Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мектебінің өткенін де ұлықтап Бүгінінен білім іздер жас ұрпақ

Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет |  Мектебінің өткенін де ұлықтап Бүгінінен білім іздер жас ұрпақ

Мектебінің өткенін де ұлықтап,
Бүгінінен білім іздер жас ұрпақ

Қазалы ауданындағы №25 орта мектебінің іргетасы орта мектеп ретінде 1947 жылдан бастап қаланған. Мектепті 1947-1949 жылдар аралығында Мүлкібаев басқарды. 1949-1953 жылдар аралығында Хайруллаев Жәрмедет, 1953-1959 жылдар аралығында Бәкешов Қожабай, 1959-1965 жылдар аралығында Қожабаев Молдабай, 1966-1968 жылдар аралығында Қартбаев Аяп, 1968-1976 жылдар аралығында Нағашыбаев Іскендір, 1976-1985 жылдар аралығында Есетов Амангелді мектеп басшылары болды. 1985 жылдан бастап осы кезеңге дейін мектепке Темірбаев Алмас басшылық жасайды.

Мектеп тарихында мектепті әр кезеңде 7 түлегі алтын медальға бітіріп шыққан. Қарамолдаев Алпысбай, Нұрмағамбетова Света, Қошқарбаев Айнұр, Дәленов Бекболат, Нұржігітов Абдулла, Алмағамбетова Балапан, Бекжанов Дархан.

Мектепті әр кезеңде 4 түлегі күміс медальға бітіріп шыққан. Дәулеткерімов Әби, Жаманбаев Алмас, Бекжанова Айгүл, Сахиева Сандуғаш.

Мектепті әр жылдарда 10 түлегі "Үздік аттестатпен" бітірген. Айтжанова Қаламқас, Сапарова Жазира, Қуатәлиева Құралай, Рзағазиева Гүлхан, Махмутова Мөлдір, Бекжанова Эльмира, Мәлікова Толқын, Жалмағамбетова Бота, Мәменова Балдырған, Бектұрған Таңшолпан.

Мектептің алғашқы "Алтын белгі" иегері Қазалы ауданындағы ауыл мектептері арасынан шыққан тұңғыш "Алтын белгі" иегері болды. Мектептен осы кезеңге дейін әр жылдарда 4 "Алтын белгі" иегері ұшып шықты. Әжімұрат Айнұр, Өтетілеуова Гүлназым, Қантай Таңсамал, Мұқан Динара.

Мектеп тарихында бір шәкірті - Мәменова Балдырған тарихтан әр кезеңде үш мәрте облыстық ғылыми жобалар жарысының жүлдегері атанған. II, III орындар иегері. Жетекшісі - тарих пәнінің мұғалімі Қосбармақова Гүлбағида.

Мектеп тарихында мектептің бір шәкірті республикалық ғылыми жобалар жарысына қатысқан. Аудан мектептерінің арасынан әдебиеттен ресубликалық ғылыми жобалар жарысының тұңғыш қатысушысы әрі жүлдегері, II орын иегері - Байназарова Гүлайым. Жетекшісі - Ғабиден Қожахмет.

Мектептің өз әні бар. Мектептің 50-түлектерін ұшыру құрметіне арналып жазылған "Қожабақы мектебінің вальсі" әнінің авторы - өзі де осы мектептің түлегі, сазгер Кемеңгер Өтеп. Өлеңін жазған - Ғабиден Қожахмет.

Тарихы 70 жылға қараған мектеп биыл өзінің 67-түлектерін қанат қақтырмақ. Бұл түлектердің ішінде де мектептің бір "Алтын белгіге" үміткері бар.

Мектеп жайлы айта алдық па біз ұға,
Шәкіртіне қарайтын ел қызыға.
"25-тен едім" дейтін ұлы да,
"25-тен едім" дейтін қызы да.

Мектебінің білім атты гүл бағы
Дайындап еді, берді өмірге тұлғаны.
"25-те оқығам" дейді сондықтан
Әр шәкірті - қыздары мен ұлдары.

Әр түлектің еңбегі еткен бағалы
Мектебінің есінде әр кез қалады.
Талай білім сынағында еңкеймей
Жиырма бестің биік тұрған жалауы.

Талай шәкірт өткеніне қараған
Шығармайды өз мектебін санадан.
Жиырма бес те спортта, өнер, білімде
Мықтылардың алдын талай ораған.

Ұстаз аты, ғажап едің сен неткен!
Табыс жолы алынбайды еш ертектен.
Бұл жерде де талай ұстаз бала үшін
Еңбек еткен, тыншымастан тер төккен.

Қожабақы - киелі ол да ел еді,
Артқы толқын алдыңғыға ереді.
Сол дәстүрмен болашаққа ұмтылып
XXI-дің жас ұрпағы келеді.

Күтсін дейді ел жас ұрпақты таң күліп,
Жетелейді болашақ деп алға үміт.
Алда - асулар, ал санада мектептің
Тарихы да тұра береді жаңғырып.


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Ғабиден Қожахмет Мектебінің өткенін де ұлықтап Бүгінінен білім іздер жас ұрпақ туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ғабиден Қожахмет Мектебінің өткенін де ұлықтап Бүгінінен білім іздер жас ұрпақ на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]