Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Мақалға терең үңілсек

Әңгіме:  Сүлеймен Баязитов | Мақалға терең үңілсек


Аузы-мұрты

«Қоя жесең қой қалар,

Тарта жесең тай қалар»

Бүйте берсең аштан қатып,

Артыңда мал, жай қалар.

Қатыныңды біреу құшып,

Іріккеніңді ұрттап ішіп,

Аузы-мұрты майланар.



Бар арман

Жұмыр басты пендеңіз,

Ішіп-жеуге жаралған.

Сондықтан да жемқорлық,

Қан тамырдай таралған.

-Қорықпайсыз ба дегенмен,

Құрылар деп тор алдан?

-Оны ойлауға уақыт жоқ,

Молырақ қарпу бар арман.





Қайқайды

– Ұрлық жасап байығанды көрмедім.

- Ал өзіңіз...

– Өй, ант атқыр...

Бар болғаны ермегім.



Қол бұлғады

« Сұмырай келсе, су құриды» деуші еді,

Соның шынға айналғаны-ау бұл-дағы.

Әрбір үйге су беретін құбырлар,

Қыс түспей-ақ «құрғады».

Сұғанақтар қаражатты жымқырған,

Көп кешікпей түрмеден қол бұлғады.



Сүлеймен Баязитов


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Сүлеймен Баязитов Мақалға терең үңілсек туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Сүлеймен Баязитов Мақалға терең үңілсек на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]