Әңгіме: Ұстаз аты биі әрі мәңгілік

Әңгіме: Ұстаз аты биі әрі мәңгілік

«Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» себебі, бүлдіршін жас ұрпақты тәрбиелейтін ұстаз. Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың атасы. Ол - барлық мамандықтың көшбасшысы. Ұстаз - бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс көп мағыналы сөз деп ойлаймын. Өйткені, осы сөзде қаншама мағына, қаншама мән жатыр. Ұстаз - өзінің шәкірті білімді, жан-жақты дамыған, адамгершілігі мол шәкірт болып өсуіне қаншама тер төгіп, аянбай еңбек етеді. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар мұғалімнің де рөлі де өте зор.

Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу деп адамның өмір бойы білім алып, оны шәкіртіне жеткізе айтып беру бұл ұстаздық қасиеттің ең жоғарғы жетістігі болып табылады. Мәлік Ғабдуллин сөздеріне сүйенсек «мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімі де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді деген екен. Әрине әр ұстаз өз ісінің жауаптысы болғандықтан барынша еңбек етеді. Сондықтан да қазіргі таңда еліміздің сан-саналы өміріне белсене араласатын жас ұрпақты тәрбиелеу білім саласында қызмет етіп жүрген ұстаздарға зор міндет жүктеліп отыр. Оның өзіндік себептерін күнбе-күн өмір талабы көрсетіп отыр, яғни тәуелсіз мемлекетіміздің дүние жүзінің алдыңғы қатарлы дамыған елдерімен иықтас көріну үшін білімді терең меңгерген, белсенді, қабілетті, ізденген ұстаздар қажет екені мәлім. Осыған байланысты білім беру саласында білім беру мазмұнын жетілдіру, жаңа оқу жоспарына көшу, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу сияқты жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Елбасы халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз деген болатын. Қашан да білімді ұрпақ - болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры - жас ұрпақтың тағдыры - бүгінгі ұстаздардың қолында. Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны негізгі құндылық есебінде атап көрсетеді. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «білім беру сызбалары» құрылып, мұғалімнің ұстанымы-оның көзқарасы, қабылданған шешімнің және іс-әрекеттің негізі болып табылады. Алайда, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек. ( мұғалімге арналған нұсқаулық 7 бет.)

Білім беру үрдісін заман талабына сай жақсартудың тағы бір жолы инновация яғни, білім алудағы жаңалықтарды үйрету, қабылдау, бағалау, қолдану үрдісін басқару. Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім – ұстаз иноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім өзі иннотехник (инновациялық технологияларды жетік меңгерген педагог) дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойынша қандай тақырыпта пайлану керектігіне тиімді зерттеу жүргізеді. Яғни әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, меңгергеннен соң сабақ барысында қолдану өткізеді. Сабақ ұстаздың көп ізденуімен, көп еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма. Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, әртүрлі ситуациялар кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отыру керек. Қазіргі қоғамдағы мұғалім –жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттер арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы тиіс деп ойлаймын. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» -деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, Сырлары мол әлі сыртқа шашапаған. Шаршаса да осы жолдың бойында, Қандай жақсы шын бақытын тапса адам, - деп ақын жырлағандай «Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік»,- дей келе ұстаз еңбегін құрметтеп бағалай білейік, - деп өз ойымды аяқтағым келеді.


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Ұстаз аты биі әрі мәңгілік туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ұстаз аты биі әрі мәңгілік на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]