Әңгіме: Марат Әбдіраманхан | Қыран тағдыры
1
Ақ сағымы бұлдыраған шетсіз-шексіз сайын дала, бүгінде ерекше құлпырып тұр. Жасыл желекке оранып, самал желі зырлай соғып жаныңа жайлылық бередей құшағын айқара ашуда. Құдды жап-жасыл кілем төсеп қойғандай болып, көк майса шөптері, әр жерге абайсызда төгіліп кеткен бояу сынды қызылды-жасылды гүлдері, сол гүлдерден балшырын іздеп шарқ ұрып жүрген баларалары, таудан бастау алып сылдырай аққан мөлдір бұлағы маң далаға айрықша сән беріп, көңілмен ұғар жарасымдылық тапқандай. Сол даланың маңғаз салтанатындай болып ақ шағалаға ұқсап кіршіксіз әрі тұла бойы ою-өрнекке тұнған еңселі киіз үй тұр. Ежелгі хан ордасы осы мекен деп қалғандайсың. Киіз үй ішінде төр жақта реттеліп қойылған жүкаяқ үстінде қат-қат көрпелер, сәл беріректе төр көрпе, текемет, алаша сияқты көздің жауын алар әсем дүниелер қаббаттаса жайылыпты. Мұнан бөлек үй іші түлкі, қасқыр, қоян сынды ірілі-ұсақты аң терілеріне малынып тұр. Бұның өзі киіз үйге өзгеше сән беріп тұрғандай. Оң босаға жақта бірден көзге ұрып, менмұндалап тұратын басқалардан ерек бір нәрсе бар. Ол нәрсе алтындалған тұғыр үстінде қайратты қанаттарын қомдап,жан-жағына отты көзін жарқылдата тігіп отырған қыран бүркіт еді. Пышақтай өткір тегеурінімен тұғырды сығымдай ұстап, әрі-бері қозғалақтап қояды. Жіліншігіне тағылған қызыл жібек бау да қыранның ерен айбатын білдіргендей. Анда-санда жем тілегендей ‘‘шаңқ’’ етіп қояды. Бірақ неге екені белгісіз, даусы әлсіз, талмаусырай шығады, енді бірде аспан мұхитын еркін шарлағысы келгендей түндіктен алып күнге өткір данарын қадай қарайды. Сөйтді де тас мүсіндей қатады да қалады. Бәлкім, өз тағдырын, өткенін сан мәрте қайталай ойлайтын шығар. Кім білсін?
2
Ұябасар әдетінше жем әкеліп ұядағы ақүрпек балапандарына үлестіре бастады. Ертеден аналарын сарыла күтетін бұлар қызылды әп-сәтте қылғытып салды. ‘‘Ар жақтарына ел қонған’’ балапандар көңілдене қопаңдап, ұя аузына қарай ұмтыла бастады. Әр күн осылай өте берді. Жас балапандар түлеп, қанаттары қатайып, түстері өзгеріп тірнек бола бастады. Бұл бүркіттің ұшар жасына жетті деген сөз. Бірақ, ана қыран асыға қоймады. Ыңғайлы күнді күтті. Ал тірнек тым мазасыздана, ұя ернеуіне қарай ұмтыла берді. Ақыры көптен күткен күн де келді. Бұл жанға жайлы, самал желді күздің бір күні еді. Ана қыран ұясынан ұмтыла ұшып, қанатын шабыттана серпіді. Ұяны айнала, шеңбер жасай ұша жөнелді. Енді бір айналғанда, ащы даусымен шаңқ ете қалды. Сол сәтті күтіп тұрған тірнек алғаш рет ұя аузынан серпіле жөнелді. Ол сол мезетте құлап бара жатқаннын сезді. Сезді де, жалма-жан өзінің жаңа жетіле бастаған қанаттарын сермей бастады. Ақыры көк жүзінде қалықтай жөнелді. Енді ұябасар‘‘соңымнан ер’’ дегендей нышан танытқан ана қыранға жас қанат бала қыран ере жөнелді. Әлдеқайда, ұшы-қиыры жоқ жұмбақ әлемге еніп бара жатты. Біраз жер ұшқаннан кейін ұябасар бір қараны көрді. Көрді де, түйіле ұмтылды. Бала қыран ештеңені қалт жібермей бағып тұр. Келешекте өзіне серік болар осы үлгілер екенін ол жақсы түйсінгендей. Ана қыран әлгі қараға шүйіліп кеп, бас салды. Тірнек те сол кезде қонуға әзірлене бастады. Ақырын қалықтап келіп,жер бауырлай қонды. Бала қыран әлгі қараның күнде өзі көріп жүрген жемі екенін көрді. Асықпай тояттай бастады. Жемнен басын алған сәтте бұл маңда тірі жанның жоқ екендігін байқады. Қыранның өзіне беймәлім болашағы алыстан қол бұлғап тұрған еді...
3
Сырғып уақыт, жылжып жылдар өтті. Бала қыран енді кәнігі мұзбалаққа айналды. Аспанда еркін самғап,даланың иір-қиырын, бел-белесін, сай-саласын түгел аралады. Жортқан аңды құтқармай, түлкі, қоян көзіне іліксе болды сытылтпай басатын болды. Бірнеше рет қасқыр да алған. Міне енді тағы да көкті тіле ұшып, жан-жаққа бажайлай қарап самғап келеді. Кенет қалың бұта арасынан бірдеме шыға жөнелді. Бұл алғаш өзі ұядан ұшқандағы, ұябасардың алған аңы еді. Иә, бұл- қасқыр болатын. Ол ежелгі дағдысы бойынша шарықтай көтеріліп алып, түйіле лап қойды. Қасқыр енді ғана мұны байқап, арандай аузын ашып, болат тістерін жарқырата айбат шекті. Қыран салмақпен, түйіле кеп, пышақтай тегеурінімен мойнынан қыса түсті. Қасқыр ештеңе істеуге үлгермей, тек бір арс етті де,сылқ ете құлады. Төсінен азырақ тоят алған қыран, қайтадан көк жүзін шарлап кетті. Артынан қалған өлімтікке құзғындар қонақтап жатты. Осылай біраз уақыт өтті. Қыстың басы қырауда демекші ,қыс та басталып кетті. Айнала аппақ қарға орана бастады. Мұзбалақ өзіне жәйлі қоныс іздемекші болып тау жақты бетке алды. Өзінің түлеп ұшқан мекені тау жақпарына барып мекен етпеші болды. Жеңіл қалықтап, анда-санда қанатын жәй қағып қойып ұшып барады. Осылай бейқамдық сәтінде қыран зор пәленің келіп қалғанын сезбей қалды. Оның сол қанатын алып қара құс бүре жөнелген еді. Бұл-құзғын деген құс еді. Қыран айнала түсіп қайратты тырнақтарын құзғынның төсіне батыра түсті. Бірақ құзғын жалғыз емес-ті. Олар әдетте топтанып жүретін. Бұлардың артынан тағы екі-үшеуі қыранның әр жеріне тырнақтарымен жарақат салып жатыр. Қыран соңғы күшін жинап олардың тырнақтарынан босанды да, ылдиға қарай құйғыта жөнелді. Мұның астында мол жайылып жатқан орман жатқан-ды. Қыран төмендей бере,әлсірегеннен өз бойын билей алмай топ ағаштың арасына құлап түсті. Орман арасында қыс басталысымен қақпан, тор сықылды заттар молынан кездесуші еді. ‘‘Еліктің қасынуына, мылтықтың басылуы’’ дегендей қыран құлаған жерде тор жайулы тұрған болатын. Мұзбалақ есін жиғанда қанаттарын қозғалта алмайтынын сезді. Аяқтарының да бірдемеге оралып қалғанын байқады. Қыран жалма-жан тордан босануға тырысып, жанталаса бастады. Бұл қаншалық жанталасса,тор да соншалық шырмай түсті. Ақыры қыран арпалыса-арпалыса әлсіреп, есінен тана сылқ ете түсті. Мұның үстін аппақ қар қымтай бастаған-ды...
4
Бірнеше күн өтті. Қыстың қара суығы да басталған. Сол күндердің бірінде шулаған, дабырлаған дыбыстар әлдеқайдан естіліп, орманға жақындай түсті. Бұлар қақпан мен тор қарауға келген адамдар еді. Шетінен иттер ерткенқара орманды қақ жар айқайлаған, күліскен дауыстар айналаны жаңғырта келеді. Иттері тіміскілеп, әр жердегі қақапанды, торды тауып, иелеріне хабар беріседі. Орман ортасына жеткенше қанжығалары едәуір майланып, көңілдері жайланып қалған олар ары баруды жөн көрмеді. Бұл олжалардың бірі-мұзбалақ еді .Ол денесі тоңазып қатып қалғанымен, тірі болатын. Ақырын аяңмен жолаушылар үйлеріне жеткен-ді. Олар өз олжаларын үйлеріне әкеліп, жая бастады. Үй іші даладығыдай суық емес, үлкен қара пештің арқасында жазды еске түсіретіндей. Ұсталған аңдарды біртіндеп тор мен қақпаннан босатқан соң, пеш үстіндегі жіпке іліп кептіре бастады. Бұған үйдегілердің бәрі қызыға кірісіпті. Жас балалар босатылған аң-құстарды аналарына беріп жатыр. Сондай қызу жұмыс үстінде ешкім күтпеген бір жәйт орын алды. Үйдің кенжесі қыранды қинала көтеріп әкесіне алып келіп:
- Әке, қарашы, мынау тірі сияқты-, деп еркелей үн қатты. Әкесі де қыранды қолына алып:
- Әй, шыныменде. Мынау қимылдайды ғой, -деді. Сол күннен бастап мұзбалақ жаңа торға қамалды. Бұл жіп тор емес, темір тор еді. Кішкене балалар бұған қызыға қарайтын. Жем әкеліп салатын. Қыран да өз-өзіне келе бастаған. Бірақ сол қанаты әлі де сынық. Денесінің әр тұсындағы қанды сызаттар да кете қоймаған. Мұзбалақ енді көк аспанды, кең даланы сағынып, соны аңсап жиі шаңқылдайтын болды. Тіпті үздіксіз жанталасып, тегеуріндерімен торды тырналағанда, оған шаңқ еткен жиі үні қосылғанда сай-сүйекті сырқыратардай әсер қалдыратын. Бұл әдеті екі-үш күн бойы қайталанған. Мұнан әбден мезі болған әйелі еріне:
- Осы біреудің үнін өшірші, не лақтырып тасташы далаға!- деді кәрлене сөйлеп. Ал күйеуі болса:
- Өшір десең өшірейін,т ек балалар қызықтайды ғой, лақтырып тастағанымыз жарамас,- деді. Сөйтіп ол ұзын жіппен, қыранның астыңғы тұмсығына тілін байлап тастады. Арада талай айлар өтті. Күлімдеп көктем келді. Қар еріп, сай-сала суға толды. Енді балалар қыранды сыртқа алып шығып, аяғына жіп байлап оны қазыққа орап қоятын болды. Әлденеге талпынып, ұмтылғанын қызық көруші еді. Бұл кезде қыранның балақ жүні дудырап, өзі азып, әлсіреп, қыран кейпінен кете бастаған-ды. Осы күндердің бірінде бұл үйге ауылдың ардақты ақсақалы қонаққа келп еді. Ол шай ішіп отырып, тордағы қыранға көзі түсіп:
- Пай, пай дүние-ай! Мына сорлыны неден сорлатты екен? -деді күрсіне тіл қатып.
- Е, ол ма? Ол қыс басында торға түскен екен. Үйге әкеліп ем, балалар ермек етті, -деді үй иесі мән-жәйді түсіндіре түсіп.
- А, солай де! Онда бір тілегім болсын, осыны маған бер, -деді қарт көтеріле түсіп, қайта бастылды.
- Бұйымтайыңыз сол болса, қалағаныңызды алыңыз, -деді үй иесі иіле сөйлеп.
Қарт торымен қоса қыранды үйіне ала кетті. Үйіне келген соң, қыранды сипай отырып қате біткен сол қанаттың сырын білді. Сол қанатын қайта салып, таңып берді. Қарт қыранды әбден баптап, тек қызыл етпен тамақтандырды. Осы күтімнің арқасында бір-екі айда қыран байырғы қалпына келе бастады. Бұл кезде тұмсығындағы жіп те алынған болатын. Бірақ бұрынғы дауыс жоқ-ты. Сөйтіп жүргенде қарт аяқ астынан төсек тартып ,жатып қалды. Өзінің енді тұрмасын білген қария орнынан сүйретіле тұрып, қыранның балақбауын шешті. Қайтадан төсегіне жантая бере, көз жұмды. Қыран сыртқа шыға алмай, үй ішін айнала ұша берді. Көптен ұшпағандықтан тепе-теңдігін сақтай алмай құлай береді. Қартты көрмегелі көп болғандықтан көрші үйдегі жігіт қарт үйіне келген еді. Есік ашылғанын көрген қыран есікке ұмтыла жөнелді. Алдында тұрған адамды да елемей, далаға қарай екпіндете қанат қақты. Сонан соң тік көтеріліп, қайтадан шүйіле төмен құлдилады. Ауылдан шыға бере бір қоянның жүгіргенін көрген қыран жер бауырлай ұшты. Тегеурінімен мойыннан баса отырып, пышақтай орағымен тамағын орып жіберді. Әбден тоят алып, құмары қанған қыран баяу самғап бара жатты. Ертесі ауа-райы шұғыл бұзылып, құйын соқты. Екпіндеп соққан құйын ортасына қыран қалай түскенін білмей қалды. Тынымсыз арпалысып, екілене ұшқан қыран, алапат құйынға қарсы тұрғысы келді. Бірақ құйынның аты құйын ғой еріксіз өз дегеніне көндірді. Қыран құйынның ішінде қаңбақтай домалады. Әбден әлсіреп, титықтаған қыранның көзі жұмыла берді. Арада неше уақыт өткені белгісіз, қыран есін жиды. Өзінің әлсіреп қалғанын сезді. Оған бар дүние төңкеріліп бара жатқандай әсер берді. Бірақ ол азат еді, темір тор құрсауынан құтылғанын түсінген сәтте, ол қуана шаңқ етті. Бұл жолы даусы анағұрлым өктем шықты. Енді ол бұрынғысынша көк аспанда қалықтай ұшып, еркін өмір сүрді. Маң даланың еркін қожасындай қанатын кең сермеп, қалықтай ұшқан қыран тау дейтін алып ана құшағына еніп бара жатты.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: