Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Әуеннің үні

Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Әуеннің үні


Ол әскери борышын Ауғанда өтепті. Ән салатын. Аспапты бауырына жиып алған күйі құныса түседі. Сонан соң әуеден әлдебір дыбыстарды тың тыңдағандай күй кешетіні бар. Бірде осылай аспапта ойнап отырып, оны қабырғаға сүйей салды да:

- Ол шаршап тұр, - деді.

- Музыкалық аспап та шаршайды ма?

- Неге шаршамасын? - деді ол. - Мұны аспаптың құлақ күйі келмей тұр дегенмен шатастыруға болмайды. Мен оның құлақ күйін келтірдім. Бірақ ол ән салғысы келіп тұрған жоқ. Демек, оның көңіл күйі болмай тұр деген сөз. Сондықтан оған тыныштық беру керек.

- Соғыс деген қандай болады екен? - деп сұрайды одан.

- Соғыс деген заманақыр, - дейді ол мұндайда. - Заманақыр соғыс деген. Оған одан басқа қандай теңеу ойлап табуға болады?

- Маған түсініксіз жағдайлар әскерден келгеннен кейін барып орын алды, - дейді ол. - Менің келу құрметіме үйде жұрт қуанышқа жиналған еді. "Мына жұрт неге қуанып жатыр? - деймін мен. - Олар неге күледі? Олар онда не болып жатқанын білмейді ғой". Жігіттер иықтан қағады. "Әу, оянсайшы, жігітім! Мұнда қыздар келіп жатыр ғой". Мені еш нәрсе қызықтырмай қалды. Соғыстың зардабы ғой, - дейді ол.

Ол ән салып отырып, әсіресе, осы бір әнді жиі айтатын.

Ажарың көктемдегі ашық таңдай,
Жанарың түскен жанды жасытқандай.
Жасыңнан жалын шашып жарқ еткенде
Қалады қандай жігіт ғашық болмай.

Өзін солдатпын деп есептеді. Сол сөзді мақтаныш тұтты. Және өмірдегі әр ер-азамат өзін солдат сезіну керек деп те айта беретін.


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Ғабиден Қожахмет Әуеннің үні туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ғабиден Қожахмет Әуеннің үні на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]