Әңгіме: Елбасы мен ел мұраты Тәуелсіздік
Қазақстан тәуелсіздігі – бұл ғасырлардан аса тарихы бар қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы, бүгінгі жеткен жетістігі мен асқан асуы.
Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз – Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.
Үстіміздегі тәуелсіздік алуымызға себепші болған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне 29жыл, Тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 жыл толады. Бұл жылдар тарих үшін қамшының сабындай қысқа уақыт болғанымен, қазақ елінің мемлекет болып қалыптасуына, оның дауына жол ашқан сәтті мерзім болып отыр. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлем елдері арасында өзіндік даму үрдісімен орын ала білді. Сонымен қатар өз ерекшеліктерімен қоса батылдығымен, табандылығымен әлемге атын шығарды. Бұл жолда елбасымыздың еңбегі өлшеусіз – қажырлы жұмыстың, саналы саясаттың арқасында Қазақстанның экономикалық, әлуметтік салалардағы реформалары, ұлтаралық татулық пен конфессияаралық бірлікті сақтаудағы істері, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жүзеге асырылып жатқан шараларын бүгінде әлем елдері мойындап отыр. Бұл дегеніміз тәуелсіздігіміздің арқасында жеткен ең үлкен жетістігіміздің бірі болып саналады.
Қазақстан мемлекетінің бүгінгі таңда ел экономикасына барынша көңіл бөліп отырғаны баршамызға аян. ТМД елдері ішінде бірінші болып экономикалық реформаларды жүзеге асырды, «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді стртегиялық бағдарламасы әзірленіп, осы негізде сан түрлі экономикалық бағдарламалар туындады. Елбасының таңдауы дамудың дұрыс та сара жолы екендігін, бүгінгі таңда таразы уақыт дәлелдеп беріп отыр. Осы тиімді бағдарламалардың бағыттары бойынша қазіргі таңда көптеген жұмыстар жүргізіліп, соның ішінде агро өнеркәсібі де жақсы жұмыстардың ықпалымен қарқынды даму барысында.
Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табыстардың қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз болғанымыздың арқасында Қазақстан сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды және танида береді. Дүниенің бір бұрышында Қазақ деген халықтың бар екенін және үлкен істер тындыра алатынын барша әлемге танытқан біздің ата-бабаларымыздың және елі үшін жандарын қиған батырларымыздың арқасында әлемдік деңгейде көк байрағымыз желбіреп тұр.
1991 жыл 16 желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде тәуелсіздік Туы желбіреді. Содан бері 25 жыл уақыт өтті. Осы өшпес жылдар ішінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттардағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Осы саясаттардың арқасында қаншама дағдарыстардан аман-есен шығып жатырмыз. Қазірде елімізде тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биіктеп, егемендігіміздің іргетасы нығая түссін. Ғасырлар бойы аңсатып жеткен тәуелсіздікпен келген халық тілеуі мәнгілік болып, Гимніміз әуеде асқақтап, Елтаңбамыздың еңсесі биік болып, Туымыз көкте шарықтай берсін демекпін.Осы тұста айта кететін жайт еліміздің тағы бір үлкен жетістігі болашақта жоспарланып отырған ЕХРО-2017 көрмесін ойдағыдай өткізсек, еліміз үшін теңдесі жоқ жетістіктердің бірі болары анық.
Еліміздің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандармен тәжірибе алмасуға, яғни білім саласына қатты көңіл бөліп, жастардың сапалы білім алуға жағдай жасалуда. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Сондықтан Тәуелсіздігімізді мәнгілікке сақтап, Еліміздің Туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!
Елбасы мен ел мұраты – Тәуелсіздік
Желтоқсанның желі, аязы ызғарлы,
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Елі үшін шыққан сол күні алаңға,
Азап шекті–ау талай қазақ жастары.
Қуан елім тәуелсізсің, азатсың,
Дүбәра емес, қаны таза қазақсың.
Ер жүректі ұл қызыңның арқасы,
Тәуелсіз ел жиырма төрт жыл жасапсың.
Естудемін домбыраның бал үнін,
Жылайтын да, қуанатын күн бүгін.
Қазақ елі тойлап жатыр бұл күнде,
Жиырма төрт жыл болған тәуелсіздігін...
Қазағымның дархан дала кеңдігін,
Қорғай алатын Қайраттайын енді кім?
Сол боздақтар мәңгі біздің жүректе,
Қазағымның сақтап қалған теңдігін.
Аспанымда желбіреген көк туым,
Жаса менің қазақ елім тұнығым.
Тәуелсізбіз, тәуелсіздік тұғырым,
Тәуелсіз боп қалыптасты ұғымым.
Кең даламда домбырамен күй ойнап,
Көрсем деймін әлі талай қызығын.
Қайрат атам, Ләззат апам сыйлаған,
Мен дағы Тәуелсіз ел қызымын.
Шымкент аграрлық колледжінің
КТК9-161 тобының студенті Амирхан Назерке
Жетекшісі: Беде

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: