Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Кітап және әдебиет пәнінің мұғалімі

Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Кітап және әдебиет пәнінің мұғалімі

- Он бірінші сыныбыңа мұқият бол, - деді мектепке енді келген бұған ағайы. - Оқулыққа сенбей-ақ қой. Қазір өтпелі кезең. Ендігі жерде кеңестік әдебиетке бұрынғы көзқараспен қарай алмайсың. Ал оқулық бұрынғы ізбен жазылған. Сондықтан, мүмкіндігі келгенше, балаларға өзің дәріс оқы.

Ұстаздың айтқаны дұрыс. Кеңестік әдебиет - әдебиет тарихындағы өте бір күрделі кезең. Ал мектептің он бірінші сыныбы нақ осы кезеңге келіп тірелетін.

Бір кезде өзіне де әдебиеттен сабақ берген байырғы әдебиет пәнінің мұғалімі бұл ақыл-кеңесін зейнет демалысына шығып бара жатқанда айтқан еді. Жоқ, бұл кісі зейнет демалысына бұдан бұрын шыққан болатын. Өткенде ғана ұстаздар күні мерекесінде осы кісінің зейнет демалысына шығуына байланысты құрмет көрсетілді емес пе. Аудандық білім бөлімінен адам келіп қатысты. Бірақ бұл кісінің әдебиет пәнінің маманы ретіндегі бай тәжірибесін мектеп басшылығы әлі де пайдалана беруге қарсы емес еді. Дегенмен ұстаздың өзі екі тоқсан сабақ бергеннен кейін, мектеп басшылығына зейнет демалысына шығатындығын мәлімдеді. Осыдан соң мектеп басшылары ұстаздың өне бойы сабақ беріп келе жатқан 10, 11-сыныптарын және осы ұстаз жетекшілік жасап келе жатқан әдебиет пәнінің мұғалімдері пән бірлестігінің жетекшілігін, сонымен бірге осы ұстаздың меңгерушілігіндегі әдебиет кабинетінің меңгерушілігін бұған жүктеді. Көп ұзамай мектеп басшылығы бұған әдебиет пәнінің мұғалімі ретінде Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясына байланысты жоғары сынып оқушылары арасында кітап оқушылар конференциясын өткізуге тапсырма берді. Мұндай жұмыстар әдебиет үйірмесінің негізінде өткізілетін. Бұл - жоғары сынып оқушыларының арасындағы әдебиет үйірмесінің жетекшісі еді. Үйірмеге ат беру шарт болмаса да, бұл үйірмеге есім берген. Асқар Сүлейменов атындағы әдебиет үйірмесі. Кейіннен бұған Барлыбек Сыртанов атындағы құқықтанушылар үйірмесі қосылды. Енді екі үйірме оқушыларының бірлескен "Ар және Заң" қабырға газеттері шықты. Оны осы үйірмелердің мүшелері өздері шығаратын. Кейінірек бұған тағы да бір үйірме қосылды. Енді халық ақыны Байназар Өтепов атындағы "Жас қаламгер" үйірмесі жұмыс істей бастады. Шығармашылық тұрғыдан көзге түсіп тұрған оқушы әлі жоқ еді. Мектеп басшылығы шәкірттің тыныш жатқан жан-дүниесіне қозғау салғысы келген болуы керек, бұған ақылы негіздегі осы үйірмені жүргізуді ұсынды. Енді бұл үйірменің де "Жас қаламгер" атымен қабырға газеті шыға бастады.

Өзіне жүктелген конференцияға байланысты ұстазымен ойласып, кеңес сұраған еді.

- Кітап оқушылар конференциясын өткізу оңай жұмыс емес, - деді ұстазы. - Мұның басты себебі оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы азайып бара жатырғандығында болып отыр. Ал қоғамда кітап оқылмаған жерде, ол мектептегі әдебиет пәнінің сабағына да әсер етеді. Әдебиет сабағы өзінің мақсатына жете алмай қалып жатады. Бірақ оқушыға кітапты еріксіз оқыта алмайсың. Бұл қоғамға да байланысты, оның ата-анасына да байланысты. Жалпы, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығының азаюы 80-жылдардың ішінен бастап орын ала бастады. Сол жылдардағы оқушыларымның кітап оқуына көңілім тола қоймады. Оның алдындағы шәкірттерім мықты еді. Ұстаздың оның алдындағы деп отырғаны - 70-жылдардың ішіндегі шәкірттері.

Сол жылдардың бір шәкірті былай дейді:

- Ол кезде Алматыдан ақын-жазушылар дүмеп келіп жататын еді ғой. Бір күні Әбділда Тәжібаев келетін болды. Бәрін дайындап қойғанбыз. Сөйтсек, осы ұстазымыз кіріп келіп: "Балалар, бәрін-бәрін қайтадан өзгертеміз", - десін. "Неге, ағай?!" "Өйткені келе жатқан Әбділда Тәжібаев емес екен, Бәкір Тәжібаев екен". Оқушылар дуылдап күліп жатыр. Сөйтсе, жоғарыдан біреу дұрыс хабарламаған. Тәжібаев дегесін Әбділда Тәжібаев шығар деп ойлапты. Оған ренжіп жатқан оқушылар жоқ. Жасаған жұмыстарының бәрін қайтадан Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығына арнап өзгертіп шықты. Соның бәрін балалар өздері атқаратын еді. Әдебиеттің рөлі өте зор еді ғой. Осы мектепте небір нақты ғылымдарға бейім балалар оқыды, математик ұлдар оқыды. Солардың бәрі де көркем әдебиетті көп оқитын. Ол кезең сондай кезең болды.

- Балалармен жұмыс істе, - деді ұстазы. - Оқушыларыңды конфереңцияда сөйлеуге өзің дайында.

Конференциядан соң ұстазына тағы да соқты.

"Естідім, - деді ұстазы. - Балалардан естіп отырмын. Конференцияң жақсы өтіпті".

Бұл ұстаздан алған кітабын апарып беріп тұрғанында ұстазының айтқаны еді.

Мұның әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарының басы осы конференциядан басталған.

Ұстазы алдында екі тоқсан сабақ берген, сонан соң кейінгі екі тоқсанда бұл сабақ берген сол жылғы мектеп бітіруші сыныптың арасында әдебиетке бейімі бар шәкірт болды. Сол шәкірттің анасына бұл:

- Ол не әдебиет мұғалімдігіне, не журналист мамандығына барсын. Оның осыларға бейімділігі бар деген еді.

Анасы басын шайқады:

- Жоқ. Оған жағдайымыз да келмейді. Ол арнаулы орта білім беретін оқу орнына барады. Жалпы, ЖОО-ға адам өзінің мүмкіндігімен түсе алады дегенге өз басым илана да бермеймін.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Ғабиден Қожахмет Кітап және әдебиет пәнінің мұғалімі туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ғабиден Қожахмет Кітап және әдебиет пәнінің мұғалімі на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]