Әңгіме: Өмір деген бір жарқ еткен найзағай

Әңгіме: Өмір  деген бір жарқ еткен найзағай


Аспан астын, жер үстін алай-дүлей етіп, жан-жағыма нұр шашып, найзағайдың жарқылынан көңілшең бұлттардың өзі жылап hәм қуанып отырған шақта “Адам” атауы жаратылды және сол кезден бастап “Ғажайып әлем” деген әлі бітпеген шығарма жазылуда. Ол шығарманың кейіпкерлерінің ішінде сен де, мен де бармын. Жерді, елді жаратқан Тәңірі қандай шебер еді!? Дегенмен, өмір мен адам арасында әлі күнге дейін байланыс орнамаған. “Адам” өзі сияқты басқа да тіршіліктегі жаратылыстармен байланысқа түсе алды. Бірақ, өмірмен емес. Не үшін? Оның жауабы әр қилы.

Адам - ерекше жаратылыс. Қаншалықты саналы болғанымен, соншалықты ақымақ. Алланың өзі адамға саф алтыннан қымбат өмір беріп тұрса да, адам әлемнен осы күнге дейін алтын іздеуден шаршаған емес. Міне, бір дәлелі осы. Бұл ақылдылық па, әлде ақымақтық па?

Ақылдылық десек, оның себебін анықтауға тырысып көрейік. Адам өмірге келгеннен елден өзгеше болуға, жайлы өмір сүруге, жаңағы Алла берген алтындай өмірін жақсы өткізуге тырысады. Ал бұлай өмір сүру үшін міндетті түрде жақсы жағдайды, әлемдегі алтындардың барлығын талап етеді. Ал адам сол үшін мансап, байлық іздейді. Бірақ көпшілігі адамнан наданға айналып жатады. Себебі, байлық көздің нұрына, терінің суына енгеннен кейін бойдан адамгершілік қасиет кетеді. Себебі, өзімізге өзіміз қаншалықты жақындай түссек, өмірден соншалықты алыстайтынымыз бар. Ал, бұл - ақымақтық. Сонда өмір дегеніміз не дейсіз бе?

Алдымен, өмірдің мәні болған адамгершілік жайлы талдау жасайық.

Адамгершілік - бұл Алланың жүрекке қосып берген киелі қаны, мінезі, қасиеті! Қанның ішінде мейірім- шапағат, мінезде-махабат, қасиетте-рух болады.

Мейірім – қаның тулап, бойға тараған шақта, жол-жөнекей жүрекке де соғып, жылу беріп, өкпеге нәр беріп, көңілге барып түнеп, бауырға барып шалқып, бүткіл бойды кезіп шығып, ішкі әлемнен сыртқы әлемге ыстық нұр таратады. Ол – әлемді билейді. Себебі адамның мейірім шуағы жарқыраған шақта күннің нұрының өзі де әлсіз!

Махаббат... Мен өз басым “махаббат жоқ” деп ойлайтынмын. Негізінде бар екен. Ол - жүректің түпкі бөлмесінде, көңілмен бірге жайғасқан дүние екен. Махаббат – бір тылсым күшке, тылсым жанға, құбылысқа құштарлық. Құштарлық бар жерде сезім болады. Сезім бар жерде тәттілік болады. Тіпті, сезіммен ішкен суың зәм-зәм суындай шипалы, сезіммен сөйлеген сөздің бәрі де жанға рахат сыйлай алатын құдіретті күшке ие болады.

Рухты адам - ең мықты адам. Өйткені ол – өмірде болған өзгерістерден қашпайды. Өткенге оралмайды. Болашаққа басқан қадамдары нық әрі шыншыл келеді. Ал шыншыл адам қадірлі, сыйлы болады.

Міне, осылардың бәрі де – адамгершілік. Адамгершілік дегенде, біз ең алдымен “Адам” сөзін талдап алайық. Адам кім? Адам деп дүниедегі жандылардың сырт келбетіне қарап ажыратамыз ба, әлде ішкі әлеміне караймыз ба? Қадір Мырза-әлі айтқандай: “Адам - Алланың шығармасы”. Рас, адам - Алланың жазған, жаратқан шығармасы. Алла әлемді жаратумен қатармонда тіршілік ететін жандыларды да жаратты. Бізге “адам” деген сөзге лайықты жүрек, ойлайтын сана, биік шыңды көздеген арман берді. “Адам” деген сөз -жүрек, сана, сезімнен құралады. Осы 4-ақ әріп, толықтай зерттелмегенімен, бұл күнде мағынасы ұшан-теңіз болып жатыр. “Адам” деген сөзбен тіркестірген “адамгершілік”деген сөздің дәрежесі де топырақ астында қалмасы анық. Адамгершілігі бар адам “Өмір” деген 4 әріптің 40 сыры мен мәнін түсіне алады. Әлемнен іздеп келген жан рахатын таба алады. Онсызда адамдар - жер егесі емес. Олар - жай ғана өмір иесі. Ал енді сол өмір дегеніміз не? Өмір - ұғымы бір, болжамы көп тылсым дүние! Оны әркім әр-қилы көреді. Бірі - махаббат, бірі - өзен, бірі - алыс жолға теңейді. Қадірін де әркім әр түрлі түсінеді. Әкесі жоқтың өмірі қалай?! Анасы жоқтың өмірі қалай?! Баласыздың өмірі қалай?! “Өмір дегеннің не екенін, өлгеннен сұра дер едім” – деп, Мұқағали айтқандай, әркімге өмірдің қадірі әртүрлі. Сондықтан өмірдің түпкілікті түйіні жоқ...

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев бір жырында “Өмір деген- бір жарқ-жұрқ еткен найзағай!”, - дейді. Мүмкін... Мұқаңнын сөзінде де жан болар. Өмір деген - өте алыс жол. Бірақ, оған жету үшін адамның уақыты аз. Өйткені өмір толқыны бір адамның уақыты бітті екен деп, жарға соғуды тоқтатпайды. Өткінші, өтеді, кетеді. Ол - бір тал темекінің шоғындай, бітерде ғана қадірлі...

“Жарқ-жұрқ еткен найзағай” – дедік. Мұқаң неткен шебер десеңізші? Бұл сөзімен ақын өмірдің найзағай жарқылындай тым қысқалығын көрсетіп жатыр. Ал, бір жағынан адам өмірде найзағай ұшқынындай жарқ-жұрқ етіп өмір сүру керектігін, ұшқын сыйлап өту керектігін айтып өткен. Ойымның неліктен осылай өрбігенін білгіңіз келе ме? Досым бірде: “Өмір арсыздардікі”- деп еді. Әрине биологиялық емес, психологиялық арсыздардікі болуы мүмкін. Расымен де, өмір лаулап жанатындардікі, қасқырдай жалма-жан бақыт үшін таласатындардікі. Өмірде қасқыр болу керек те шығар. Қасқыр болған адам ғана бақытты бола алса керек. Өйткені қасқыр болып, бақытың үшін бәсекелесіңді таласаң ғана өмір шыңына шыға аласын. Әрине кез келгенді қанын шығарып жеу емес, керек кезде жеу керек, талау керек. Сонда ғана біріншілікті қолға аларсың. Бірақ бұл өмірді түсіну деген емес.

Меніңше, өмір сүру деген - әлемге бір жарқ етіп ұшқын сыйлап, қорқыныш hәм жарық сыйлап, айдың төңірегіндегі бұлттарды соғыстырып, жан айхайыңды бір күркіретіп, артынан ай нұрына айналып немесе күн шуағына еніп, әлемге нұр шашу, ол әлемді жаңағы жарқылың арқылы сөйлету. Міне, өмірді түсіну, өмірмен байланыс деген осы шығар. Адамзат зарығып күткен байланыс дәл осы. Өкінішке орай бұл байланыс әлі болған жоқ. Себебі, бұл күндерде шынайы адам да, қияли адам да көп. Олар өмір түгіл бір-бірін түсінбей жүр. Ең алдымен солар бір-бірін түсіну керек. Сонда ғана бір көзқараспен өмірді зерттеу басталады, сонда ғана бір натиже болуы мүмкін. Бір күн келеді – жаратылыс пен өмір ортасында тәтті бір байланыс орнайды. Ол күн - ақырғы заманның ақырғы күні болады!..

Нұрлан Әбдікәрімов,

ТарМУ студенті

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Өмір – деген бір жарқ еткен найзағай туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Өмір – деген бір жарқ еткен найзағай на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]