Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Қарға мен сауысқан)

Ала сауысқан бір бұтақтан бір бұтаққа қонып, тынбай шиқылдай беріпті. Қасындағы құзғын-қарға үндемей отырыпты-мыс. Сонда сауысқан:
— Қарға тамыр, сен неге үндемейсің, әлде менің айтқан сөздеріме нанбай отырмысың? — депті.
Оған қарға айтты дейді:
— Рас, сауысқан мырза, еркін сөзіңе наныңқырамаймын. Саны-сапасы жоқ көп сөйлеген мылжың шын сөзді азайтады деп білемін, — депті-міс.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: