Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Абайдың поэмалары туралы
Абайдың оригиналдық поэмасы үш шығарма: "Масғұт", "Ескендір", "Әзім".
Бұл үш поэманың бәрі де ақынның қазақ өмірінен, соның ішінде бұрынғы шығармаларындай, өз ортасы, өз дәуірінің болмысынан алған шығармалары емес. Үшеуі де шығыстық дастан аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сюжеттерге құрылады.
Тегінде, Абай бірнеше өлендерінде поэма жазуды өзіне мақсат етпеген тәрізденетін. Сонда Әзірет Әлі айдаһарды жазғаным жоқ, сары ала қызды жырлағам жоқ деп бір кезек айтса, тағы бір уақытта ел шапқан батырды, қызықты қыздырмалап айтсам, қызығып тындар едіңдеп, оқушыны шеней түсетін. Жәй бос уақыт өткізетін қызықшыл, қысыр кеңесті құмарланып тындар едің дейтұғын.
Ондай әңгімелі өлендерден Абай өзі ойлаған өсиеттік, адамгершілік терең тәлім-тәрбие туа қоймайтындай көретін. Өз басының ұзақ ақындық еңбегі бойында Абай поэма жанрына анықтап зер салған жоқ. Тек, кейін тәрбиесінен шыққан шәкірт ақындарына ғана әр алуан тақырыптар беріп, анық поэма дерлік күрделі сюжеті бар шығармаларды соларға жазғызады. Ал, солай бола тұрса да, өзін-өзі тежеп, ақындық шығармаға жанр жағынан да арнаулы қатал талап қойған ақынның, жоғарыда аталған, үш поэманы жазғанын көреміз.
Бірақ жалпы алғанда, көлемдері азғана, оқиға, сюжеттері шағын шыққан осы поэмалардың да негізгі идеясы мен мақсаты Абайдың көп лирикалық шығармаларындай, ұстаздық тәрбиелік ойларға арналғанын көреміз. Өзі көп дәстүрлерін қабылдаған орыс классиктері: Пушкин, Лермонтовтың, не Байрон сияқты Европа классигінің анық үлкен поэма жазудағы өрнектеріне Абай бой ұрмайды. Олардың поэмалары кең өмірді мол қамтитын, кейде роман- поэма, кейде қалың уақиғалы, шытырман шебер тартысы бар романтикалық поэма боп, көркем, шебер қалыптанса да, Абай сол жанрға қызықпайды.
Осы жылдарды еске алганда, Абайдың біз тексергелі отырган поэмалары, ең әуелі жоғарыда ескерткендей, шағын халдерді алып, содан өсиеттік, ұстаздық ой туғызуға тырысады. Екінші жағынан, Абай өзінің ұзақ шығармалар тудырарлық қуатын байқап, осы тұста тәжірибе жасап көреді.
Енді осы айтылған жалпы жайларды жеке шығармаларынан, үш поэманың эр алуан өзгешеліктерін талқылаудан аңғарып көрейік. Алғашқы тексеретініміз — "Масғұт" поэ-масы. Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бұның уақиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады.
Ең әуелі геройдың аты — Масғұт. Оның тіршілік еткен шаһары — Бағдат. Заманы — Һарон-Рашид халифтың тұсы. Кейін Масғұтта кездесетін қария мұсылмандардың дін аңыздарында жүретін Қызыр, қазақша Қыдыр аталады. Ол, сол айтылған аңыздар бойынша, өлмейтін, мәңгі жасайтын жалғыз жан. Әр заманда, әр ортаның адамына оқта-текте бақ-дәулет әкелетін, ырыс үлестіруші болады. Міне, сөйтіп, осы аталған белгі, деректердің бәріне қарап, біз Абай поэмасының негізі шығыс аңызынан алынған дейміз.
Жалғыз-ақ Абай аңызды өзінің адамгершілік үгітіне мысал етіп, өзіндік ойларын тарату жөнінде үлкен кәдеге жаратады. Поэмада Абай арабтың тарихын, тірлік шындығын көрсетпек емес. Қызырдың қызырлығын да баяндамақ емес. Олардың барлығы да поэманың идея жағынан қарағанда, тек бір көмекші қосымша хал мен жайлар. Анығында олар шартты түрде алынған аңызды, жалпы шартты орта деуге болады.
Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ геройдың — Масғұттың ғана жайы. Сол Масғұтты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, Абай оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітірмек болады. Бұл жағынан қарағанда, Масғұт қай заманның адамына болса да, Абайдың ұғымынша, үлгі боларлық, жоғары дәрежедегі ұжданды адам, нравственная личность.
Абай геройының және бір ерекшелігі — ол өзгеше көрнекті күшті ортадан шыққан адам емес. Орташа көптің бірі. Әдейі дәулет, өмір, құдірет, ақыл-өнермен асырып шығарған адам емес. Халық ішіндегі, қатардағы қалың көптің жас өкілі. Масғұтта осындай сипат, қасиеттер беру арқылы, Абай оны өзінің жоғарыдағы атап берген Бағдатынан, Һарон-Рашидінен, Қызырынан да аулақтап бөліп шығарады. Өзі үгіттеп жүрген жақсы жастардың өз заманындағы мінез-құлқына, арманды адамгершілігіне Масғұтты үлгі етеді. Оның белгісін және де шартты түрдегі аңыздық бояуды алып тастап қарасақ, айқынырақ көреміз. Қызыр шал ұсынатын үш жеміс сол аңыздық бояу десек, ол Масғұттай өнегелі жастың ішінен сырын, қасиетін ашуға арналған оңай ғана бір сылтау десек, соның ар жағында көрінетін Масғұт қандай боп танылады. Ол ақылдылықтан қашады. Байлықтан қашады. Соның екеуін де сынап, талғап отырып, жиреніп шығады. Сол Масғұттың ақылдан қашуы — Абайдың өз басындағы, өз ортасындағы күйге аса жақын келеді. Ол көп айтатын шерлі уайымы бойынша, көп наданның арасындағы бір жалғыздың халін қандай трагедиялық, ауыртпалық хал деп отыр. Масғұтқа Абай сол өз басының аянышты күйін айтқызып отыр. Байлық турасында сөйлегенде де, Масғут Абай заманындағы бай менен сол байлық аздырып жүрген байдың өзін де және оның қоршау-қошеметтерін де сынайды.
Кейін Масғұт қызыл жемісті алғанда, жеңсікшіл, нәсіпқұмар көп жастың жолынан жырақшығады. Ол әйелді, ең алдымен, адамзаттың қақжарымы деп түсінеді. Әйелдің достығын ерекше қадір тұтады. Адам баласына дос боламын деген үлкен адамгершілік талапты өз өмірінің мақсаты етіп қояды. Ер жынысы мен әйел жынысы адамдық алдында терең дәрежеде бағаланады. Осы ойлардың барлығы да біз тексеріп өткен Абай шығармаларында ақынның өзі көп үгітпен көркем жырлар, терең ойлар тудырған тақырыптары емес пе еді?
Ендеше, Масғұт аузыменен Абай өз заманындағы, өз ортасына қанықты болған жайларды айтады. Үлкен гуманист ақын сол өзі таратпақ болған мораль философиясын жаңа түрде шартты мазмұнға байланыстырып ұсынып отыр.
Сөйтіп, шығыстан келген аңыз, мағыналы мазмұны бар легенда немесе притча ақынның өз ойын баяндауда керекке жаратылған творчестволық материал ғана болып отыр. Абайды поэманың оқиғалары қызықтырып жетелемейді. Ол оқиғаларды, адамдарды барлық мінез істерімен, сөздерімен Абай өзінің дағдылы идеясына қарай пайдаланады.
Сөйтіп, бұл поэманың ойы өмір оқиғасынан, тартысынан тумайды. Қайта сол оқиға, тартысының бәрі ақынның ақылынан туады. Осындай сюжетті әңгіме құруда, суреттеп көрсету орнына, баяндағыш ойды басшы ету арқылы Абай бұл поэмасының композициясын ойдағыдай толық көркем, тұтас етіп шығара алмаған. Ол әсіресе осы поэманың екінші бөлімінен аңғарылады. Композицияық құрылыста логика болмай кетеді. Өйткені тұтас күрделі сюжеттік құрылысының шартына бағынса, Масғұттың қызыл жемісті жегеннен кейінгі іс-әрекеттері баян етілгенін көрсек керек еді.
Ал Абайда олай шықпаған. Масғұт қызыл жемісті жеп, әйелдердің достығын алудың орнына, ақылды кісі болып шығады. Іс жүзінде ол қызыл жемісті жеген кісі емес, қайта өзі жемеймін деген ақ жемісті жеген кісі боп, үлкен ақыл иесі боп, тіпті Шәмсижиһан атанады. Ақыл-парасаты арқылы ханның құлы болған делінеді.
Дұрысында, поэма оқиғасының алғашқы бөлімінде жеткен өрісі бойынша, әйелдер достығынан туған мінез оқиғалар, соның айналасындағы тартыстар поэманың екінші бөлімінің үлкен өрісі болу шарт еді.
Ал Абайда — Масғұт бар әйел қауымы түгіл, бір әйелдің достығына да душар болмайды. Оның үстіне, поэманың соңғы бөліміндегі "жынды су" мотив және одан туатын "жұртың жынды болса, ақылды болма, қоса жынды бол!" дейтін қорытындылар Бұл поэманың алғашқы бөліміндеті мінез бен істерге логикалық жағынан да қиыспайды. Оқыстан туған оқшау халдер есепті болады. Рас, екінші бөлімдегі "жынды су" арқылы туатын өрескел өзгерістер мағынасыз емес. Ол да Абайдың кейбір сорақы құбылыстарға қатты мысқылмен, үлкен сатиралық сынмен қарайтынын танытады. Поэма дәл осы жәйін жаңағы айтылған жалпы күйлерден бөліп алады. Бұнда да Абайдың бұрынғы өзіндік өлендеріндегі сыншыл, ажуашыл ойларды көреміз.
...Есер, есірік болмасаң,
Тіршіліктен пайда жоқ, —
дейтұғын ызалы, ащы мысқылдарын еске түсіреді.
Сөйтіп, қорыта айтқанда, Масғұттағы идея — араб шығыс аңызының идеясы емес. Ақын шығармаларының бұрын басқаша жанр, стильде айтылып жүрген идеялары болады. Бірақ сол жәйлары заманындағы халдерден туған сыншылдық ойлар болғандықган, ескі Бағдат тонын кидіргенше, өз тұсындағы қазақтың өзіндік тіршілігінен алып, сюжетті сол болмыстан құрастырып қиюластырса, шығарманың басты идеялары оқушыларына орағытып жетпей, төтелей жеткен болар еді.
Оқиға мен тіл, аңыз материалы бойынша, Абай қазақ оқушысына бөтен реальностьлармен сөздерді қолдана отырады. Бөтен аттар арабтан алынғандықтан, араб сөздері кездеседі. Бірақ, өлендік түр жағынан қарағанда, бұл шығарма төрт жолды шумақтан, он бір буынды жолдардан құралып, анық қазақтың өз үлгісіндегі дастандар түрінде жазылады.
Түп идея Арабстанда болған оқиғаны айту емес, Абайдың өзінің қақ қасындағы сол күнгі қазақстандық шындықтарды білдіруге арналғандықган, поэманың жаңағы аталған өлендік түрі идеялық мазмұнымен байланысты туған болады.
Абайдың екінші поэмасы — "Ескендір".
Біз ең алдымен Бұл поэманың негізінде жатқан тақырыптың төркін-тегі туралы біраз деректер айтып өтелік. Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр — бар дүние жүзі халықгарының аңыздарында, ертегі, дастандарында ерекше орын алған адам. Біз бұл тұста тарихтағы Ескендірдің көпшілікке мәлім жайларына тоқтамаймыз. Аңыздар мен әдебиеттегі Ескендір жәйі Абайдың мына поэмасының тұсында бізге төтелей, жақын деректер береді. Соларға тоқтаймыз.
Шығыс елдерінде, әуелі Иранның аристократиялық аңыздарында Ескендір образы көп әңгімеленген. Сол замандардан бері қарай Византия (Рум) аңыздарында да оның жәйі көп айтылады. Атақты Фирдоуси өзінің "Шахнамасында" Ескендірдің туысын жоғарыда аталған Иран аристократтарының лақабы бойынша баян етеді. Оны Филикустың баласы емес, Иранның шахы — Дараптың (Дарий Үшінші Кадоманның) баласы дейді. Бұл біздің эрадан бұрын 110—335 жылдар арасында Иранда шахтық құрған. Өзі Ахеменидтер әулетінің ең соңғы әкімі болады. Рум әңгімесі де Ескендірдің туысын тарихтан өзгертіп, аңызды әңгімеше баяндайды.
