Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ар соты алдында Балаңыз кітап
(Баллада)
-Варвара,- деді әйел,- менің атым
-Ал сенің?
-Ынтызар.
-Қиын екен тіптен атың
Жә, жарар,
Сені мен Иван дейін.
Түкте жоқ, -деді сонсоң таң қалатын.
Сен –Иван,
Мен- Варвара жарасып тұр,
Сен менің мазамды алып жылама құр.
Сөзіңе айтқан сенің сенбес едім,
Көзіме түспегенде арба құрғыр.
Қырық жыл жалғыз тұрам нанасың ба?
Күйеуім ерте қайтты науқас еді.
Қалмады артында бір баласы да,
Колхоздың бақшасын күтем баптап,
Қысы- қатал бұл өңір, жазы- аптап.
Жыл бойы осы жерде тұрып жатам,
Келемін әзір аман құдай сақтап.
Тірі жан аяқ баспайт қыста мұнда,
Жылдай ұзақ қыс түні батам мұңға.
Таң ата қойма жаққа бет аламын,
«А как же бас- көз өзің бар тұқымға»
Дегенін бригадирдің ел біледі,
Балақай, танып қойғын сен де мені.
Варвара осы әзілді әдейі айтқан?
Бала мәз боп күлед деп сенген еді.
Ал бала: «Мамам қайда, неге ол келмейді?»-
Деген оймен күні-түні сенделеді,
Маужырап ұйқысы да келмеген-ді.
Найзағай жібергенде аспанды осып,
Шыр етіп Ынтызар да қалған шошып.
Варвара құшағына ап мейір төгіп,
Аспанның ашылуын отыр тосып.
Ал жаңбыр төкті дерсің шелектеп бір,
Үрейге үстемелеп үрей қосып.
Сол түннен Варвараға бауыр басып,
«Тётя» деп еркелейтін кетпей қашық.
Кейде бір «Елім-ай» деп әнге басып,
Шыбықты ат қып мініп шұрқырайтын,
Шу-шулеп, тебініп бір, қамшы басып.
Ал кейде мұңайып бір отырар ед,
Күрсініп өз-өзінен жаны жасып.
Сонан соң: «Менің мамам келмей ме?»- деп,
Ынтызар сұрағанда асып, сасып:
-Келет мамаң сенің, келеді ол,-
Дер еді күнде берер жауабы сол.
Иван түгіл өзін де қалжыратқан,
Байғұсты «мамалатып» қан жылатқан.
Төрт жылда тірі пенде келмеді іздеп,
Жалғасқан бір-біріне жылдар тізбек.
Кім білсін әлі қанша жалғасарын.
Анасы тіршілікте білмей барын,
Жүр ме екен әлдеқайда төгіп зарын.
Ал мұны ұрлап кеткен соғылғанның
Арбасын тапқан менен ізін таппай,
Ізіне түспеді ешкім ұрылардың.
...Түні түгіл бұл байғұстың күні түнек,
Құдайға жалынса да қанша тілеп,
Бір хабар болмай қойды етер тірек.
Бастыққа барғанында көмек сұрап,
Тыңдамай тіптен сөзін құлақ түріп:
-Сен,- деді ата тұрып үстелді ұрып,-
Кешегі бай- манаптан қалған, қаншық,
Шығарғалы келіп жүрмісің мұнда бүлік?
Сендейлер үкіметке жала жауып,
Әменде төндіретін жұртқа қауып.
Сен әлде партияға қарсымысың,
Тастатсам обалың жоқ қазір жауып.
Отырған әлдекімдер араласып,
Баласы жоғалған соң қара басып...
Ұрлап кетті дегенің сенің артық
-Балаң, бәлкім, орманда жүр адасып,
Жүр- жүрлеп
Кабинеттен алып шыққан,
Ал бастықты көрген сайын бұғып ыққан,
Қорқыныш үрей шіркін қос қабаттап,
Ақыры
Бұл пақырды көрге тыққан.
-Опыр-ау тірімін бе, тірімін бе?
Жаным қап, ес жидым ба, іліндім бе?
Варвара өліп кетсем деп ойлады,
Иваным қалар еді, күнім, кімге?
Анасы бар ма, тірі болса қайда?
Құр ойдан жапа шегу кімге пайда?
Баласын бір сәт болсын ойламай ма?
