тұрғысынан ойлауыға дағдыланады;
Оқушылар өзгелердің пікірін құрметтеуге үйренеді;
Бір-бірінен үйренуге және бір-біріне үйретуге дағдыланады;
Алда кездесетін кедергілерді жеңуге үйренеді.
Б.Момышұлы «Тіл дегеніміз - қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.» - дегеніндей, тіл – әрбір адамзаттың ұлттық абыройы мен болмысы. Ал, көптілділік – болашақ азаматтардың үш тілде бірдей сауатты сөйлеуі, ойлауы. Қажет болған жағдайда алма-кезек қолдана білуі. Бұл бүгінгі заман талабы. Ал біз осы заманға сай азамат тәрбиелеп шығаруымыз қажет. Сол себепті «заманың түлкі болса, тазы боп шап», деген мақалды ұрандатып келемін.
Қазақ тілі,
орыс тілі және ағылшын тілін жетік меңгеру болашақ ұрпағымыздың жеке тұлғалық және кәсіби деңгейін арттырады. Ал біздің түлектерімізге көп тілді меңгеру өте қажет, өйткені олардың басым бөлігі әлеуметтік тұрмысқа қажетті мамандықтарды таңдайды. Үш тілді бірдей үйрету барысында біз әлеуметтік жағдайға байланысты мәселелерді көбірек қарастырамыз. Мысалы: аспаз, шаштараз, сауда-саттық, өнеркәсіп мамандықтарын халықаралық деңгейде пайдалануға бағыттау. Осылай көптілділік адамның кәсіби ажырамас бөлігіне айналып отырады. Оқушыларда мақсатқа жету және тәжірибе алу шарты туындайды.
Заманауи технологиялар мұғалімнің оқушыларын диалогтік оқытуы арқылы, ал оқушыларда дербестік және жауапкершілік сезімін қалыптастыруда қалыптасады. Аталған әдіс арқылы оқушылардың іскерлігін және білім алуын епті басқаруға болады.
Сөзімнің соңын Дистервегтің «Жаман
ұстаз шындықты ұсынады, жақсы
ұстаз оны іздеп табады» деген сөзімен аяқтағым кеп тұр. Мұғалім ол үшін өзі де педагогикалық біліктілікті меңгеруі, шығармашыл болуы қажет.
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы
"№4 жалпы білім беретін
мектеп-интернаты" КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ташпулатова Акмарал Унарбаевна
.....