Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Бала шақты болашақ шақырады

Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Бала шақты болашақ шақырады


Ғабиден Қожахмет
Бала шақты болашақ шақырады
Әңгімелер / Мақалалар admin13.08.2016001656
Түлекке тілек

Құрметті мектеп бітіруші түлек! Сіз үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сіз дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан түлеп ұшқалы тұрсыз. Осыдан санаулы ғана жылдар бұрын сіз осы мектептің қастерлі табалдырығын жасқана да жүрексіне аттап, өзіңізге тәлім берер алғашқы ұстазыңызбен жүздесіп, білім нәріне бас қойған едіңіз. Содан бері ағын судай жылжыған жылдар легі сіздің өрісіңізді кеңейтті, бойыңызды қатайтты, топшыңызды бекітті. Сіз үшін осынау қимас ұяңызда жүрген сәтте, алдыңыздан күн сайын жаңалықтар легі ашылды, танымыңыз тереңдей түсті. Сіз мектеп партасында отырып, ұстаз аузынан естілген әрбір білім жаңалығының қабылдаушысы болып қана қойғаныңыз жоқ, сіз осынау сәттерде өзіңіз де мектебімізде өткізілген қаншама игілікті шаралардың белортасында жүрдіңіз, жарқын да мағыналы істердің жанашыр куәгері атандыңыз. Сіздің бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие егуді өзімнің жауапкершілік міндетім деп қана ұғатын барлық ұстаздарыңыз енді Сіздің дәл осындай биіктен көріне білгеніңізге қуанады. Сіз алдағы өміріңізде Абай атамыз айтқандай: "бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық" бола білсеңіз ғана өзіңіздің ұстаздарыңыз төгілген тер өтелді деп біледі. Сіз үшін бүгінгі қағылар соңғы қоңырау үні балдәурен балалығыңыздың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілгендігіңіздің ескертпесі сияқты. Сізге ендігі сәтте өз өмір айдыныңызды қалап алуға тура келеді. Осынау кезеңдерде өмір кемеңіздің желкенін еш уақытта түсірмеу үшін, сіздің бойыңыздан білім мен білік, батылдық табылатынына сенгіміз келеді. Сіз Елбасы армандаған мәңгілік болашақтың бүгінгі жас құрылысшысы екендігіңізді еш уақытта естен шығармаңыз.

Құрметті жас түлек!

Сіздің бүгінгі өмір айдынына аттанғалы тұрған мерекелі күніңіз құтты болсын! Сізге тек қана мықты денсаулық, сәтті сапар, мерейлі мақсат тілейміз. Аспаныңыз ашық болсын!

Мектеп әкімшілігі және мектеп ұжымы

Түлек сөзі

Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп түлектері! Қадірлі ата-аналар және кеш қонақтары! Әр кезде де мектеп өмірінде ұстаз үшін де, шәкірт үшін де аса қадірлі көрінер, соның ішінде ұстаздың да, шәкірттің де көңілін босатып, жан-жүйесін иер, сөйтіп бір беймаза толқынысқа түсіріп, көңіл құсын аспанға шарықтатар соңғы қоңырау салтанатының орны бөлек екендігі даусыз. Соңғы қоңырау. Қарапайым ғана естiлер осы бір сөзде, шындығына келгенде, қаншама тылсым да мағыналы құдірет жатқандығын аңдаған жан ғана түсінер. Өйткені бұл бала шәкірттің дана ұясынан жез қоңырау үнін соңғы рет есту сәті ғой. Солай десек, соңғы қоңырау балаң түлектің қимас көз жасы, солай десек, соңғы қоңырау талапты шәкірттің болашаққа деген іңкәр арманы, не дегенмен де ол шәкірттік өмірмен "қош-қош" айтқызып, азамат деп аталатын айбынды арғымақты ерттеп мінгізу.

Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбы-құрдастарым!

Мінеки, біз үшін қоңыраудың сиқырлы да сазды әуені соңғы рет ән салмақ. Және ол ән барлығымызды сонымен бірге өмір деп аталатын алып күре жолдың төскейіне шығарып салар. Бізді қаншама жыл оқытып, білім берген, тәрбие берген аяулы ана мектебіміз бен құрметті ұстаздарымыз іштей тілектестік білдіріп, сәт сапар тілеп қалар. Бәлкім, ұстаз көңiл толқыр және сол толқынысты сәтте де біздің барлығымыздың алдағы өмiр жолымызға жақсылық, тек қана жақсылықтар тілер.

Құрметті менің құрбыларым, достарым, мінеки, сіздерге деген осынша құрметтің жанында жауапкершілік деп аталатын жүгі қомақты нәрсе де қатар жүргенін байқап отырған шығарсыздар.

Қымбатты достар!

Мен сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, өмір деп аталатын алып күре жолда сүрінбеулеріңізге, тек қана сүрінбеулеріңізге тілектеспін. Тағдырларыңыз жұлдызды болып, арман деген асқар таудың биігінен көрініңіздер!

Қадірлі ұстаздарымыз!

Ал біз сіздер берген тәрбие мен тәлімді әр уақытта ұмытпаймыз. Сіздерден бөлініп ыстық ұядан ұшқан сәтте де, аяулы мектебіміздің атына кір келтіріп, дақ түсірмеуге, әр кезде де ақылшы серігіміз Ар деп аталатын айбынды қасиет боларына сіздерді сендіргіміз келеді. Біз сіздерге әрдайым да мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Барлық уақытта да шәкірттеріңіздің ыстық ықыласына бөленіп жүре беріңіздер! Мереке мерекеге ұлассын!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Ғабиден Қожахмет Бала шақты болашақ шақырады туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ғабиден Қожахмет Бала шақты болашақ шақырады на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]