Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Көңілді күз
Үкіметі, әкімі
танымаған ауылым,
Жүректерін ызғары
қарымаған ауылым.
Жаңа ғасыр есігін
аттағалы тұрса да,
"Светіне Ильичтің"
жарымаған ауылым.
Қазіргі Қожабақы - мүлде жаңарған, жаңғырған ауыл. Ал бұл бір кездегі жас ұстаздардың аудандық "Көңілді күз" сайысында белгілі "Ауылым" әнімен пародия ретінде айтқан әні еді.
Сол жолғы емтихан-сынақтарын тапсыру сессиясы әдеттегіден тыс күз айына келді. Өйткені бұл жолғы демалыс емтихан-сынақтарды тапсыруға да әрі мемлекеттік емтиханды тапсыруға да қоса берілген болатын. Бұл - өзінің екінші рет мамандық алып жүрген оқуының бітіруші курсы.
Емтихандарын тапсырып барып, бір-ақ келуіне болатын болса да, емтихан-сынақтар мен мемлекеттік емтиханның арасындағы үзіліс сәтін пайдаланып, мектепке келіп қайтқысы келген еді. Осы кезде мектептің жас ұстаздары аудандық "Көңілді күз" сайысына іріктеліп, әзірліктерін жасай бастаған екен.
Мектепте оқушылар арасында өтетін күз сайыстарына жұрттың көзі үйренсе де, жас ұстаздардың арасындағы мұндай сайыс дәстүрге айналмаған еді.
Сайысқа мектептің жас ұстаз қыздары іріктеліпті. Қатынас қағазда басқа да шарттарымен бірге топтың аты, төсбелгісі, жаңадан шыққан өздерінің әні, көрерменмен сәлемдесуі және соңында жұртшылықпен қоштасу сөздері, сонымен бірге пародия болу керек депті.
Өзінен осыған көмек сұрап тұрғасын, топты "Үркер" деп атауды ұсынған еді. Бұл ат сайыскерлердің өзіне де ұнады. Бірақ осы Үркер сөзі күзбен байланысуы керек еді. Ол қазылардың алдында дәлелді болуы керек. Осы үшін деректер іздеді. Дерек те табылды. Сонан соң төсбелгіге салынатын суреттерді ұсынды. Сайыскерлердің тарапынан төсбелгі де мақұлданды.
Содан кейін барып қана "Үркердің" сәлемдесуі және таныстырылуы жазылды:
"Біздің тобымыздың аты "Үркер" деп аталады. Топтың атын бұлай қою себебіміз - қырық күн шілдеде көкжиектен көрінбей, халықтың тілімен айтқанда "жерге түсетін" Үркер шоқжұлдызы күз айы басталысымен-ақ аспан көгінде шығыстан жарқырап көрінетін болғандықтан, біз де осы шоқжұлдыздың атын өзімізге еншілей отырып, осы күз сайысында өнерімізбен сол жұлдыз секілді жарқырай көрінсек екен деген ниетпен алдық.
Біздің төсбелгіміздің жоғары жағында "Үркер" деп топтың аты жазулы тұр. Ал төсбелгінің ішкі шеңберінің жоғары бөлігінде алты жұлдыз бейнеленген. Мұның себебі - Үркер алабында 500-ден астам жұлдыз болғанымен, соның алтауы жай көзге анық көрінетіндігіне байланысты. Шоқжұлдыздың жанында Ай бейнеленген. Мұның себебі халқымыздың ұғымында тоғысу кезеңінде Үркер мен Ай бір-біріне жақын келсе, жақсылық, қуаныш, малға жайлы кезең болады деген. Бұл біздің өзіміздің де бүгінгі сайыстан жақсылық, қуаныш күткен ниетімізді білдіреді. Шоқжұлдыз бен Айдың төменгі жағында Көкбөрінің суреті салынған. Көкбөрі түркі халықтарының бірлігі мен тұтастығы ретінде салынды. Себебі биылғы жылымыз - Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы. Төсбелгінің төменгі шеңберінде осы жыл атауы жазылып қойылған".
"Үркердің" халықпен сәлемдесуі халықтың өз әні "Гүл-гүл жайна" әнімен ашылса деген еді. "Таң бағында, алдарыңда - "Үркер" тобы, ағайын!" Бұл - сәлемдесу әнінің қайырмасының сөзі.
Қожабақы кемерлі
Ауыл еді өнерлі.
Жиналып отыр сайысқа
Қалың қауым ел енді.
Таң бағында,
Алдарыңда -
"Үркер" тобы, ағайын!
Ал соңында "Үркер" халықпен, сахнамен "Армандастар" әнімен қоштасып шықса деген болатын.
Үміт жібін жалғай түсіп армандарға
Шақырады биік белес алдан дара.
Өнер биік мақсаттарға жалғанғанда
Таны еліңді, біл, жастар!
Қ-сы:
Жас кеудеде намыс лебі оянғанда,
Сайыс шарты мәресіне таянғанда
Жарқырасын жұлдыз!
Жазылмасын жұбымыз!
"Үркер" тобы қоштасады сізбенен.
Жаңа ән үшін "Күз әуені" мәтіні жазылды. Әнін сазгер шығарды:
Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті
Әнге бөлеп жастарды.
Қ-сы:
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді.
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Пародия белгілі әнге жазылса деген еді. Белгілі "Ауылым" әні бір кезгі ауылды мақтан етсе, енді пародияның сөзінде нарықтың әсерінен электр желісінен ажырап, майшамға қарап қалған сол кезгі ауылдың жай-күйі жазылды:
Не жаңалық көрсе де
таңданбаған ауылым,
Шаруашылық өркендеп,
жанданбаған ауылым.
Компьютерге жармасар
ойлы жасы бүгінде
Теледидар көруді
армандаған ауылым...
Бұл сонан соң мемлекеттік емтиханын тапсыруға кетті. Емтихан екеу еді. Бірі теориядан, бірі әдістемеден. Студент өзінің қалаған біреуін тапсырады. Әдістемені таңдап алды. Құқықтық тәрбие беру әдістемесі. Бұлар "Заңгер-оқытушы" квалификациясымен қабылданған үшінші түлектер еді. Осымен бұл квалификациямен маман дайындау тоқталады. Кафедра сол кезде енді бұдан кейін мектептегі құқық негіздері пәні мұғалімдерін дайындай бастағандығы белгілі.
"Юстициядан маман келеді, мұқият болыңдар" деді бұларға. Бірақ маман күткендегідей, әділет басқармасынан емес, соттан келді. Емтиханды қалалық соттың төрағасы қабылдады. Қалалық соттың төрағасы Ғаниев емтихандағы жауабын "өте жақсы" деп бағалады.
Қожабақылық команда да сайыста аудандық "Көңілді күз" сайысының I орнын еншілеген еді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: