Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Сыныпта
Мұғалім үстелі мен орындығын балаларға темір пештің жанына жылжытқызып қойдырып алды. Сөйтті де, өзі сол жерге отырып алып сабағын беріп отырды.
Осы кезде мектептің завучы сыныптарды аралап жүр еді. Кезек осы сыныпқа келді. Завуч есікті ашып көрді де, өз көзіне өзі сенбеді. Мұғалімнің үстелі мен орындығы жоқ еді. Завуч ішке бас сұқты. Сонан соң пештің жанында отырған мұғалімді көрді.
- Мұның не? - деді завуч ренжіп. - Үстел мен орындықты орнынан неге жылжытасың?
- Онда тұрған не бар? - деді мұғалім аспай-саспай тура бір завучтың қитығына тигендей. - Кластың ішінде отырмын ғой. Кластың қай жерінде отырып сабақ берсем де дауысым, әйтеуір, балаларға естіліп тұрса болды емес пе?
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: