Әңгіме: Махамбетәлиева Зере | Ел болам десең экраныңды түзе
Күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәтке болсын жеңілдеу мақсатында көпшілігіміз көк жәшіктің көріне қамалып қалатынымыз бар.Түрлі қызықты бағдарламалар мен телесериалдарды көргенде уақыттың қалай зымырап өткенін де аңғармай қаласың.Құдды есірткіге тәуелді адам құсап,теледидарға қалай тәуелді болып қалғанымызды өзімізде білмей жатамыз.Иә,қызығы қызық шығар.Әйтсе де,теледидар жаңалықтың жаршысы екендігін естен шығармағандығымыз абзал.Дүкеннен өзімізге керек затты алған секілді,көк жәшіктің тек пайдалы жағын ғана алуымыз қажет.Әйтпесе,қайдағы жоқ жарнамалар мен пайдасынан зияны көп бағдарламалар зығырданыңды қайнатады.Бүгінде теледидар бүкіл әлемнің,бүкіл адамзаттың күнделікті бір бөлігіне айналды.Кішкентай балақайлардан,еңкейген қартқа дейін теледидардан көз алмай қажетін тауып,тамашалайды.Әрбір үйдің төрінен ойып тұрып орын алатын көгілдір экранның бейнесі жарқ-жұрқ еткен сәулелерімен дүйім жұртты қызықтырары анық.Бірақ,сол қызыққа (құмар ойынға құмартқан ағаларымыз секілді) әйтеуір алып-ұшып құмартамызда тұрамыз.Ол не пәлекет десеңші!?
Теледидар жан азықтың түпкі қазығы. Ұлт болып ұйысқан сәттен,ұлттық рухты бойымызға дәріптеудің орына қашыртып жатқандай сыңайлы. Әйтеуір көгілдір экранның жылтырағына санамызды улатып,ұлттық әдет-ғұрыпымыздан айырылып қалмасақ екен деймін.
Қазір қай каналды ашсаңда екінің бірі үнді мен түріктің телехикаяларына лық толы.Сондағы берер тәрбиесі махаббаттан баз кешкен ғашықтардың қайғылы оқиғалары.Ал,жарнамаларды айтсаң тіптен ұят.Кірерге тесік таппай қаласың кей кездері.Қайдағы жоқ болмашы заттарға шейін мақтауын асырып,жаманын жасырып жарнамалайды.Ұлы сөзде ұят жоқ демекші,еркектің жағасына жармасқан қыздар мен жартылай жалаңаштанған сылқымдардың құйтырқы әрекеттері қаныңды қарайтады.Еріккенннің ермегіне айналған шоу-бағдарламалар саны да аз емес.Мәселен, «Евразия» арнасындағы «Қалаулым» бағдарламасына күніге ақ ит кіріп,көк ит шығады.Жалғыздықтан жабырқаған жүректерді,қалаулысымен қауыштырамыз дейтін бұл жоба әбден жүйкені қарайтып бітті.Өз жұбын өмірден іздеудің орнына көптің алдында мазақ болған қатысушыларға тісіңді қайрайсың.Сондағы көрермендерге берер тәрбиесі қандай?Үлкенге-құрмет,кішіге-ізет танытпай,араздастыруға баулу ма?Әлде,өрімдей жас кезінен болашақ жар іздеуге үйрету ме?Неде болса берер тәлім-тәрбиесі жоқ,ар-ұятты аяққа таптайтын шоу бұл!Мұндай шоулар тек «Қалаулым» бағдарламасымен шектеліп қана қоймайды.Олар көзге көрінбейтін микробтар тәрізді өте көп.Осындай мән-мағынасы жоқ кино мен түрлі бағдарламалардан өскелең ұрпағымыз қандай өнеге алмақ!? Осы бастан бала тәрбиесінде өрескел кино мен бағдарламаларға тыйым салып,салиқалы ұрпақ тәрбиелеу жолында тынымсыз еңбек етіп,жақсылыққа баулиық.Осы мақаламды қорытындылай келе айтарым: «Ел болам десек,экранымызды түзейік!»

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: