Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мұғалім және өнер

Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Мұғалім және өнер


(Мұғалімдердің «Наурыз шапағаты» өнер фестивалі хақында)

Мұғалімдер білімге асқақ кенелген,
Шәкірт кеуде сол арқылы еленген.
Би билесе, ән салса олар – өнерпаз,
Тұлабойын кенде етпеген өнерден.

(«Мұғалімдер» өлеңінен)

Сыр өңірінде бастау алғанына да 20 жыл толған «Наурыз шапағаты» өнер фестивалі туралы республикалық «Халық» газетінің осыдан екі жыл бұрынғы 2015 жыл, 19 наурыздағы санында Арал аудандық мәслихатының депутаты Нұрбай Жүсіп облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Райкүл Мансұрқызы Байназарова жөнінде жазған «Киелі салаға үлес қосқан аяулы жан» атты өзінің мақаласында былай дейді:

«...Райкүл Мансұрқызы ел Тәуел­сіздігінің алғашқы қиын кезеңінде де руханият саласын өркендетуді мықтап қолға алды. Ол өзі ұстаз ретінде, ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ұлағатты сөзін әсте естен шығармады. 1995 жылдан бастап білім қызметкерлері арасында өнер дарын­дыларын іздеп тауып, оларға өнерлерін шыңдауға барын­ша көмек көрсету мақсатында 2 жылда бір рет «Наурыз шапағаты» фестивалін үзбей ұйымдастырып келеді...»

Тәңірім туған жерге берген еді,
Елі де өнеріне сенген еді.
1922 – Қазалыда
Өмірге Роза әнші келген еді.
Әнменен өңі кіріп ажарының,
Тек қана қызы болмады Қазалының.
Жайылып шартарапқа әнші есімі,
Айналды мақтанына қазағының.

Өткенге ой назарын саламыз ба,
Жетейік осылай шын бағамызға.
Қазақтың театры 26-да
Ашылды Қызылордадай қаламызда.
Осылай мәдениетім тасқан еді,
Артына өшпес ізін тастап еді.
Драма театрым өз жұмысын
«Еңлік-Кебекпенен» бастап еді.

Екі жылда бір рет өткізілетін ұстаздардың «Наурыз шапағаты» өнер сайысының 2000 жылғы III фестивалінің ақпан айындағы аумақтық турына №25 Қожабақы мектебі сол жылғы «Мәдениетті қолдау жылына» орай жасалған «Сыр ұққан өнер құстың қанатынан, елім бар ән мен жырдан жаратылған» бағдарламасымен қатысқан еді. Жоғарыдағы өлең жолдары осы бағдарлама аясына «Шежіре сыр шертеді» деген тақырыппен енгізілген болатын.

1998 жыл. Білім қызметкерлерінің II «Наурыз шапағаты» өнер фестивалінің аумақтық турына Қожабақы мектебінің ұстаздары «Мен қазақпын тараған Көк түріктен» бағдарламасымен қатысты.

Тағы да Нұрбай Жүсіптің жоғарыдағы мақаласына кезек берейік:

«...Фестивальге қатысушылар ән, би, көркем сөз оқу, вокалды топтар, ансамбльдер, оркестр, қолөнер шеберлері, т.б өнер жанрларында өз шеберліктерін танытып, сайысқа түседі.

Фестивальдың өтілу жұмыс тәсілінде аудандық әділ қазылар алқасы аумақтық турларға қатысып, аудандық турға лайықты өнерпаздарды таңдап, концерттік бағдарлама дайындайды. Аудандық турға облыстық деңгейдегі әділ қазылар алқасы келіп, облыстық турға үздік номерлерді таңдайды. Облыстық қорытынды концертке қатысушылар облыстық «Наурыз шапағ­аты» фестивалінің лау­реаты атағына ие болады.

Қорытынды концерт наурыз айының аяғында Қызылорда қаласында Н.Бекежанов атындағы театрда өтеді...»

Жоғарыда айтылғандай, 1998 жылғы II фестивальдың аумақтық турында келесі турға өнерпаз таңдауға келген қазылар алқасы №25 мектептің концерттік ұжымын аудандық фестивальға қатысуға шешім шығарды.

Аудандық фестиваль барысында концерттік ұжымның көркемдік жетекшісіне және 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» болғандықтан, өнер мен тарихты ұштастырып жасаған №25 мектептің «Мен қазақпын тараған Көк түріктен» бағдарламасының авторына, осы жолдардың авторы, аталған сценарий-бағдарламасы үшін білім қызметкерлері аудандық «Наурыз шапағаты» өнер фестивалінің лауреаты атағы беріліп, диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды және мектепке аудандық фестивальдың III орны беріліп, бағалы сыйлықпен марапатталды.

Тағы да өнер мен мәдениетке байланысты жазылған 2000 жылғы III фестивальдағы «Шежіре сыр шертеді» өлеңінен үзінді:

Ол жылдар өнер қырға өрлеп еді,
Бұл топты өзгеге кім теңгереді.
1967 – «Досмұқасан»
Құрылып, өнер жолға келген еді.
Мінеки, осы топтың бағы мында –
Бақ сынады жаңаша жол ағымында.
Қазақтың музыкалық фольклорын
Жаңғыртты эстрада жанрында.

Сүйген жан шын сезімге жазалы ма,
Ғашықтық салған еді азабына.
1970-те «Қазақфильм»
Ұсынды «Қыз Жібекті» қазағына.
Қазағы ә дегеннен елең етті,
Жаны мен рухына керек етті.
Осындай өшпес фильм жасап кеткен
Қожықов Сұлтан қандай керемет-ті.

Перзенті өнерімен сүйер елді,
Ол-дағы талантына сүйенген-ді.
1977 – Роза қыз
Бас жүлде «Алтын Орфей» иемденді.
Бұл жеңіс сезінгенге балдай тәтті,
«Әлия» әні шет аспанда самғай қапты.
Қаршадай қазақ қызына Болгар елі
Сүйсініп, қолын соғып таңдай қақты.

«Ұстаздықтың асқақтап тұнық бағы, өнерден келді бүгін сыр ұққалы» атты бағдарламамен қатысқан 2002 жылғы IV фестивальдың аумақтық турында қазылар алқасы №25 мектептен аудандық фестивальға баруға 1999 жылы жазылған, мектептің 50 жасқа толуына және 50-түлектерін ұшыру құрметіне байланысты дүниеге келген «Қожабақы мектебінің вальсі» (өлеңін жазған – Ғ.Қожахмет, әні – К.Өтеп) әнін айтқан ұстаз қыздардан құралған топты іріктеп алды.


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Ғабиден Қожахмет Мұғалім және өнер туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ғабиден Қожахмет Мұғалім және өнер на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]