Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Іні

Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Іні

- Әкеңнің кіші інісі ол бала сауатты бұғалдір болды, - дейді апасы.

- Қайбір жылы Жамбыл жаққа да барып қызмет істеп қайтты. Сонда Жамбылдың жігіттері жақсы сыйлаған деп отыратын білетін жұрт. Өзі жақсы болса, қай жердің жігіттері де сыйлайды ғой. Бәрі бір қазақтың баласы емес пе? Ана үлкен ұлына Байқадам деп ат қойса, сол жамбылдықтардың құрметіне қойылған есім. Жамбылдың Байқадам деген жері бар екен.Осы күні гармонь ойнап отырасың ғой. Ана бөлмеде гармонь ойнап отырасың. Соны мына бөлмеде жатып тыңдап жатамын ойнап отырғаныңды. Сол бала ойнаушы еді гармоньды. Ол баланың өзі мінезі тентек болды. Бірақ ағасына қарсы бір ауыз сөйлемейтін. Әкең қызметінен келіп, түсте демалып жатады ғой. Ол гармоньның даусын жақтыртпайды. "Әй, құртшы ана бәлені!" Сонда ана бала гармонын құшақтаған күйі лып етіп ұшып тұрады. Далаға шығып, көгал шөптің үстінде отырып ойнап отыратын. Сондай құмар еді гармоньға.

Бірде, ондай-ондай болады ғой бойдақ балада, жолдастарымен болған ғой, ұрттап келіпті. Әкең соған шартта-шұрт ашуланды. Ол қамшы ұстайды ғой. Соғыстан кейін де қызмет істеген жігіттер қызметті атқа мініп жүріп істеген. Шар етіп білегіне жабысасың ғой. Ол әйелді тыңдай ма? Сонда деймін-ау, ой құдай-ай десейші, өзінің қыста киетін қалың қара тоны бар еді. Сол тонды жұлып алды да, ана бала жеңі шолақ көйлекпен жүрген бала ғой, арқасына жауып жіберіп, тонның сыртынан шарт-шарт еткізіп ашуын шығарып алды да, қамшысын лақтырып жіберді. Қанша ашу қысып тұрса да, інімнің арқасын қамшы осып кетпесін деп жатыр ғой. Бауыр ғой, қайтсін енді, бірге туған.

- Әкем дүние салған күні ол кісі көп жылады ғой.

- Ойбой, жыламай қайтсін? Бауыр емес пе, бір әке, бір анадан туып отырған.

- Үлкендер қойғыза алмады. Сосын ұрысты. "Ау, сен деген балалы-шағалы болып отырған жігіт емессің бе? Балаларды жылата бересің ғой енді. Сен кішкене өз-өзіңе тоқтау салсайшы, - деді. Сонда да ауызғы бөлмедегі ескі кереуеттің үстінде отырып алып, көпке дейін солқылдап жылап отырды.

- Бұлардың көрген қиындықтары естерінде тұрады ғой. Үшеуі бірдей соғыстың алдында жетім қалған. Үлкені сенің әкеңді соғысқа алып кеткен. Бұларды жетім өсіп жетілген деп айтатыны содан жұрттың. Үшеуі де бірдей қызметке аяқ іліктіріп кетті дейді. Үшеуі де бірдей дүние жинады, үшеуі де бірдей кітап жинады. Ана екі баланың үйі де кітаптан көрінбейді ғой осы, барсаң. Ана әкеңнің үлкен інісі - мұғалім бала қайбір жылы Алматыда ауруханада жатты. Сонда ағасына хат жаза беретін. "Үш үйдің балдарын бір бөлмеге қама, - дейді. - Қамап өсір". Ағайынды үш жігіттің балдары бір-біріне жат болып кетпесін дейді ғой. Соны ойлап жатады сонда жатып. - Сен әкеңнің өлген күнін білетін бе едің? Онда деген сен кішкентай бала емес пе едің?! - Білемін.

Facebook

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Ғабиден Қожахмет Іні туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ғабиден Қожахмет Іні на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]