Әңгіме: Сисекенов Н | Бақытты болуыңыздың кепілі

Әңгіме:  Сисекенов Н | Бақытты болуыңыздың кепілі


Кім болмасын бұл бес күндік өмірде бақытты болуды армандайды, сол жолға, сол қуанышқа, сол сәтке жетуге асығады. Кей жағдайларда адамдар өздеріміз қолымыз жетпейтін айға ұмтылып, басымыздағы бағымыздан айырылып, қолымыздағы барымызды бағаламай жатамыз. Әрине, бұның барлығы өмір. Біреу бақытты отбасым, жұмысым, елім, халқым, дос – туысқандарым деп есептесе, енді біреулер басқаша, өз өмірінің мәні санайтын заттармен елестетіп, соларды бақыт санап жатады. Бақыт – бұл әрбір қуанышты сәттердің қосындысы, жинақталуынан тұрады.

Өмір – бұл адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес сыйлық. Енді осы жерде талай заманнан бері адамдарды ойландырып келе жатқан Мен кіммін? Қайда барамын? Қайдан келдім? Не мақсатпен жүрмін? Түбінде не істеуім керек? деген сұрақтар тууы хақ. Менің ойымша, бұл сұрақтардың жауабын әр адам өз ішінен табады.

Әр бала дүниеге келгенде періште болып, күнәдан таза болып жаратылады. Сондықтан олардың уайым, қайғы көруі мүмкін емес. Сәбилердің иә бақытты, иә бақытсыз болуына ата – анасы, өсірген қоғамын жауап береді. Олар бақытты болуға лайықты. Өсе келе жаман, дұрыс жолды білмейтін ұрпақ өсіп шықса, әрине, оларға өзіміз кінәліміз. Олар бақытты болуға жаратылды ал оны құртқан, тура жолдан тайдырған кімдер?... Адамдар бақытты болуға келді, жалпы, келесі өмірде жұмақ бар деп санаймыз сол рас па? Ертеңгі күні жұмақты іздеп жүріп «жұмақтан» кетіп қалмаймыз ба? Қарап тұрсаңыз жердің бетіндегінің барлығы адам баласы үшін, біздің игілігіміз үшін жаратылған. Ағаш, түрлі жеміс – жидектер, жан – жануарлар, әсем табиғат барлығы адамзат үшін қызмет етеді. Міне, сондықтан біз жұмақта өмір сүріп жүріп келесі өмірге барғанда өкініп қалмаймыз ба? Сендер жұмақта болдыңдарғой, оны менсінбедіңдер демейді ме? деген сұрақ туады. Сондықтан табиғатты барымызды бағалай білейік. Жұмақтағыдай өмір сүрейік. Жердің бетін шынымен жұмаққа айналдырайық. Бір – бірімізге әрдайым жанашыр болып, жауыздықтан, арамдықтан, көре алмаушылықтан арылайық. Сонда ғана барлығымыз бақытты, бауырымыз бүтін өмір сүреміз. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с) «Бұл өмірде адамның барлығы бақытты, бірақ өздері білмейді» деген екен, сол үшін бақытты өмір сүруге ұмтылайық. Енді бақытты болуымыз үшін не істеуіміз керек? Бақытты болуымыз үшін тек ізгілікке, айналадағы адамдарға көмектесуге, мейірімділікке, қайырымдылыққа толы армандарымыз, алға қойған мақсаттарымызды құруымыз керек.

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға, –

деп Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай арманды да дұрыс құру керек. Жалпы, әр адам өз өмірінің сценарийін өзі жазады, өзі авторы. Яғни, өз өмірін өзі құрады, өзі жоспарлайды. Енді қалай дейсіз ғой? Яғни, армандар арқылы, ертеңгі күнге деген сенім арқылы. Мысалы, оятқышты қоюымыздың бір себебі, ертең оянатынымызға сенеміз, содан кейін солай болады да. Сенім жоғалған жерде ештеңе де өнбейді, дамымайды. Алға мақсат қоюмен ғана шектелу ол – ақымақтық. Жетістікке жету үшін міндетті түрде жұмыс жсауды жақсы көру қажет емес, маңыздысы жұмыссыз отыруды сүймесеңіз болған дегендей, сол қойған мақсатқа, армандаған мұратқа жету үшін қадам жсауымыз керек. Сол кішкене жасалған қадамдар арқылы арманымыз орындалып, мақсатымызға жеткенімізді сезбей де қаламыз. Бірде бір жас адам бөлмесіне картина ретінде өзінің армандайтын үйінің, машинасының суретін салып іліп қояды. Ол бірнеше жылдар бойына ештеңеге алаңдамай жұмыстарын жасап жүре береді. Бірде басқа қалаға қоныс аудармақ болып заттарын жинастырып, қоймаған қалдырып кетеді. Бірнеше жылдар өтіп, жаңа үйге орналасқан соң ескі затттарын қажетсініп алдырады. Сол бір қораптың ішінде өзі салып, ұмытып кеткен сол баяғы үйінің ішінде өзі отырғаның көріп көзіне жас алады. Бұдан түйгеніміз армандар ерте ме кеш пе түбі орындалады. Тек сол жолда еңбектенсек болғаны. Бақытты өмірді қаласаңыз тек оны адаспай құра, жоспарлай білуіңіз керек, сонда ғана сіз бақытқа жетесіз. Дұрыс таңдап қадам жасасаңыз жеткілікті. Ойымды қорытындылай келе, Ф.М. Достоевскийдің «Бастысы өзіңізді алдамаңыз» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Әр адам бақытты болуға лайықты және де бақытты болады да, тек оған сіздің өмірлік армандарыңыз, мақсаттарыңыз ғана кепіл бола алады.

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Механика – математика факультеті

Сисекенов Н.Д. nurbolat.94s@mail.ru


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Сисекенов Н Бақытты болуыңыздың кепілі туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Сисекенов Н Бақытты болуыңыздың кепілі на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]