Әңгіме: Аккожа Мажит | Байырғы қазақ метрологиясы

Әңгіме:  Аккожа Мажит | Байырғы қазақ метрологиясы

Байырғы қазақ метрологиясы кәсіптік қажеттілікке байланысты қалыптасты.

Жылқыға байланысты:

Жылқы байлам

Ат шаптырым жер

Бие сауым уақыт

Ұзындық, уақытқа байланысты:

Бір қыдыру жер

Түстік жер

Айлық жол

Күндік жер

Арпа өлшемі:

Шығыс елдері бойынша ең кіші салмақ және ұзындық өлшемі ретінде қолданған.

1 арпа = 45мг

6 арпа = 1 бармақ өлшеміне тең

Табан өлшемі - орташа ұзындық өлшемі. Адымның бестен бір бөлігіне және адам бойының алтыдан бір бөлігіне тең болған. Ағылшындар «футы»- деп атайды.

Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық. Аршын – ежелден бері қолданып келе жатқан, адамның шынтағы мен саусақ ұшының арақашықтығына негізделген өлшем бірлік. Вавилонда локоть атаумен пайда болған.

1 шынтақ = 45см тең

Бармақ өлшемі

Адам саусағының ортаншы буынының еніне негізделген. Ағылшындар тілдерде «дюйм» деп атайды. Аударғанда «бас бармақ» дегенді білдіреді.

1 бармақ=25 мм

Ұзындық өлшемдері

Тұтам – бес саусақты жұмғандағы көлденең ұзындық.

Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы аралық.

Сынық сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі.

Қарыс сүйем-бармақ пен ортаңғы саусақ аралығын қамтиды.

«Бір қарыс» – шамамен ересек адамның қолын жазғанда бас бармағының ұшынан шынашағының ұшына дейінгі ұзындыққа тең бірлік. Шамамен 15-18 см.

Салмақ өлшемдері

Қадақ – 200 грамм (кейбір әдебиетте 400 гр.).литр
Бір шелек (су, сүт) – 10 литр.
Бір торсық (айран) – 6-7 литр.

Бір көнек -6-7 литр
Бір саба (қымыз) – 10-15 литр.
Бір қап (ұн, қант) – 50-60 кг.
Бір арқа (жүк) – 45-50 кг.
Найза қап, қанар – 70-80 кг.
Пұт – 16 кг, жуық.
Бір құлақ су – 3- 4- текше метр.
Батпан - әр елдің өлшемі әр түрлі. Балуан Шолақ көтерген 51 пұттық таразының тасы да бір батпан.

Көлем өлшемдері

Уыс – қол саусақтарын жымдастыра бүккенде шұңқырайған алақан аясының іші, алақанға сиярлық мөлшер.

Құшақ – қауышқан екі қолдың ішкі жағын қамтитын адамның алдыңғы иіні, қойын.

Ұлтарақтай – адам табанының көлемі.

Тулақтай – мал терісінің көлемі.

Үй орнындай – киіз үйдің ішкі көлеміндей.

Бір танап жер – гектардың алтыдан бір бөлігі.

Бір мойын жер – жарты гектар.

Бір айдам жер – бір гектар.

Көлдей – өте көлемді, кең.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Аккожа Мажит Байырғы қазақ метрологиясы туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Аккожа Мажит Байырғы қазақ метрологиясы на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]