Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Бөкеннің абыройы
Бөкеннің бір мінезі кімнің жанына жақын жүрсем, абыройды көбірек жинаймын, кімнің жанында көбірек сөйлесіп тұрсам, абыройлы көрініп тұрамын, кіммен байланыс орнатсам, абыройым асқақтай түседі деп жүруші еді. Кейде осы адам баласын алалағандай болғаным несі деп Бөкен өз-өзіне іштей ренжісе де, бала кезден қалыптасып кеткен осы әдетін қоя алмады.
Бөкен дәл қазір клубқа концертке келіп тұр. Бірақ концертке кірместен бұрын клубтың есігінен сығалап, кімнің жанында отырсам, абыройды көбірек жинаймын деп ойланып тұр. Көпшілік жинала бастаса да, концерт әлі бастала қоймаған кез. Бөкен сондықтан асықпай ойланып тұр. Көзі алдымен алдыңғы орындықта отырған Нүкеңе түсті. Нүкең - ел ағасы болып жүрген азамат. Нүкеңнің жанында отырғаннан абыройсыз бола қоймас еді. Бірақ Нүкеңнің өзі "әй, Бөкен, бері кел, менің жаныма отыр" деп шақырып жатпағасын, Нүкеңдей адамдардың жанына барып, әй жоқ, шәй жоқ, жайғаса кеткені абырой бола қояр ма екен? Мұндайда Нүкең не ойлайды, қарап отырған сырт жұрт не ойлайды? Жоқ, отыра алмас. Нүкеңдей кісілерге жақындау жүрудің де бір ыңғайы келер. Бөкен осылай ойланып тұрып, көзімен балуан жігіт Сейтекті де, дәрігер жігіт Қапарды да, сатушы кербез келіншек Ақбілекті де, кішілерге үнемі тәлім айтып жүретін құрметті демалыстағы зейнеткер Салиха апайды да, мұғалім жігіт Зейнелді де, өзімен құрдас есепші Халидолланы да бір-бір шолып өтті. Бәрінің де жанында отырғаннан абыройсыз бола қоймас еді.
Бөкеннің көзі кенет Алуаға түсе кетті. Алуа десе, Алуа. Алуа - сүп-сүйкімді әп-әдемі қыз. Алуаның жанында отырғаннан абыройсыз болмас еді. Бөкен енді осы концерттен кейін Алуамен көше бойлап қыдырып бара жатқан сәтін көз алдына елестетті. Екеуі бір шоқ талдың түбіне аялдапты. Бөкен қиялымен Алуаның білегінен ұстап өзіне қарай икемдей бергені сол еді, осы кезде біреу Бөкенді құйрығынан тізесімен ыңқ еткізіп бір тепкені. Аңдаусыз тұрған Бөкен етпетінен жығыла жаздады. Артына жалт бұрылып қарағанда жұрт "жынды Жұмахан" деп атап кеткен жігітті көрді.
- Не істеп тұрсың?! - деді Жұмахан Бөкенге түсін суыта қарап. - Тағы да сол кімнің жанында отырсам, абыройды көбірек жинаймын деп ішкі есебіңді құрып тұрсың ба?!
Жұмахан Бөкенді шеңгелдей түсті.
- Қой деймін, Жұма! Қой! Көйлегімді жыртасың, Жұма!
Жұмахан оған қараған жоқ.
- Жүр! Бүгін концертте менің жаныма отырасың! - деді Жұмахан.
Сөйтті де, Бөкенді ішке қарай дырылдатып сүйрей жөнелді.
- Қоя бер деймін, Жұма! Абыройымды төгесің!
- Сенің бүйтіп әркімге көзіңді сатып жүріп жинаған абыройыңды ұрғаным! - деді Жұмахан.
Бөкенге енді тек жұрттың көзінше Жұмаханмен әзілдесіп келе жатқандай көрініп, Жұмаханның бетіне қарап ыржалақтай беруден басқа шарасы қалмады. Бірақ екі аяғы дедектеп келе жатты.
Жұмахан сол күйі клубтың артқы орындығына беттеді. Әуелі орындыққа өзі жайғасты да, жанына Бөкенді бір-ақ тартып сылқ еткізді.
Бөкен сол күні Жұмаханның жанында отырып концерт

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: