Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Бір уыс мақта)
![Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Бір уыс мақта)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-04/1461001790_8376aace7af18ea8cafa499d7e69a6ec_l.jpg)
– Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отыр екен, шешесi қасына отырып, ақыл айтты:
– Балам, дүниедегi жаратылған жанды-жансыздардың ешқайсысының да керексiз болып, жерде қалатыны болмайды, – деп. Сол сөздi айтып отырғанда, қыз бала киiмiн жамап болып, жердегi мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:
– Әже, осы қиқымның еш нәрсеге керегi бола қалмас, – деп.
Шешесi:
– Балам, сол да жерде қалмайды, – дедi. Осылайша сөйлесiп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтерiп ұшырды, мұны бiр торғай көрiп қуып барып, мақтаны тұмсығына тiстеп қана алып, ұшып кеттi. Қыз әжесiнен:
– Манағы мақтаның қиқымын бiр торғай алып кеттi, оны неғылады? – деп сұрады. Әжесi айтты:
– Көрдiң бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздiң келгенiн. Ол кiшкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етедi, – дедi.

![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Аурудан - аяған күштірек)
» Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Жаман жолдас)
» Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш)
» Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Бай мен жарлы баласы)
» Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Әке мен бала + видео)

Іздеп көріңіз: