Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Жолда
Таласа-тармаса ішке енген ол билетінде көрсетілген орында жақ жүні үрпиген шүйкедей шал отырғанын көрген сәтте: «Ата, андағы орын менікі»,- деді билетін көрсетіп. Шал болса мұны оқты көзімен өңмеңінен ата қолындағы зерлі таяғын селтең еткізіп: «Құры, су мұрын неме!» –деді зілдене ақырып. Сейіт амалсыздан кері шегінді. Ал бұл кезде іші адамға сықай толған кішкене Пазик ырғала қозғалып, қала көшелерін артқа тастап, тас жолға ілікті. Автобус орындығына жайғасқандардан тік тұрғандардың саны көп болмаса аз емес еді. Сейіт те солардың қатарында. Бұл Сейіттің Павлодар сияқты ірі қалаға алғаш келуі. Алғашқысында он үш жасында: «Ақыры қаланы да көрдім-ау!» – деп масаттанған. Қаланың аты қала ғой. Біздің айнала тау қоршаған құлаққа ұрған танадай бар болғаны бір-екі үш үйлі Қарақуыс емес бұл. Үйлері қандай биік! Сәнді киінген адамдар, әсіресе балалар... Қайда барам десең құстай ұшып алып баратын такси, қаздай тізілген автобустар...Тек сол сәт күн өтпей жатып өзінің осы ойынан айнып шыға келетінін білген жоқ еді. Жоқ...Жоқ... Ол тіптен де тұрақсыз бала емес. Тек әр нәрсеге сын көзімен қарайтыны болмаса. Алғашқы ой ағыны іркілген тұста қалада да қайнап жатқан қызық жоқ екенін, тек жалғыз үйлі ауылдағыдан мұнда ерсілі-қарсылы ағылған әртүрлі маркалы машиналар, ауыл адамдары жиі міне бермейтін таксилері мен автобустар болмаса. Ал бір-бірімен құшақтаса қол алысып, емен-жарқын әңгімелесіп келе жатқан адамдардың жоқтың қасы екен. Ал мұнда жөн сұрап, жол табамын деу ағаттық екен. Мұның: «Ағатай, кітап дүкенін көрсетіп жібермес пе екенсіз?» – деген сауалына көбі йықтарын қиқаң еткізген. Тек бір әйел: «Жүр, айналайын, мен де сонда бара жатыр едім», –деп ертіп апарды.
– Қазақша бесінші сыныптың оқулықтары керек еді?
– Әзірше түскен жоқ, түсуі де екіталай, – деді оған сатушы. Қалың дәптердің қанша тұратынын қараған– қымбат екен.
Мұндай ақша Сейітте қайдан болсын? Ол кітап дүкенінен шыға салысымен, жаяу жалпы автобекетке келіп, келер күнге билет алды. Сонысы ақыл болған екен.
– Өй, өгіздей өңкілдеген неме, көзіңе қара деймін, аяғымды жаншып... – осылай деп ышқына айқалаған әлдекім мұның алдында тұрған таудай әйелді итеріп қалғанда, дауыл ұрып, сынып түскен теректей тұрған орнынан гүрс етіп құлауға шақ қалған. Оның екпінімен бұл барып автобустың қабырғасына маңдайы сарт етіп соғылып, есеңгіреп қалды. Есін жиған тұста байқағаны маңдайы білеудей болып шыға келген екен. Жолаушы әйелдердің бірі мұны қасына шақырып: «Мен орынға... –оның сөзін абыр-дабырдан шошып оянған жас баланың шырылдай жылаған даусы бөлді. –Тоқтат әкеңді...». Сол сәт Сейіт мана өзіне зерлі таяғын шошаңдатқан шүйкедей шал онан әрман шырылдап, тынышталар түрі болмаған.
– Өшір үнін, өшірмейді екенсің ажалы менен!
– Әбілжанның әкесі-ау, қойыңызшы енді! Бір жолғы ашуыңызды маған беріңізші! –деп жанындағы кемпір кемсеңдеп жыламсырады .
Сол сәт әлдекімнің:
–Е-е, бұл әлгі біздің ауылда тұратын контужный шал ғой. Ойбай бұл пәле көтеріліп кетсе... Сол сәт шалдың: «Құй анауыңнан!» – деген әмірлі үні естілді. Әлден соң: «Прощай Сталинград!..Прощай комбат!..» –деген әлдебір әнді әуелете беріп, кілт үзілді, іле қорылдаған дауыс естілді. Ақыры, Майқайыңның да қарасы көрінді-ау. Бұл сәтте Сейіттің маңдайы талаулай ісіп, шанши бастаған.
–Ал орныңнан айрылып қалма,- деді бейтаныс жолаушы әйел автобустан түсіп бара жатып.
– «Көргенімнен көрмегенім Рахметолла көп екен» деген осы болар. Манағы жол мына жолға қарағанда әлдеқайда жақсы еді,-деп тіл қатты қатар отырған жолаушы әйел. Бірлікке бара жатыр едім, алыс па? – деп сұрады.
– Білмедім.
– Өзің қайда барасың?
– Баянға.
Сейіт әлден соң қалғи бастады. Оны әлдекімдердің:
–Мына баланың біздей әке-шешесі жоқ дейсің бе? Бар, әрине, бар, – деген дауыстарынан оянып көзін ашты.
–Бізге орнын бермес дейсің бе? Әрине береді.Сол сәт Сейіт бұлардан қалай құтылудың амалын ойлады. Кенет өзінің мектеп сахнасында әртүрлі адамдардың рөлін ойнайтыны, өздері интернатта оңаша қалғанда мектептің қарсы алдында тұратын ішкіш орыс шалын бейнелеп, балаларды қыран күлкіге батыратыны есіне түсе кетті. Енді ол сол шалдың кейпіне кіріп:
–А-а-а!-деген ақыра сөйлеп. –Ты знаешь где гастроном? Быстро за жүз грамм! – деді тілін күрмелтіп.
– Чего–захотели? Содан соң кеңірдегін сұқ саусағымен шертіп: «Ты, старик, бұлардың шошып қалғанын аңғарған ол, –вон пока живи!» – деп ақырып жіберді. Шал мен кемпір бірін-бірі сүйрете –мүйрете жолдағыларды қаға-маға кері серпілді.
–Осының орнын сұрайық деген сен төбет емессің бе?
– Жоқ, сен қақбас неме! – деп ақырды шалы. Жаңағы бұдан жөн сұраған жолаушы әйел:
– Опыр-ай, өзің әртіс болуға лайықты екенсің, өздерін қатырдың-ау! Әлден соң алдында отырған жолаушылардың:
Көк желкемізде отырған ана баланы түрмеден босаған бұзық деп отыр. Алла сақтасын, сақ отырайық!
–Болса болар, ана маңдайындағы жара тегін дейсің бе?
Барлық ауыл адамдары сияқты бұлар да ақырын сөйлеп үйренбеген жандар екен. Әңгімелерін Сейіттің, тіпті оның көршісінің де құлақтары шалды. Екеуі бір-біріне жымиыса қарап мәз болды. Торайғырға келгенде шал мен кемпір автобустан түсті. Автобус күтіп тұрған қыздарды тоқтатып, мұны нұсқап, әлденелерді айтып жатты. Зайыры, мұны: «Түрмеден шыққан бұзық, сақ болыңдар!» – деп жатса керек. Сондықтан ба екен қыздар мұның алдындағы орындықтар бос тұрса да отыруға асықпады. Сейіт тек ертеңгісінде ғана үйіне жетті. Мұның маңдай тұсының күнтиіп ісіп тұрғанын көрген шешесінің зәресі ұшып кетіпті.
– Ойбай-ау, өзіңді қала...
Оның не дегісі келе жатқанын сезген Сейіт сөзін бөліп: «Мені ұруға, әсіресе қорқытуға кімге де болсын бір қап жан керек шығар»,- деген.
Орнын алмақ болған шал-кемпірдің зәрелерін қалай алғанын жыр қып айтқан. Әңгімесін айта отырып, шешесінің түріне барлай көз тігумен болды. Ол анасының жүзінен күлкінің ізін аңғара алмай, оның есесіне қабағы түсіп, ашу-ызасы келіп отырғанына дал болды. «Сонда қалай, сапарлас әйел тапқырлық, тіпті әртістік деп таныған өнерімді туған анам тиісінше бағаламай отырғаны қалай?» – деп күйінді.
Әлден соң ол:
–Тірі мені қойшы, әкеңнің аруағын жерге қараттың-ау, балам! – деді жүзі күреңітіп. –Әлдебір жолаушы әйел мені өзің әртіс болуға лайықты екенсің қатырдың-ау деп мақтады деуге ұялсаң етті! Сені сахна өнеріне баулып жүрген ұстазың өнеріңді шал -кемпірдің зәресін алуға пайдалан демеген болар. Кәрі саулықтың жасындай жасы қалған сол жандарды жәбірлейтіндей олар саған не жазды? Бірінің болмаса бірінің жүрегі ұстап қалса қайтер едің? Осы сауал оның санасында ұзақ жаңғырып тұрып алған. Тек әлдене деп жауап қатуға дәрменсіз еді. Оның есіне әкесінің: «Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар», – деп отыратыны оралған.
–Масқара-ай! Әлгілердің бірінің жүрегі ұстап қалса қайтер едім?.. – деп ойға берілген.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: