Ғибратты әңгіме: Үшбұрыш пен Төртбұрыш

Ғибратты әңгіме: Үшбұрыш пен Төртбұрыш

Үшбұрыш пен Төртбұрыш тәжікелесіп қалды.
- Текке таласып қайтесің! Бәрібір сенен менің бір бұрышым артық! – деді Төртбұрыш.
- Одан не пайда? – деді Үшбұрыш. – Керісінше, бұрышың неғұрлым көп болса, соғұрлым өзіңе қиын болады.
- Міне бұл тауып айтылған сөз! – деді домаланған Жұмыр Шар. – Маған жұрт қай жағымнан келерді білмейді. Мысалы... «Сегіз қырлы, бір сырлы» болам деп армандаудың заманы баяғыда өткен. Меніңше қырлылар емес, қырсыздар бақытты бүгінде!
- Круглый Дурак! – деді ыза болған Төртбұрыш, қалай орысша сөйлеп кеткенін өзі де байқамай.
(Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә» кітабынан)
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғибратты сөздер, ғибрат сөздер, гибратты ангимелер, гибратты ангимелер вк, гибрат ангимелер Ғибратты әңгіме: Үшбұрыш пен Төртбұрыш

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]