Әңгіме: Cүлеймен Баязитов | Бұлақ

Әңгіме:  Cүлеймен Баязитов | Бұлақ


Шың басынан құлдырап,

Құлап аққан тас бұлақ.

Әлденені былдырап,

Айтатындай тұр құлақ.

Әй, балалар, балалар,

Тентекке не шара бар?

Суымды тұнық лайлап,

Мәз боп санын сабалар.

Лақтырып небір қоқысты,

Жағамды сол қоқытты.

Арнама әкеп төгеді,

Күл қоқысты, боқтықты.

Әй, балалар, тентектер,

Басып қансаң шөліңді,

Ластамаңдар төрімді!

Өтінемін сендерден!-

Деп тұрғандай көрінді.



Сүлеймен Баязитов


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Cүлеймен Баязитов Бұлақ туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Cүлеймен Баязитов Бұлақ на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]