Әңгіме: Ұстазға деген махаббат
Қолым боста студент кезде арнаған қойын дәптерімді ашып оқыдым…Ішінде талай–талай естеліктер жазылыпты. Өткен күндердің қызықты сәттері көз алдыңа тізіліп еске түседі. Парақтап отырып, ішінен ерекше бір жазылған естелікке көзім түсті. Иә, нағыз естелік деген осы болар! Мектеп бітіргенімізге 2 жыл толғанда ұстазымның маған арнап жазған естелігі екен. Ал, мектепті бітіргенімізге 14 жыл өтіп, арамыз алшақтаса да ұстазыммен әлі күнге дейін хабарласып, кездесіп тұрамыз.
Мен үшін шын жүректен жазылған сол бір ізгі тілектердің арқасында оқуымды қызыл дипломмен аяқтап, мамандық иесі болып, білімнің биік шыңына өрмелеп, өмірдегі асқар таудай армандарымды орындауға тырысып келемін.
Сол ұстазым - Маханбетова Гүлайым қазіргі таңда Панфилов мектебінің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 5-сыныпта жетекшілікке алғаш келген күннен бастап, өте қарапайым, ақылдылығымен, жүріс-тұрысымен мені өзіне бірден баурап алған еді. Қазақ тілінен олимпиадаға сен барасың деген күнінен бастап арамыз жақындай түсті. Ұстазға деген сүйіспеншілігім арта түсіп, айнымас достарға айналдық.
4-сыныпқа дейін анама еліктеп, бастауыш сынып мұғалімі боламын деуші едім. 5-сыныпқа өткеннен соң, ұстаз махаббаты жеңіп қазақ тілі мен әдебиетін таңдадым.
Міне, «Армандар орындалады - мақсаттар айқын болса» - деген рас екен. Қазіргі таңда ұстазыммен әріптес болып, хабарласып отырамын. Өмірдегі екінші анама, сыр бөлісер сырлас досыма айналып үлгерген десем, артық айтпағаным.
«Ұстаз бен шәкірт арасында ұмытылмас достық болады. Кім де кім ұстазымен ұмытылмас достықта болса, ол жан үлкен бақытқа ие болады»- деп жазыппын мектепте оқып жүргенімде.
Ұлағатты ұстазыма арнап күнделігімді шимайлап, әр кездерде жазылған шумақ өлеңдерімді де тізгім келіп отыр.
Ең аяулы ұстазым менің,
Болдың маған қимас дос өзің.
Жүректегі бар тілегін,
Арнайды сізге өз шәкіртің.
Оқыттыңыз жеті жыл бізді,
Үйреттіңіз бар білімді.
Жақсы көріп қалыппын ғой,
Өз анамдай ұстазым сізді.
Ұстазым менің ұстазым,
Келеді өзіңе ұқсағым.
Сіздей ұстаз бола алсам,
Орындалар арманым деп шын ниеттенген екенмін балалық, жастық шағымда…
* * *
Ұстазым- екінші анам аялаған!
Шәкіртінен білімін аямаған.
Әрбір айтқан ақылың жүрегімде,
Керек кезде болады сая маған!!!
* * *
Жан ұстазым жақсы көрем өзіңді,
Сағынышым түсіме және енгізді.
Кездесіп бір қауышыппыз екеуміз,
Шын асыға күтер едім сол күнді.
* * *
Жан ұстазым түсіме жиі кіресіз,
Түс қадірін сағынсаңыз білерсіз.
Шексіз менде сізге деген сағыныш,
Сонда да сіз жауап қатпай жүресіз.
* * *
Сағынып сені ұстазым,
Есіме әр кез аламын.
Естігім кеп даусыңды,
Қоңырау әр кез шаламын.
Сағына берем өзіңді,
Ол үшін айып етпеңіз.
Жолдаған үзік бұл сырды,
Шәкіртіңіз деп біліңіз.
* * *
Екінші анам бола білдің өмірде,
Сырларым жоқ сізге айтпаған көңілде.
Достығымыз мәңгі болсын тілерім,
Риза болам маған көңіл бөлгенде.
* * *
Білім берген шаршамай бізге,
Ақылменен салатын жөнге.
20 жыл бірге дос болдық міне,
Мың алғыс айтам ұстазым сізге.
Мақтарал ауданы, Асықата кенті
"Нәзір Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ" КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиетә пәні мұғалімі Тультаева Перуза
Әлеуметтік

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Әңгіме: Мектеп білім мен тәрбиенің ошағы
» Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ұстаздарын ұлықтаған әр түлегін ұмытпаған білім ордасы
» Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мектебінің өткенін де ұлықтап Бүгінінен білім іздер жас ұрпақ
» Әңгіме: Мұғалім кәсібі туралы ойлар
» Әңгіме: Қалдырған ізің мәңгілік

Іздеп көріңіз: