Әңгіме: Тәуелсіздіктің нұрлы таңы
нұрлы таңы атқанына бүгін міне, Жиырма бес жыл! 1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, ашу-ыза мен қайғы араласқан, қазағымның басына үлкен қасірет әкелген қаралы күн еді.
1986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкiл елдi дүр сiлкiндiрген ғаламат көтеріліс болды. Бұрын-соңды кездеспеген жағдай елді елең еткізді. Жалпы үрей, қорқыныш билеген жұрт сең соққандай күйде едi. Желтоқсан оқиғасының шығу себебі: 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Д.Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбиннің «сайлануы» болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек-легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа- өз көсемі!»,- деген ұранмен , «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты.1986 жылғы 17 - 18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларға түрлі жалалар жабылып, «Ұлтшыл,маскүнем» деген кінә тағылды.Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке жан-жақтан милиция қызметкерлері шақырылды. Жастарға қарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс - шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай, адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Жалпы шеруде болған адамдардың көбісі студент жастар. Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол сынды қыршын кеткен өрімдей жастырымыз ұлт намысын ту етіп алдыңғы қатарға шықты. «Қазақ» деген қаным бар», - деп бастап, «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар», - деп аяқтаған қайсар Қайраттың даусы бүгінге дейін қазақ жүрегінде сақтаулы.
Қанына намыс дарыған, рухы асқақ, қайсар қазақ халқы үнемі тәуелсіздікке ұмтылды. Көксеген тәуелсіздігін алды. Терезі тең, байрағы желбіреген ұлттар қатарына ілігу үшін талай ауыртпалық бастан өтті.
Ақиық ақынымыз Мұхтар Шаханов: «Желтоқсан көтерілісі – ғасырлар бойы жиналған ашу-ыза жарылысы. Яғни, біздің халқымыздың тіл мүддесі, рух мүддесі – осының бәрінің қосындысы ашу-ыза тудырғаны шындық. Қазақ халқы орыстардың қол астында бола отырып азаттық пен тәуелсіздікті аңсау кезінде әр түрлі деңгейдегі 300-ден астам ұлт-азаттық көтерілісін өткізді. Соның қорытындылаушысы, егемендікке бастаған көтеріліс – Желтоқсан көтерілісі», — деді. Демек, бұл әншейін ауыз толтырып айтуға ғана жарайтын оқиға емес, бұл шын мәніндегі елді, бүкіл Кеңестер Одағын елең еткізген, күш қолданып басуға мәжбүр еткен көтеріліс.
Қазіргі таңда 16-17 желтоқсанды тәуелсіздік мейрамы етіп жариялады. Сондықтан 16 желтоқсанның қасыретті күн екендігін жадымызда сақтап, әрі Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы талпыныстардың ақталған күні екендігін сезінуіміз қажет. Желтоқсан құрбандарына да тағзым ете жүруіміз керек.
Желтоқсан көтерілісінің жемісі – Тәуелсіздік екені ақиқат. Тәуелсіздіктің бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. 1991 жылы 1-нші желтоқсанның Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенті етіп сайлады. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Әнұраны, Туы туралы заң қабылданды. 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш рет айналымға түсті. 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті. 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды. 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды. 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды. Еліміз Тәуелсізідігін алған жиырма бес жыл ішінде атқарылған игі істер аз емес.
Талай қазақ қыздары мен жігіттерін арамыздан алып кеткен желтоқсан оқиғасы баршамыздың мәңгі есімізде қалады. Егеменді еліміздің келешегі үшін жанын пида еткен батыр жастарды ұмытпай, батыр ұлдары мен қайсар қазақ қыздарының ерлігін жас ұрпаққа дәріптеу – менің азаматтық борышым деп білемін. Ата-бабам сен ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, көк туымыз көкке өрлей берсін!
Шымкент аграрлық колледжінің
Вт-161 тобының студенті: Құлтай Бақтияр
Жетекшісі: Жоғары санатты оқытушы Утешова Гулмира Мұратқызы

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: