Әңгіме: Артур Конан Дойл | Жирен шаштылар қауымдастығы
Былтыр күзде орайы келіп байырғы досым мистер Шерлок Холмсқа кіре шыққам. Үйінде мосқал тартқан, шамадан тыс толық, жалындай түтеген жирен шашты бір джентльмен отыр екен. Ішке кіргім келгенімен екеуара әңгіменің қызып жатқанын көріп іркіліп, қайтып кетпек болдым. Алайда Холмс мені бөлмеге сүйрегендей боп кіргізіп, соңымнан есікті жауып алды.
— Іздегенге сұраған дегендей, нағыз керек кезде келдіңіз, қадірменді Ватсон, - деді ол жайдарылана езу тартып.
— Сізге бөгет жасағым келмеген. Шұғыл шаруамен айналысып жатқандай көрініп едіңіз маған.
— Шұғыл екені рас. Тіпті айтары жоқ.
— Басқа бөлмеге барып тоса тұрсам қайтеді?
— Жо-жоқ... Мистер Уилсон, - деді ол жуанға қарай бұрылып, - мына джентльмен сәтті аяқталды - ау деген ізденістерімнің бәрінде де маған талай рет достық көмек көрсеткен. Мына біздің ісімізге де пайдасы тиеріне еш күмәнім жоқ.
Орындығынан көтеріле түскен жуантық маған қарап басын изеді, май басып жылтырап қалған көзі тұла бойымды тіміскілей шолып шықты.
— Мына жерге, диванға жайғасыңыз, - деді Холмс.
Өзі креслоға отыра кетті де, ойға шомған кездегі әдетімен
екі қолының саусақ ұштарын бір-біріне түйістірді.
— Қадірменді Ватсон, - деді ол, - әдеттен тыс, шетін нәрсе атаулының, бірсарынды тіршілігіміздің шырқын бұзатын нәрсе атаулының бәріне айрықша бейіл беретінімді сөкет көрмейтініңіз маған бек жақсы мәлім. Алабөтен оқиғаларға деген айрықша құштарлығыңыз болмаса бастан кешкен кейбір жайларымды соншалықты ынтызарлықпен қағаз бетіне түсірмес те едіңіз... Дей тұрғанмен, ақ адал шынымды айтсам, кей әңгімелеріңіздің іс-әрекетімді азды-кем боямалап жіберетіні де бар.
— Бастан кешкен оқиғаларыңыз өзіме қашанда кереметтей қызық көрінетіні өтірік емес, -деп қарсылық білдірдім мен.
— Осы жуырда ғана, мисс Сазерленд бізге жеңіл-желпі жұмбағын ұсынар алдында, өзіңізге күнделікті өмірде орын алып жататын елден ерек, оғаш та өрескел жайларды қандай ұшқыр қиялдың да ойлап таба алмайтынын айтқаным есімде.
— Сол араның өзінде-ақ пікіріңіздің дұрыстығына шәк келтіргім келетінін айтып жауап қайтарғам.
— Солай бола тұрғанымен, дәрігер, пікірімнің дұрыстығын мойындауыңызға тура келеді, өйтпеген жағдайда адам айтса нанғысыз алуан-алуан фактіні алдыңызға шаш етектен келтіріп жайып салам да, сізді өзіммен келісуге мәжбүр етем. Басқасын былай қойғанда, жаңа ғана өзіме мистер Джабез Уилсон айтып берген оқиғаны алайық. Шыным сол, мұндай таңғаларлық хикаяны өмірі естіп көрмеппін. Есіңізде ме, ұсақ қылмыстар, соның ішінде тіпті заң бұзушылық орын алған - талмағанына күмән келтіруге болатындары да, аса ірі қылмыстардан гөрі әлдеқайда иістің, ақылға сыймайтындай алабөтен боп шығатыны жайында айтқанмын. Ал мына хикаяда қылмыс деп танырлық жайлардың бар-жоғын әзірше айта алмаймын, бірақ оқиға барысы көңіл аударуға тұрарлық. Мистер Уилсон, рақым етіп, әңгімеңізді қайталап беріңізші. Мұны сізден, досым, дәрігер Ватсон, әңгімеңіздің бас жағын естуі үшін ғана емес, сонымен бірге өзімнің де мән-жайға мүмкіндігінше молырақ қанығуым үшін өтініп отырмын. әдетте, біреулер маған әлденендей бір оқиға жайында Баяндай бастаса болды-ақ, қаперіме осыған ұқсас мыңдаған басқа оқиғаның орала кететіні бар, бірақ бүл жолы бұған ұқсас ештеңе естіп көрмегенімді мойындауға мәжбүр боп отырмын.
Жуантық клиент әлдеқандай болып кеудесін көтеріп қойды, пальтосының қойын қалтасынан ластанып, мыж-мыжы шыққан газетті алып алдына жайды. Ол мойнын созып, хабарландыру жарияланған бағаналарды көзбен шолып жатқан кезде мен де оны қас қақпай қадағалап, Шерлок Холмсқа ұқсап, оның кім екенін киген киімі мен түр - кескініне қарап біліп алмаққа тырысумен болдым.
Өкінішке қарай, менің байқастауым ешқандай нәтиже бермеді деуге болады. Келімсегіміздің қатардағы қарабайыр дүкен иесі, тоқмейіл, марғау, топас біреу екені о дегеннен аңғарылатын. Қолпылдаған кең, шатыраш бедерлі сүр шалбар киіпті, кірлеңкіреген қара сюртугінің ілгегін ағытып қойыпты, ал қара қоңыр жиегінен алтын жалатқан әжептәуір жуан шынжыр көзге ұрады, әлдебір металлдың ортасынан тесілген төрт бұрышты кесегі соның әшекей салпыншағы ретінде салбырап түр. Тозығы жеткен цилиндрі мен барқыт жағасы жымырылып қалған оңып кеткен пальтосын жанындағы орындыққа тастай салыпты. Бір сөзбен айтқанда, қанша қадала қарағаныммен бұл адамның бойынан алаулаған жирен шашынан басқа ерекше ештеңе байқай алмадым. Әйткенмен, оның әлденендей бір жағымсыз жайдың салдарынан қатты абыржып отырғанын аңдау қиын емес-ті.
Бұл кәсібім Шерлок Холмстың бәрін байқап қоятын назарынан қалыс қала алмады, ол маған күле қарап басын изеді.
— Әрине, қонағымыздың, - деді ол, - кезінде қара жұмыста болғаны, мұрынға насыбай ататыны, франкмасон екені, Қытайда болып қайтқаны және соңғы айларда қағаз жазумен көп шұғылдануына тура келгені айтпай-ақ аңғарылып түр ғой. Шүбә келтіруге болмайтын осы фактілерден өзге ештеңені жөнді жобалай алмай отырмын.
Мистер Джабез Уилсон креслоға тіктеліп отырды да, сұқ саусағын газеттен айырмаған күйі досыма бағжия қарап қалды.
— Мұны қалай біліп қойдыңыз, мистер Холмс? - деп сұрады ол - Мысалға, менің қара жұмыспен айналысқанымды қайдан білесіз? Иә, рас айтасыз, еңбек жолымды кемеде ағаш ұстасы боп бастағам.
— Мұны маған қолдарыңыз айтып берді, құрметтім. Оң қолыңыз сол қолыңызға қарағанда етженділеу. Жұмысты көбінесе осы қолмен істегенсіз, сондықтан оның бұлшық еті де молырақ.
— Ал мұрынға насыбай атуды ше? Франкмасондықты ше?
— Франкмасондыққа қатысыңыз барын аңғарудың еш қиындығы жоқ, себебі қоғамыңыздың қатаң жарғысына қарамастан доға мен шеңбер бейнеленген галстук түйреуішін тағып жүрсіз.
Рас-ау! Бұл тіптен есімнен шығып кетіпті... Ал енді қағаз жазумен көп шұғылдануыма тура келетінін қайдан біліп қойдыңыз?
Оң жақ жеңіңіздің жылтырап тұрғаны және сол жақ жөніңіздің шынтаққа таяу жердегі шұғасының теп-тегіс дөң үйкелгені соны аңғартпағанда нені аңғартады!
Ал Қытайға барғанымды ше?
Оң білегіңізден көрініп тұрған әне бір балықтың Бейнесі тек Қытайда ғана инемен таңбалануы мүмкін. Инемен әшекей таңба жасау жайын мен жете зерделегем, тіпті бүл тақырыпта жазған нәрселерім де бар. Балық қабыршағын биязы қызғылтым түспен бояу дәстүрі тек Қытайда ғана тамыр жайған. Сағатыңыздың шынжыр бауына тағылған қытай теңгесін көріп, Қытайда болғаныңызға ақи-тақи көз жеткіздім.
Мистер Джабез Уилсон қарқылдап күліп жіберді.
— Әңгіме қайда! - деді ол - Сізді жұмбақтың жауабын әлденендей құпия сыры бар тәсіл арқылы таба ма десем, әншейін - ақ нәрсе екен ғой.
— Жорамал жасау әдістерімді түсіндірем деп қателік жібердім-ау деген ойға келе бастадым, Ватсон, - деді Холмс. - "Omne ignotum pro magnifico" дегенді білесіз ғой, бұлайша ағымнан жарыла берсем болмашы абыройымның аяқ - асты болатын түрі бар... Құлақтандыруды таптыңыз ба, мистер Уилсон?
— Таптым, - деді анау быртиған қызыл саусағын газет бағанасының орта тұсына тіреп тұрған күйі. - Міне, мынау. Бәрі осыдан басталды. Өзіңіз оқып көріңіз, сэр.
Мен газетті алып, мынадай жолдарды оқыдым:
ЖИРЕН ШАШТЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ
Лебанонда, Пенсильванияда (АҚШ) ғұмыр кешкен марқұм Иезекия Хопкинстің өсиетін орындау мақсатында Қауымдастық мүшелігіне ЖАҢА ВАКАНСИЯ ашылды. Тапсырылған істі орындағаны үшін аптасына төрт фунт стерлинг жалақы ұсынылады. Бұл жұмысқа жасы жиырма бірге толған, ақыл-есі бүтін, қапері бекем кез келген жирен шашты жарамды болуы ықтимал Дүйсенбі күні, сағат он бірде, Қауымдастық кеңсесіне, Флит-стрит, Попс-корт, 7, Дункан Россқа өзі келіп жолығуы қажет.
— Құрып кеткір, мұны қалай түсінуге болады өзі? - деп дауыстап жібердім әдеттен тыс құлақтандыруды екі қайтара оқып шыққаннан кейін.
Холмс дыбыссыз мәз бола күліп, креслода отырған күйі біртүрлі бүрісе қалды, ал мұнысы көңіл хошын тауып, жаны рақатқа батқандығының бірден-бір айғағындай нәрсе еді.
— Бұл өзі дәстүрлі хабарландыруға онша ұқсаңқырамайды, ә? Қалай ойлайсыз? - деді ол -Ал енді, мистер Уилсон, басынан бастаңыз, бізге өзіңіз жайында, үйіңіз жайында және бүл хабарландырудың өміріңізде қандай рөл атқарғаны жөнінде айтып беріңіз. Ал, сіз, дәрігер, рақым етіп, мұның қандай газет екенін және қай күні шыққанын жазып қойыңызшы.
— "Морнинг кроникл", мың сегіз жүз тоқсаныншы жылғы жиырма жетінші көкек. Дәлме-дәл екі ай бұрын шыққан.
— Тамаша. Құлағымыз сізде, мистер Уилсон.
— Әлгінде өзіңізге айтқанымдай, мистер Шерлок Холмс, - деді Джабез Уилсон маңдайының терін сүртіп, - Ситиге жуық маңдағы Кобургскверде несие беретін шағын кассам бар.
Шаруамның бұрын да шалқып тұрғаны шамалы еді, ал соңғы екі жылдағы түсім тек жыртық-тесікті жамауға ғана жарайтындай дәрежеде болды. Бұрын екі көмекші ұстайтынмын, ал қазір жалғыз көмекшім бар; оның өзіне де айлық төлеу маған қиынға соға бастаған, бірақ бүл істің ұңғыл-шұңғылын зерттеуге мүмкіндік алуды көздеген ол жарты ақыға жұмыс істеуге ырзашылық білдірді.
Бүл елгезек бозбаланың аты-жөні кім? - деп сұрады Шерлок Холмс.
— Оның есімі Винсент Спеллинг және ол бозбала жасынан әлдеқашан асқан жігіт. Жасы қаншада екенін кім білсін. Әйтеуір, одан артық тындырымды көмекшіні іздесем таппасым анық. Басқа жерде бұдан екі есе көп айлық аларына күмәнім жоқ. Бірақ маған не көрініпті, гірлігіне разы пейілде жүрген жанды өз мүддеме зиян келтірер іске итермелеп не шаруам бар?
— Шынында да, не шаруаңыз бар? Жолыңыз болғаны көрініп түр: мұндай жұмысқа басқалар төлейтіннен әлдеқайда аз ақы алатын көмекшіңіз бар. Біздің заманымызда мұндай ақпейіл қызметші жиі ұшыраса бермейді - ақ. Көмекшіңіз таңырқауға тұрарлық адам екен, расын айтқанда, тіпті құлақтандырудан да гөрі таңырқарлық.
— Алайда, адалын айтуым керек, оның да өз кемшіліктері бар! - деп сөзін жалғады мистер Уилсон. - Сурет түсіруге мұншалықты құмар адамды өмірі кездестірген емен. Жұмыстың тоқтап тұрғанына қарамай аппаратын шыртылдатады да жүреді, сосын кеуегіне кірген қоян құсап жер қоймаға сүңгіп кетеді де, пластинкасын шығарумен шұғылданады. Бұл оның ең басты кемшілігі. Ал, жалпы алғанда, ол жақсы қызметші, оған ешқандай кінә таға алмаймын.
— Ол қазір де сізде істей ме?
— Иә, сэр. Оған қоса шикілі-пісілі ас әзірлейтін, еден жуатын он төрт жасар қыз бала бар. Сол екеуі ғана, басқа ешкім жоқ, мен өзі әйелім дүние салған әрі бала сүймеген адаммын. Үшеуіміз өте қарапайым тұрмыс кешіп жатырмыз, сэр. Баспанамыз бар, қарызымызды қайтарып тұрмыз - одан артық не керек бізге? Бірақ мына хабарландыруы түскір шырқымызды бұзып кетті. Содан бері дәлме-дәл сегіз апта өтті. Кеңсеге осы газетті ұстай кірген Спеллинг:
— Құдайдың мені жирен шашты ғып жаратпағаны қандай өкінішті, мистер Уилсон, -дегенді айтты.
— Неге? - деп сұрадым одан.
— Міне, қараңызшы, Жирен шаштылар қауымдастығында жаңа вакансия пайда бопты. Оған ие болған адам әжептәуір ақша таппақ. Онда, шамасы, кандидаттардан гөрі бос орындар көп болса керек, өсиетті орындаушылар ақшаны қайда жіберуді білмей бас қатырып жатса керек. Егер шашым түсін өзгерте алатын болса, мұндай тәуір орыннан текке айрылып қалмас едім, - деді анау.
— Ол неғылған Жирен шаштылар қауымдастығы? - деп сұрадым. - Өйткені, мистер Холмс, мен негізі үйкүшік адаммын, клиент іздеп әуреге түспейтіндіктен, олар маған өздері келеді, кейде апталар бойы сыртқа аттап шықпайтын кезім болады. Міне, дүниеде не болып, не қойып жатқанынан хабарымның аздығы да содан, осы себепті жаңалық атаулыға қуана құлақ түрем...
