Әңгіме: Азаттықты аңсаған Алаш
Азаттықтың бастауында тұрған Алаш тұлғаларының идеясын ұлықтау мақсатында Достық жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілген іс-шаралардың бірі «Азаттықты –аңсаған Алаш» атты тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен конференция өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға Алаш қайраткерлері туралы,шығармалары, өмірі жайлы айтып түсіндіру. Оқушыларды еліне қорған, халқына қалқан болған тарих тұлғаларынан үлгі – өнеге алуға тәрбиелеу. Алаш идеясын насихаттау, өйткені ол жаңғыру идеясы. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жетекші ой –жаңғыру идеясын насихаттау.
Осы іс-шара кітапханашылар «Алаш» партиясының қалыптасуы мен саяси ахуалды атқарылған жұмыстары, сонымен қатар алашордашылардың ақталуы мен қазақ интелегенцияларының еңбектері мен шығармаларының жарық көріп, қолданысқа енгендігі туралы мағлұматтар берілді және кітап көрмесіне шолу жасалынды..
Тарих пәні мұғалімдері Алаштықтар ұлттық идея, әлемдік өркениетке кірігудің жолдары мен шарттары және тарихи сағаттың негізгі мәселелері мен бағыттары: Алаш идеясының мәні және қалыптасу кезеңі; Алашордалықтардың ұлттық идея және дін мәселесіндегі ұстанымдары; Алаш идеяларының бүгінгі күнмен тарихи сабақтастығы туралы айтып өтті.
Оқушылар Алаш тұлғаларының еңбектері туралы баяндамалар оқып, өлеңдерін айтып ізденістерін көрсетіп, тыңдарманға ой салар тарихи деректерді сөйлетті.
Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай арманда кетті. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасап және де осындай халқымыздың біртуар азаматтарын, ұлы тұлғаларын құрметтеп, олардың жасаған ерлік істерін ұмытпай қадірлеп жүруіміз керек. Елбасымыз айтқандай «Болашақ жастардың қолында», сондықтан жас ұрпақ тарихта қалған ұлы есімдерді ұлықтап, мол өнеге-тәрбие алып, алға нық қадам басуымыз керек.
Тарих пәні мұғалімі: Сарбасова Альбина Сериковна
Кітапханашылар: Садыкова Р.А. Нурмуханова А.М.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Әңгіме: Махамбетәлиева Зере | Рухани жаңғыру табысты ел болудың кепілі
» Әңгіме: Рухани жаңғыру
» Әңгіме: Рухани жаңғыру
» Әңгіме: Гүлмария Тұрысбекқызы | М.Дулатовтың Оян қазақ өлеңі мен А Байтұрсыновтың Маса өлеңіндегі идея үндестігі
» Әңгіме: Арай ЖҰМАТАЙ | Өнермен өрілген өмір
» Әңгіме: Махамбетәлиева Зере | Рухани жаңғыру табысты ел болудың кепілі
» Әңгіме: Рухани жаңғыру
» Әңгіме: Рухани жаңғыру
» Әңгіме: Гүлмария Тұрысбекқызы | М.Дулатовтың Оян қазақ өлеңі мен А Байтұрсыновтың Маса өлеңіндегі идея үндестігі
» Әңгіме: Арай ЖҰМАТАЙ | Өнермен өрілген өмір
Іздеп көріңіз: