Әңгіме: Қарияның жауабы

Әңгіме: Қарияның жауабы

Орта жүздің аты шулы билері Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек пен қанжығалы Әлібек батыр ел аралап келе жатқанда оларға бір қария кездеседі.

Жәнібек би қарияға: «Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді?» деп сұрақ қояды.

– Ауыл ақсақалы шала болса,

Жігіттері алты ауыз ала болса.

«Ә» десе, «мә» дейтін,

Жасы үлкенін кішісі

Сыйламайтын көңілі қара болса,

Сол ауылдың берекесі кетеді, -дейді қария.

Сонда Қазыбек би тұрып: «Уа, ақсақал, үй берекесі қайтсе кетеді?» – дейді.

– Әйелі қабағын түйіп керілсе,

Шай қойып беруге ерінсе.

Келіні керіске сай болса,

Қызы сумақай болса,

Сол үйдің берекесі кетеді,– деген екен қария.

– Уа, ақсақал, не жақсы?

– Атың жақсы болса,

Тіршілікте мінген пырағың.

Балаң жақсы болса,

Жанып тұрған шырағың.

Әйелің жақсы болса,

Досың маңыңа жиналып,

Рахаттанар қонағың.

– Ал, не жаман, қария?

– Атың шабан болса,

Тіршілікте көрген азабың

Балаң жаман болса,

Ғұмырлық көрген тозағың,

Әйелің жаман болса,

Досың сенен безініп,

Үйіңнен кетер қонағың.

Қарияның жауабына риза болған билер еліне меймандыққа шақырып, ат мінгізіп, тон кигізген екен.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Қарияның жауабы туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Қарияның жауабы на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]