Шығыс ақындарында біздің туысқан советтік еліміз азербайжанның атақты классигі Низами ғана өзінің "Ескендірнамасында" жаңағы бұған шейін жеткен екі тарау аңыздарды теріске шығарады. Ол анық тарихтық шындық бойынша Филикустың (Филипптің) өз баласы етіп жырлайды.
Ескендірді, соңғы тапқан деректерімізге қарағанда, Абай Ескендір жайындағы аңызды, түгелімен сол Низамидің "Ескендірнамасынан" алған.
Азербайжан ұлы классигінің ең зор поэмасы — "Ескендір-нама" сансыз көп оқиғалардан, көп тарау бөлімдерден құрылған аса бай мазмұнды дастан. Ескендірдің жоғарыдағы Дариймен соғысқаны, онан соң азербайжан патша әйелі — Нушабемен кездескені, Ескендір мен Хақан әңгімесі, Қытай, Тұран өлкелерінде жүрген сапарлары және терістік өлкедегі бір ғажайып бақыт, молшылық, әділет орнатқан елдікке ұшырасуы — бәрі де Низамиде мол баян етіледі. Кейін Ескендір Терістік сапарына барып, Яжуждерге қарсы қорған соғады. Осы алуандас толып жатқан шытырман оқиғалы, күрделі сюжеттер тарайды. "Ескендірнаманың" тағы бірнеше тараулары сол Ескендірдің түн тарапына шеккен сапарына арналады. Ол сапарға Ескендір Әбілхаят суын (мәңгі тірлік беретін суды) іздеп барады. Түн дүниесінде, ұзақ қараңғылық сапарында, сан қиыншылықтар ортасында қалың қолмен жүрген Ескендірді бастаушы Қызыр болады. Бұлар іздеген Әбілхаят суын Қызыр жалғыз тауып, өзі ішіп, жуынып алады. Астындағы ақбөз атын да әрі суарып, әрі суға шомылдырады. Бірақ ғажайып су енді Ескендірге білдірмек болғанында, ғайып боп жоғалып кетеді. Сөйтіп, бар Мұсылман аңыздарындағы мәңгі тірлік алған Қызырдың жәйін Низами өз поэмасында осылайша әңгімелеп дәлелдейді.
Сол түн тарапта жүргенде, кезу үстіндегі Ескендірге сыры, жәйі мәлімсіз бір жас кездеседі. Ол жас періште деп айтылады. Сол жан Ескендірге өзгеше сыры бар кішкентай тас береді. "Кейін ойлансаң, осы тастан көп сыр көресің, ой табасың", — дейді. Түн тарапынан Ескендірдің барлық серіктері неше алуан қымбат, асыл тастар алып қайтады. Ескендірдің алғаны жаңағы титтей тас. Кейін Ескендір өзінің ойшылдарымен бірге отырып, сол тасты сарапқа салады. Тас таразыға түскенде, барлық өзге асылдың барлығын баса береді. Оның салмағына қарсы қандай қазына үйсе де, барабар келмейді. Осы күйге қайран болған Ескендірдің қасына Қызыр келіп, бір уыс топырақты кішкене тастың үстіне тастай бергенде, тас жағы жеңілейіп, аспанға көтеріледі.
Сонда Ескендір өзгеден бұрын өзі ойшылдық танытып, "топырақган біткен топырақган ғана тойым табады" деп, терең байлау жасайды.
Міне, біздің білуімізше, Абай пайдаланып отырған сюжет Низами жазған "Ескендірнаманың" дәл осы тұсынан алынған. Бірақ, Абай поэмасын білетіндерге мәлім, жаңағы әңгіменің желісін Абай өзінше өзгертіп, өсіріп алған.
Абай шығыс әдебиетіндегі ұлы классиктер мол баяндаған күйге түгел тоқтап, бағынып қалмайды. Ол аңызды өзінше, көп жағынан өмір шындығына жақындатып, реалистік стильге бұрады. Ең алдымен аңызды Европа тарихы мен мәдениетінен өзі білген Александр Македонский жайына қарай бейімдейді. Ескендірдің әкесі Абайда Филипп болып аталады. Тарихтағыдай оның астанасы — Македония шаһары болады. Және де тарихтық дәл деректер бойынша, ертегілік Қызырдың орнына Ескендірдің тәрбиешісі болған философ Аристотель кіреді. Сөйтіп, адамдары мен олар арасындағы мінез-қатынастарға Абай тарихтық шындықгы негізгі арқау етеді. Аңыздан бұрын тек кішкентай тас (Абайда кішкене көз сүйегі) және оның өзгеше сыры ғана сақталады.
Бұдан өзге Абайдың үлгі іздегіштік, сыншылдық бір ерекшелігі тағы бар. Низами өз поэмаларында Ескендірден бұрын кездесетін Хосрау, Бахрамгур немесе Дарап сияқты, тағы басқа солардай шахтардың барлығын да сынаумен мінеп көрсетіп еді. Жалғыз-ақ, Ескендірге келгенде, Низами оны барлық бұрын-соңғы өмір иесі хан-сұлтанға, шах-әмірлерге анық айыпсыз, мінсіз үлгі етіп көрсеткен. Ол әділетті, ойшыл асыл зат.
Кейін поэманың тарауында Низами Ескендірді даналық дәрежесіне жеткізеді. Дүние жүзінің бар білгіш, ойшылдарының ортасында көрсетеді. Оған бір заман ғайыптан келген ғажайып үн бұдан ары пайғамбарлыққа арналғанын білдіреді. Мұсылманшылық аңызы бойынша, уахи келеді. Ол бар жиһанды кезіп, адамзатқа ізгіліктің жолын танытпақ керек деген әмір болады.
Барлық шығыс поэзиясында Ескендірдің сипаты осы алуандас зорайып, қастерлеп алынған болатын. Ал Абай поэмасына келесек, мүлде олай емес. Жасы әрең жиырма бірге келген, атыраптағы көрші елдердің бәрін бағындырмақ боп, онды-солды қастан көз тастап түрған жаһангер, қан төккіш патша көрінеді. Қанша алса да тоймайтын, қанағатсыз хан бейнесі беріледі. Сол тыйымсыз, тойымсыз әміршінің өз өмірінде жалғыз рет тылсым қуаты бар, жасырын сыры бар және жол бермес тас қақпаға кездесуі Абайша үлкен мол мағынамен келтіріледі.
Ескендір Абай поэмасында дәріптелмей, сыналады. Оған ақылшы болған Аристотель өзінің әмірші патшасынан сонағұрлым биікте, анық қасиет иесі бой суреттеледі. Бұл Абайдың өзі айтатын афоризм, "бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық" деген терең сырлы нақылға дәл келетін халдер.
Осы айтылған жайларға қарағанда, Абайдың әкімшілікке көзқарасы бұрын мұсылман ғаламында болмаған жаңа сыншыл биік ойды танытады. Ескендірге де мұсылманның өткен тарихы, аңыздары, діншіл үгіттері ұйғарған табыну көзімен қарамайды. Азат ойлы, еркін, әділ сыншы шығыс елдері таныған авторитеттің маскасын сыпырады. Өзінің гуманистік, адамгершілік нанымдарының тұрғысынан қарайды. Өз заманының озат ойлы сыншыл жазушыларының туралық ойын таратады.
Бұнымен Абай Шығысқа қатты беделді боп жайылған ұғым-нанымдардың баршасына енді үлкен сынмен, талғаумен қарайды. Көп жәйді қайта бағалайтын, жаңаша саралап беретін ұстаз ақын екендігін танытады. Сонымен қатар айтылатын тағы бір өзгеше күй бар. Ол, Абайдың өзінен бұрынғы шығыс классиктерінің ұлы мұраларына баруда қолданған творчестволық іздену жолдары туралы. Абай Низами поэмасынан әңгімелік көп деректер алады. Бұл жөнде ол белгілі дәрежеде шығыс әдебиетінде жүрген тұрақты бір дәстүрге соғады. Көпке мәлім болған тарихи шындықтар бойынша, шығыста бір классик жырлаған тақырыпты келесі буында, тағы бір шығыс ақыны қайталап әңгіме ететін тың дастандар шығаратын дәстүр бар еді.
Сол қатарда Жүсіп — Зылиха тақырыбын, Ләйлі — Мәжнүн, Фархад — Шырын, Жеті шүғыла және осы Ескендір турасын немесе "құстар тілі" деген сияқгы тақырыптарды бірінен соң бірі қайталап жазған ірі классиктер бар. Олар біреуінің тақырыбын біреуі алуды занды жол еткен. Тек алдыңғының өлеңін алмай және көбінше алдыңғы айтқан оқиғаларды негізінде пайдаланса да, көп жерде өз еркімен өзгертіп отырып, тыңнан жырлап шығаратыны болады. Бұлайша бір тақырыптың әр ақында қайталауы ешуақытта аударма деп танылу керек емес. Ол өзінше бір қайта жырлау, тыңнан толғау немесе ақындық шабыт шалым сынасып, жырмен жарысу есепті бір салт еді.
Шығыс поэзиясы бұл салтты занды деп біліп, осы дәстүрге "нәзира", "нәзирагөйлік" деп атау да берген. Абай сол дәстүрді жақсы біліп қана қоймаған, қолданған да, нәзира жолымен, алдыңғы ақынның поэмасы бойынша қайтадан жаңа поэма жазатын бұрынғы ақындар да кейінгі заманының көзқарасын, творчестволық жаңа поэзиясын танытады.
Мысалы, Низамидің "Хамсасында" жырланған "Ләйлі — Мәжнүн", "Хұсрау — Шырынды" өзбектің ұлы классигі Науаи қолға алып жырлағанда, көп тың жаңалықтар қосқан. Науаи өз дәуірінің ойшылы, өкілі болып отырып, Ләйлі мен Мәжнүннің махаббатына да тыңнан шындық сипаттар берді. Ал "Фархад — Шырында" Низамидегідей емес, Хосрау патшаны үлкен сыншыл оймен әшкерелеп, зұлымдық сыпатта суреттейді.
Абай болса, XIX ғасырдың орыс пен Европаның ағартушылық, гуманистік және сыншыл реализм бағытындағы үлкен үлгілерімен тәрбиеленген ақын болғандықтан, Ескендір жайында өз заманының тың сындарын еркін пайдаланады. Және өз поэмасының соңғы шумақтарында алыстағы Ескендір жайынан әңгіме қозғап келсе де, қорытынды өсиеттерін өз замандарына, өз оқушыларына арнайды. Бұрын өзге өлендерінде өзі айтып келген негізгі ойларға әкеліп саяды.
Адамгершілік, ақтық, шындық, мінезділік жөнінде өзі ұсынған жолдарын белгілі бір аңыз арқылы тағы да көңілге қонымды етіп, таныта түсуге талап етеді. Сол жөнде Абай да, Низами, Науаи, Физули сияқгы, өзі қадірлеген классиктердің нәзирагөйлік үлгісін творчестволық жолмен пайдаланып, қолданған дейміз.
Жалпы композициялық құрылысын алғанда, "Ескендір" — Абайдың ең жақсы поэмасы. "Масгұттай" емес, бұнда сюжеттік құрылыс бастан-аяқ бір түйіннің айналасына топталады. Адамдарының мінездері, істері арқылы біртіндеп ашылады. Соның ішінде "Ескендір" сияқты поэманың бас геройы шығарманың басынан аяғына шейін оқиға арқалығы болып отырады. Барлық суреттер, кездесулер мен қайшы келетін мінез, әрекеттер және түйінді ойлар — баршасы да бір Ескендірдің басымен байланысты болады.
Поэмасының ең соңындағы бірнеше шумақтарда Абай дидактикалық, ойшыл-өсиетшілік қорытындыны Ескендірден бөлек бір жәй етіп айтады. Бұнысы поэманың жоғарыда біз айтқан идеясына байланысты.
Абай бұнда да, Масғұт турасындағы аңызға барғандай, ескілік материалына текке бармайды. Өзіндік өсиеттерін шартты түрдегі аңыз-әпсанаға бөлей отыра, қызықтыра ұсынбақ болады. Сондықтан поэманың әңгімелі, оқиғалы желісін жетер өрісіне жеткізіп болған соң, жырдың аяғын, жаңағы айтқандай, моральдық, адамгершілік байлау мен толғауга, сентенцияға әкеліп тіреуі занды болып көрінеді. Поэманың шумағы, өлең жолдары, буын өлшеуі, қолданатын ақындық сөздігі — бәрі де шешендік, нақтылық жағынан қарағанда, Абайдың ақындық өнеріне сай келген. Бұлар поэманың түтас бітімді шығарма болуына нық жәрдем етеді.
Абайдың 1933 жылғы жинағында алғаш рет басылған бір поэмасы — "Әзім".
Бұл поэманың тақырыбы "Мың бір түн" ертегісінен алынған. Қазақ ортасында ауызша кеп айтылып жүретін "Мың бір түннің" бір тарауы — "Әлидің Әзімі" деген ұзақ ертегі болатын. Сол ертегінің ішінен жас бала Әзімнің жетімдік шағы, жігіттік кездегі басынан кешетін бейнет соры, кейін барып өзінің туралығы, жазықсыздығы арқылы арманына жететін оқигалары Абайдың поэмасына желі, арқау болған тәрізді.
Бұл поэманың ішінде Абайды қызықгырған тағы бір адам — аяр шал болады. Ол шалдың кәсібі өзгеше. Қара тасты алтын ететін амалы бар. Осындай әрекет соңына түскен адамның жайы шығыста ертегі ғана емес. Химия ғылымы деп аталып жүретін алхимия жайынан туған неше алуан жасырын сырлы әңгімелер бар-ды. Ондай әңгіме нанымдар шығыста ғана көп жайылған емес. "Философский камень" дейтұғын, қара тас пен қара металлы алтынға айналдырып, ғажайып сырлы бөлекше бір затты іздену орта ғасырлық Европада талай фантастикалық әңгіме, аңыздарды көп тудырған.
"Мың бір түннің" "Әзім" әңгімесі сол жаңағы жайдың шығыста да өзгеше орын алатынын аңғартады. Бірақ халықгың сыншыл ойы кейін ол әрекеттер арасында болып жүретін неше алуан арамшылық, аярлықтарды танытады. Көпті алдап, жем ететіндерді өз әңгіме, аңыздарымен әшкерелейтін болады.
Абай шығыс ертегісінің осындай өзгеше мән, тартыстарына қызыққан болу керек. Поэманың бастауына қарағанда, әкесі өлген жазықсыз, тәжірибесіз жас баланың аярға кездесіп, алданған бейнесі көрінеді. Бірақ бұл поэма Абайда аяқталмай қалады. Өз уақытында аяқталған болса да, жалғыз ғана қолжазба болып, мезгілімен көшірілмей, тозып-шашылып кетеді. Сөйтіп, соңғы бөлімдері жоғалып қалады. Сондықтан қолда қалған үзіндісі бітпеген поэма болып басылып жүр.
Жоғарыда тексерілген "Масғұт", "Ескендір" поэмасынан мына поэманың жазылу үлгісі басқарақ. Бұнда Абай, Пушкиннің орыс ертегілерін балаларға арнап, өлең еткені тәрізді, жеңіл тілді, қызық оқиғалы әңгіме жасамақ сияқтанады.
Бұл алдыңғы поэмалардай ойшылдық, зор тәрбиешілік мақсаттар көздеп жазылған шығарма емес. Халық аузындағы әңгіменің өзін ғана, барлық оқиғаны рет-тәртібімен жеңіл өлең етіп берудің талабы танылады.
Ал өлендік құрылысына, кейбір сөз кестелерінің, ұйқастарының оншалық Абай шығармаларына лайықты шеберлікке сай келмейтініне қарағанда, бұл поэманы оншалық жоғарғы дәрежедегі көркем шығарма деуге келмейді.
Біздің ойымызша, 1927 жылы осы поэманың текстін Абай шығармаларын жинаушыларға табыс еткен Ырысайдың Ысқағы Абай поэмасының ұмытылған немесе ескірген, қолжазбада өшіп қалған кейбір жолдарын өз жанынан да "төлеу" салып, аламыштап жіберген сияқгы. Өйткені поэманың кейбір ұйқастары, кей кезде жол ішінде сөз құраулары Абайдың ақындық шеберлігіне, поэтикалық лексикасына жанаспайтыны да бар.
Бұлай болмаса, поэма Абайдың тіпті ерте кездерде өзінің ақындық күшін алғашқы тәжірибе ретінде, әр тақырыпты байқастап жүрген кезінде туған, алғашқы черновик есепті бір вариант болуға керек. Қалай да "Әзім" поэмасы, ең әуелі, бітпеген шығарма болғандықтан, екінші, көркемдік, шеберлік жағынан көңілдегідей қалыптанған дастан болмағандықтан, бұл поэма жөніндегі түсінік сөздерді осы, жогарыдағы айтылған жайлармен аяқтаймыз.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: