Әңгіме: Балаға ата тегін үйрету
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын-туысын, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел-жұртын тани білуге ерекше көңіл бөлген. Балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысты, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыру, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген. «Жеті атасын білу» заң болған. Қазақ отбасында баланы өмірге дайындау дәстүрінің бірі - шежіре үйрету. Оның негізгі мақсаты - ата-текті білу, ұрпақ тазалығын сақтау. Шежіре ақыл–ойға қозғау салып адамды тануға итермелейді. Өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білу өте қажет. Осы арқылы жігіттің тұлғалық қасиеттері танылған.
Ер жігіттің үш жұрты бар, оның шығу тарихын, тегін білу әр азаматқа парыз деп ұққан халық «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатып, ел-жұрт тарихын білу-ер азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулиды деп ұққан. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, елі- жұрты үшін еткен ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көзделген.
Ата, ру тарихын білу жақсы. Бірақ баланы өз руының адамдарын ғана қолпаштап, жақсы, текті, асыл азаматтар тек біздің рудан ғана шыққан деген өзімшілдік, теріс көзқараста тәрбиелеу дұрыс емес. Басқа рулардың , елдердің де ақылды, шешен, батыр, ақын адамдары туралы сөз қозғап әңгіме ету, «жақсы көпке ортақ», «жақсы туса елдің ырысы», «жақсыда жаттық жоқ, ол халықтың қамқоршысы» деген ой-пікірді жастардың жетесіне жеткізу азаматтық парыз.
Ешкім де туысқан-туғансыз, ағайынсыз емес. Кім болса да адамнан шығып, адамнан тараған, ал адам да сол көп жапырағы бар бұтақ пен көп тамырлары бар ағашқа ұқсайды. Туған-туыс дегеніміз де сол бір түбірден өсіп шыққан ағаштың бұтақтары тәрізді. Адамның көрген тәрбиесі, алған нәрі, бұрынғыдан қалған мирас-мұрасы, бәрі-бәрі алпыс екі тамыр арқылы тұла бойға тараған қаны бір түп ағаш тәрізді.
Қазақ біреудің білік-білімін, мінез-болмысына, хам- харекетіне, ақыл-парасатына риза болса, «Апыр-ай, бұл текті жан екен ғой!» деп сүйсінеді. Олай болса тектілік- қасиетті ұғым. Тектілік адам бойына ана сүтімен, әке тәрбиесімен бойға дарып, бара – бара өмірді тани келе, біле келе кемелдене түседі. Айналаңдағы адамдардың тыныс-тіршілігі, болмыс- бітімі, сенің өз ой түюіңе түрткі болады. Қазақта «тегі жақсы» деген бір ауыз сөз арқылы адамды өсіріп отырса, «тексіз» сөзімен өшіріп те отырған. Қатты көңілі қалса «Сол тексіз немені, қойшы» деп ұлдан үмітін үзген.
Дана Абай атамыз: «Адам ата–анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды- дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады».- деген.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді-деген сөзді ата –бабаларымыз тауып айтқан.
Жастардың бойына көпшіл, қоғамшыл рухты себе білу, «адам баласын бауыр тұту» қазақ халқы үшін ең өзекті мәселе. Ылайым жақсылықтың нұрын себуден жалықпайық, ағайын.
Қостанай ауданы,
Мичурин орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Баймуханова Гулмиран Абилхановна

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: