Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Адам сол

Әңгіме:  Сүлеймен Баязитов | Адам сол

Әдебиетші ғалымдардың пайымдауынша, аңыз - ертегі еншілес ауыз әдебиетінің бір саласы. Оны ертегіге телулеріне аңызда қиял - ғажайып оқиғаның шындықпен қосарлана өрілуі себеп болса керек.

Мұнымен қатар, аңыз негізінде әңгіме, кейде өлең - жыр түрінде болуы мүмкін деген - екі ұшты пікір де айтылып қалып жатады. Дегенмен, аңыз кейіпкерлері нақтылы өмірде болған жандар.

Олар Асан Қайғы, Қорқыт, Жиренше, т.б. Бұл аңыздардан басқа Ұлы төңкеріске дейін қазақ даласында діни тақырыптардағы аңыз - әңгімелер де аз таралмаса керек.

Олай дейтінім, әкем марқұм (молда болатын) қыстың ұзақ түнінде араб әрпімен басылған кітаптардан аңыз әңгімелерді өзі оқып, мазмұнын қазақшалап айтып отыратын.

2005 жылы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Павлодар қаласында «Шайтанның саудасы» атты таңдамалы өлеңдерінің 1 - томы басылып шықты.

Сегіз бөлімнен тұратын аталған кітаптың беташар бөліміндегі «Аңыз өлеңдер» топтамасын қызыға оқып, танысу барысында құдіреті күшті бір Алланың жер мен көкті жарату барысында пендесінде ұсынған Ғибратын айқын аңғарғандай әсер аласың.

Екі күн-жер, күн көк жаратты,

Бір-біріне екеуін жұп жаратты-

дей келіп ақын:

Бір сағатта қылуға құдіреті бар,

Пендеге ғибрат болсын деп жаратты,- деп түйін жасайды. Осындағы ақынның «бір сағатта қылуға құдіреті бар» деген сөзінің астарына үңілер болсақ, қас пен көздің арасында жер жұтқан қалалар, отқа оранып, күлге айналған саусақтың саласындай мүлгіген ормандар ойға оралады. Мұның барлығы да кім қалай түсінетініне қарамастан Мәшекең айтпақшы «Құдайдың құдайлықпен қылған ісі» екені талассыз.

Ақын одан әрі «Сабырдан сабақ берген білген жанға, асығыс пенделерім қылмасын», -деп жалғайды. Тек... Сабырдан берілген сабақты біз пенделері ұқтық, асығыстық қылмадық, -дей алар ма едік. Жоқ.

Алысқа бармай-ақ күні кешегі «атақты» маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күресті-ақ алайықшы.

Қаншама жүзім ағаштары оталып, қаншама адам өмірлік кәсібінен көз жазып, ырзығы мен ырысынан шектелді. Ең сорақысы жүздеген, мыңдаған адамдар техникалық спирттен әртүрлі сурагаттан уланып, көз жұмды.

Осының өзі сәл байыппен қарап, үңіле ой жүгіртсек «Сабырдан сабақ алмаудың, асығыстық қылудың салдары емес пе?

Жер мен көкті жаратушы құдіреті:

Ерік, ықтияр өзіңде көк пенен жер,

Ай мен күн бұл кеңеске сендерде кір.

Тау мен тас толқып жатқан дария сулар,

Көремін алаламай бәріңді бір.

Мен қинап ешбіріңді зорламаймын,

Тозаққа түсірем деп торламаймын.

Біріңді артық, біріңді кем көрмеймін,

Бәрі өз мүлкім, жасытып қорламаймын.

Қысылып жарлық сөз деп қалма дейді,

Сақтауға бір аманат ие болып,

Ішінде бір талапкер бар ма,- дейді.

Сонда адам, шадыман шаттыққа бөленіп: «Аманатыңды әкел де, арқама қой»,-деген кесікті сөзін айтады. Ақын адамның осы шешіміне - көк пен жер, ай мен күн, тау мен дария, Адамның адамдығына куә болып, көздері көргенін жырға қоса келіп, Алланың адамға деген аяушылығы оянып, оған ғылым мен ақылды бергенін «Бәрін бұған құлақ кесті құл еткенін» баяндайды. Содан да Адам ата жаралған жұма күнінің қадірі артықтығын, абзал болғанын сыр етеді.

Тек ақын «Жан мен сауал аңызға сөз болмағанмен» екінің бірі адам саналмайтынын еске салады. Өзіне сөз берсек:

Есектің де байқасаң жаны бар ғой,

Деп айтпайды оны ешкім «жануар ғой»,

Жұрттың көбі «есектей» адам-дейді,

- Айдап жүрген – деу менен малы бар ғой»

... Текеде де сақал бар, көр нанбасаң,

Соныменен кәнеки, болды ма адам?!

... Тоты құста сөйлейді үйренумен,

Қандырады о дағы құлақ құршын.

Ақын адам сол: «Адамдығын жұрты көрсе»,- дей келіп, пікірін мына төмендегі жолдармен айшықтай түседі. «Кем-кетік, жоқ-жітікке қарайлассаң, ашты тойындырып, жалаңашты киіндірсең, сөйтіп, қылған ісіңді тәңірім сүйіп, көзіңнің жасын исе, басқаға бір өзіңнің пайдаң тисе, сонда ғана Адам деуге лайықтысың.

Осы орайда ақын «Адамның күні-адаммен екенін» қадап айтады. «Сынау үшін жаратқан бай, кедейді: «Бір-біріне салсын-деп көздің қырын». «Жетімді жексұрын көрме, тіленшіні телміретпе, қаріппенен қасерге қайыр бер, жұма сайын үлестіріп айлығыңды-жұрт көзіне түсір-байлығыңды деп насихат етеді.

Алыстағы бір алай кәріп (ғаріп) аштыққа ұшыраған, соларға басқа жұрттан көп қайыр барып жатыр. Сол игілікті істен қалыс-қалсаң, қор болып қазақ атың жойылар, сенде почта мен ақша жібер-дей келіп, құдай үшін аштарға жылу бер,-деп үндейді.

«Айт!-деп мені жұмсаған хақ тағала,

Кел осыған көмек бер, қатын-бала!

... Көбің көпше қайыр бер, азың-аздай,

Бата бермей жалғанға батпақ саздай,

Көп ішінде көзге түс қоңыр қаздай.

Мәшекеңнің бұл үндеуі өз заманында, дәуірлестерінің тарапынан қаншалықты қолдау тапқаны беймәлім. Дей тұрсақ та оның Алланың адамға берген аманатына адал тек ислам тарихы ғана емес жер жиһан тарихының терең білгірі, гуманист екендігі күмән тудырмайды.

Сүлеймен Баязитов


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Сүлеймен Баязитов Адам сол туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Сүлеймен Баязитов Адам сол на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]