Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Масс медиа ықпалы

Әңгіме:  Нұрбол Бимұрзаев | Масс медиа ықпалы

БАҚ-тағы бір мақаладан үзінді:

1960 жылдары Микронезия аралдарында өзіне қол жұмсау дегенді ешкім білмейтін. Кейін едәуір түрде көбейе бастап, 1980 жылдары дүние жүзі бойынша алдыңғы орынға шықты. Кішкентай ғана аралдағы жастардан болмашы ғана себептерді желеу етіп өміріне қол салатындар көбейіп кетті. Мұның себебі ақпарат құралдарында жарық көрген бір оқиға болатын. Сима атты 17 жасар жеткіншек әкесімен ұрысып, үйден қуып жіберген әкесіне жауап ретінде асылып өледі. Бұл оқиға ақпарат құралдарының ықпалымен құлақтан құлаққа жетіп, Симаның өлімі тәкаппарлығына нұқсан тигенсымақ жастар арасында өзін көрсетудің ритуалы халіне айналды. Жастар арасында осындай мәндегі өлеңдер, көше дуалдарында, футболкаларда жазылған жазулар көбейіп жастардың санасында қалыпты құбылыстай орныға бастады...

Жоғарыдағы мысалда өткеніндей жаман жаңалықтардың эфирге шығуы арқылы осындай мәндегі жамандықтың басқа жерде де қайталануы арасында байланыс бар екендігін көруге болады. БАҚ-та бір жаңалықтың жариялануы адамдардың ол нәрсені қалыпты нәрседей қабылдай бастауы, ол уақиғаның өзінен де жаман екендігі сөзсіз.

Шетелдік кино, сериалдарда көп қылықтар біздің қазақи менталитетке жат, арсыз қылықтарға толы екендігін байқауға болады. Бірақ уақыт өте келе адамдардың санасында сол тірліктер қалыпты құбылыстай орныға бастады. Шетелдік кинолардағы арсыздықты батыстықтар еркіндік деген ұранмен перделегісі келеді. Ал негізінде адам мен малды ажыратып тұрған бірден-бір фактор ар-намыс, ұят сезімдері емес пе?

Ар-намыс тек адамға ғана тән қасиет. Егер ар-ұят жоғалатын болса, малдан парқымыз қалмайды. Бұл тақырыпта Асанәлі Әшімов ағамыз осындай арсыз көрсетілімдерді заңмен тыю керектігін айтқан болатын. Сондай-ақ кинода қандай да бір болмашы себеппен ажырасып жатса, дәл сондай себепке тап болғандар санасына сіңіп қалған сценарий бойынша ажырасуға даяр тұрады. Кинодағы ашуланған кезде көрсетілетін дөрекі мінез, зорлық-зомбылықтар да дәл соны қайталауға себеп болады.

Түркиялық психолог Ректор проффессор Ахмет Атаоғлу кинодан тәлім алудың зиянын былай түсіндіреді: «Ашудан немесе қайғыдан есін, ойлау қабілетін жоғалтатын әрекеттер де өзіне қол салуға немесе алдындағы адамға зиян беру әрекеттеріне итермелеуі мүмкін. Әсіресе бейнелі көрсетілімдерде осындай мәндегі эпизодтар орын алуы қоғамға және жастарға әсер етпей қоймайды. Теледидарда өзіне қол салу хабарлары көбейген сайын, осындай мәндегі оқиғалар, әңгімелер адамның санасына отырған сайын, алдағы күні алдынан шыққан келеңсіздіктерде санамыздағы қалыптасқан осындай әрекеттер орын алуы мүмкін.

Теледидардан романтикалық байланыстардың құлдырауы секілді себептерден өзіне қол салу және сол сияқты басқа да өмірлік жағдайларға тап болғанда, теледидардан көрген дәл сондай жағдайдағы кейіпкердің әрекеттерін қайталай бастайды. Сондықтан теледидардағы көрсетілімдер және ақпарат құралдарындағы басылымдар әсіресе жастарға әсер ететін өзіне қол салу әрекеттеріне романтикалық бояу қоспағандары жөн. Мүмкін болса өзіне қол салу хабарларына мүлдем орын бермеу, күн тәртібіне қоймау керек. Орын берілмесе зияны болмайды, ал орын берілсе зияны көп болады.»


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Нұрбол Бимұрзаев Масс медиа ықпалы туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Нұрбол Бимұрзаев Масс медиа ықпалы на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]