Кетті ме жастық желік жетегінде?
Дәлелсіз қалай қиям оны ондайға,-
Деп ойлап жиі-жиі күрсінеді.
Қалады құрғыр ойдан құр сүлдері,
Онан да күмәнімді анықтайын,
Алдымда ажал тосып тұрса мейлі.
Сол оймен бас дәрігерге басын сұқты,
Тыңдады ол бұл ақтарған бар сұмдықты.
Сонсоң редакторды шақырып ап,
Өтінді жазуларын бар шындықты.
-Айрылған анасынан бала тірі
Ешкім де шығара алмайд жоққа мұны.
Баланың ұрланғанын жазар болсақ,
Тереңге тартпақ оның тіптен құны.
Өйткені ұстаған жоқ ұрыны ешкім,
Қойыңыз ал әзірге бірден мұны.
Сонан соң біздің елде бала ұрлау
Жоқ тіптен.
Саяси қате мұны ұғынбау.
Баланың кім екенін, аты-жөнін,
Тегінде ата-анасы барма ед оның?
Осыны анық білмей бірде -бірін,
Жобалап дәл келе ме пішкен тоның?-
Деді де Варвараға күлімсіреп:
-Балаңыз кітап оқи ала ма?- деп
Назар сап сауал қойды бірінші рет.
-Оқиды. Кітапхана оқырманы міне.
Енді жаңа кірді, сөздің жаны.
-Біз онда оқырман деп Иван Волков
Берейік суретін танығаны.
-Газеттің Иваны не мынау біздің?..
Табар ек біз солайша бала ізін.
Варвара қатты толқып деген еді.
-Антонина өзің біл сізде тізгін.
Көз салған газеттегі суретке
Оқырман: «О, боже!»- деп күбір етті.
-Ой, мынау Ынтызар ғой, Ынтызар ғой.
Ал олар Иван депті қателесіп,
Жұмыс киімін асығыс жүре шешініп,
Ол дереу жүгірді енді көршісіне:
-Ынтызар, Ынтызар ғой көрші міне,
Бұл баяғы медбике татар әйел
Шешесін жерледік қой әнеу күні.
Әп- сәтте деревня: «Иә»,- десті,
Апырай кім көріпті мұндай кепті.
-Осылай да... осылай да...Ынтызар бұл,
Төрт жыл бұрын Ильичтен жоғалған ұл,-
Деп газетке қоңырау шалынғанын.
Білетіндер баланы табылғанын,
Естігенде Варвара есі шығып,
Дүркін-дүркін шоқынды тәуба қылып.
Ильичтен бір топ адам іздеп келіп,
Бұларды көп күттірмей әкетті іліп.
Ынтызар деумен болды: «Мамам қайда?»
Бар болса құлыншағын қарсы алмай ма?
Топ адам мұны орманға ертіп барды.
Ел жоғы байқалады бұл маңайда
Құлпы тас... анасының суреті...
Көргенде аяқ қолы дір-дір етті.
Мамалап құшақтады құлпытасты
Жылатты тұрған тосып қалың көпті?
Мамалап орман ішін жаңғыртты.
-Жер- ана, сенсің- мәңгі, сенсің- мықты!
Бір қызың құшағыңда жатыр сенің,
Жатқан жері анамның жерұйық-ты.
Анадан тірі айрылып, өлі тапқан,
...Ұрпағың ол да сенің қылар мақтан.
Сен бізге өсиет етіп айтар ең- ау,
Арсыздан аулақ бол деп арын сатқан.
Түйін
Жанынан көретұғын арын ардақ,
Мерт болған арын қорғап талай боздақ.
Дегені «жаным арым садағасы»
Қолыма қалам алдым ойды қозғап.
Мен үшін биік дәйім ардың соты,
Сөнгенше өміріңнің маздақ оты.
Ол бірге сенімен күндіз- түні
Кінәсіз пәк жандардың шалқыр нұры.
Құдайдың бермегенін тартып алып,
Қиянат жасар болсаң жанға ғаріп,
Күйесің, құтылмайсың ар сотына.
Ол сені мазалайды есіңді алып,
Ол сені шырылдатар шоқша қарып.
Тірлігің түнекке бір айналады,
Ашық күнде өтесің көрмей жарық.
Сондықтан
Ар сотынан жан да жүр сақтанып.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: