Әңгіме: Міржақып Дулатұлы | Ішік хайырлы болсын

Әңгіме:  Міржақып Дулатұлы | Ішік хайырлы болсын

- Хажы-еке, ішік хайырлы болсын!

- Айтсын.

- Қаншаға алдыңыз?

- Күйіп тұр екен ғой, 350 сом...Ұмсындыққа киім-кешек алайын деп едім, оны Мәскеуден алғалы тұрмын.

- Ішігіңіз қымбат емес, мен мынаны 150-ге алдым, - деп, Тоқыш үстіндегі пальтосын көрсетті.

- Ой, шырағым-ай! Жұрт жарықтық арқасында бір бүтінденіп қалалықта.

Тоқыш күлімсіреп:

- Сіз әлі жұрт арқасында киініп қалалық деп отырсыз, осындағы газетші қулардың сөзін естідіңіз бе? Олар бізді кінәраттап жатыр, жұрттан көп ақша жинап алып, өз пайдаларына жұмсап жүр, 1 бір тиындық бітірген ісі жоқ, дейді.

- Е-е-е! Біз біреуден тартып алыппыз ба, жұрт өзі берген соң шариғат бойынша да, бізге газетші-мазетшінің сөзі керек емес, үйі-басы 2-3 сомнан ел кедей болмас...

- Сонда да, хажы-еке, олар Жорықбай ақсақалды ұялтып тастапты...

- Шіркіннің ұялшағын қарашы, не былшылдайсың, сенің ақшаң емес қой десе болмап па?

- Жорекең жарықтық жуас кісі ғой, үндемейді, сонда да соншама ақшаны қайда жұмсадыңдар десе, елге не дейсің? Аналар жұртқа жариялайтын көрінеді.

- Шырағым, Тоқыш-жан, сен әлі баласың ғой, біз мұндайды көп көргеміз, оның не қысылатыны бар: адвокатқа бердік дерміз, переводчик, чиновниктерге бердік дейміз, ретін таппаймыз ба... дей бергенде нөмірге газетте қызмет ететін бір жігіт, сәлем беріп кіріп келді.

Хажы әфенді жалма-жан ішіктің үстіне шапанын іле салып, тасбихын тартқан болып отыра қалды.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Міржақып Дулатұлы Ішік хайырлы болсын туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Міржақып Дулатұлы Ішік хайырлы болсын на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]