— Апырай, Жирен шаштылар қауымдастығы туралы ешқашан ештеңе естімегенсіз бе? - деп сұрады Спеллинг маған көзін бажырайтып.
— Ешқашан.
— Мұныңыз қызық екен, вакансияға ие болатын адамның бірі өзіңіз ғой.
— Бұдан бірдеңе түсе ме екен өзі? - деп сұрадым.
— Жылына екі жүз фунт боп қалар, одан арта қоймас, есесіне жұмысы жарытымсыз, басқа шаруамен айналысуға кедергі келтірмейді.
Әрине, бұған ә дегеннен аңсарым ауа қалды, өйткені айналысып жүрген кәсібімнен түсетін табыс соңғы кезде тым азайып кеткен-ді, жыл сайын басы артық екі жүз фунт алып тұрғаным артық етпейтін.
— Бұл Қауымдастық жайында білетініңіздің бәрін түгел айтып беріңізші, - дедім.
— Көріп тұрғаныңыздай, - деп жауап қатты Спеллинг маған құлақтандыруды көрсетіп, -Жирен шаштылар қауымдастығында бос орын бар көрінеді, егжей-тегжейін сұрайтын адрес те түр екен мына арада. Білуімше, бұл Қауымдастықтың негізін Иезекия Хопкинс есімді барып тұрған әпенді американ миллионері қалапты. Өзі де от жалынындай жирен болғандықтан әлемдегі жирен шашты атаулының бәрін қанатының астына алуға тырысыпты. Бақиға аттанарда артына қомақты сома қалдырыпты, енді өсиетін орындаушылар соның өсім пайызына жайнаған жирен шашты адамдарды жылы орынға жайғастыруға тиіс көрінеді. Несін айтасыз, төлейтін ақшасы тәп-тәуір, ал істейтін жұмыс жоқтың қасы.
— Жирен шаштылар мың-мыңдап саналмай ма, - дедім мен бос орынға соның бәрі талап қылса ше?
— Ондайлар анау айтқандай онша коп те емес. Көріп тұрғаныңыздай, хабарландыру лондондықтарға, оның ішінде ересектерге ғана арналған. Әлгі американ Лондонда туыпты, жастық шағын осында өткізіпті, сөйтіп туған қаласын жарылқағысы келіпті. Оның үстіне, естіген әңгімем рас болса, шашы құба жирен немесе қоңырқай жирендердің Жирен шаштылар қауымдастығына баруы бос әурешілік болады екен, - ондағыларға керегі тек айшықты, көз қаритын, от жалынындай жирен шашты адамдар көрінеді. Егер бұл ұсынысты пайдаланып қалғыңыз келсе, мистер Уилсон, онда тек Жирен шаштылар қауымдастығы кеңсесіне ақырын аяңдап баруыңыз ғана керек болады. Бірақ, бірнеше жүз фунтқа бола негізгі қызметіңізді қағажу қалдырудың сізге онша қажеті де жоқ шығар?.. -деп жауап қатты ол өздеріңіз байқап тұрғандай, джентльмендер, шашымның көз тартарлық айшықты реңдегі жайнаған жирен болуы себепті жирен шаштылар бәсекесіне түсе қалар жағдайда басқалардан гөрі менің мүмкіндігім молырақ болар еді. Бүл істен мейлінше мол хабардар адам ретінде Винсент Спеллингтің пайдасы тиюі ықтималды, сондықтан терезе қақпақтарын бір күнге жауып қоюға әмір еттім де, бірге еріп жүруін өтіндім. Бүгін жұмыстан босайтынына ол қуанып қалды, сөйтіп біз кеңсені жауып, құлақтандыруда көрсетілген адреске қарай бет алдық.
Мұндай қызықты, мистер Холмс, енді ешқашан көрмейтін шығармын! Шашында жирен түстің шамалы да болса нышаны бар адамның бәрі түгел солтүстіктен, оңтүстіктен, шығыстан және батыстан Ситиге қарай өңмеңдеп бара жатты. Флит-стрит жирендерге лық толды, ал Попскорт аралап жүріп апельсин сататындардың қол арбасына ұқсап кетті. Хабарландыру бойынша қаншама адам жиналған десеңізші! Англияда осынша жирен шашты бар деп ойласаңшы. Жиреннің - сабан түсті, қызғылт-сары, қызыл-күрең, лимон түсті, ирланд сеттерінің жүні түсіндей, от түсті, саз балшық түсті алуан-алуан реңкі кезігетінін айта кету керек, Спеллинг кәдімгідей көз арбайтын ашық, жалындай түтеген бастардың бүл арада аз екенін құлағдар етті. Солай бола тұрғанымен, мынадай тобырды көріп көңілім қарайып, бүл шаруадан бас тартпаққа бекіндім, алайда Спеллинг сөзіме құлақ аспай-ақ қойды. Қалай ретін тапқанын кім білсін, әйтеуір ол жұрттың әрісін әрі, берісін бері итеріп алға жылжумен болды, сөйтіп ақыры кеңсе есігіне бастайтын баспалдаққа да жеттік. Баспалдақпен адам ағыны қос қатар боп өтіп жатты: бірі үміт толы көңілмен жоғары өрлеп бара жатса, екіншісі жабырқау жүзбен төмен түсіп келе жатыр еді. Біз сығылысып ілгері оздық та, ұзамай кеңсеге кірдік.
— Адам сенгісіз хикаяны бастан кешкен екенсіз! - деді Холмс, қаперін қалпына келтіру үшін клиенті мұрнына насыбай атып жатқан кезде. - Иә, айта беріңіз.
— Кеңседе бір-екі ағаш орындық пен қарабайыр қарағай үстелден басқа ештеңе жоқ екен. Үстел басына шашы менікінен де жирендеу шағын денелі шапаты біреу жайғасыпты. Ол үміткерлердің әрқайсысымен қысқа-қысқа ғана тілдесіп, әрқайсысынан әлденендей бір кемшілік тауып жатты. Бұл вакансияны иелену маған оңай шару а еместей көрінді. Әйтсе де кезегіміз келгенде шапаты неме бізге әлдеқайда жылы шырай танытты, сөйтіп бізбен оңаша сөйлесу үшін есікті іштен кілттеп алды.
— Бұл кісі - мистер Джабез Уилсон, - деді көмекшім. - Қауымдастықтағы вакансияға ие болсам деген ойы бар.
— Ол бұған әбден лайықты, себебі барлық талапқа сай келіп тұр, - деп жауап қатты шапаты. - Мынадай көркем шашты көрмегелі қай заман!
Ол бір адым кейін шегініп, басын бір жағына қисайтып ұстаған күйі шашыма қадала қарап қалды, ұзақ қарағаны сонша, өзімді ыңғайсыз сезіне бастадым. Сосын оқыстан ілгері ұмтылып қолымнан ұстай алды да, мені қызу құттықтай бастады.
— Енді кешіктіруге болмайды, ол қылмысқа парапар нәрсе, - деді ол - Солай бола тұрғанымен, азды-кем сақтық шарасын жасағанымды айыпқа бұйырмассыз деп ойлаймын.
Соны айтып шашыма қос қолымен жармаса кетті де, жұлқып қалды; қатты жұлқығаны сонша, жан даусым шығып бақырып жібердім.
— Көзіңізден жас шықты, - деді ол шашымнан қолын айырып жатып. - Бұл бәрі ойдағыдай екенін білдіреді. Кешіре көріңіз, сақ болмасаң болмайды, себебі бізді жасанды шаштың көмегімен екі рет, бояудың көмегімен бір рет алдап кеткендер болды. Адамдарға деген жиреніш сезіміңізді оятатын не қилы алаяқтық жайында айтып бере алам сізге.
Содан соң ол терезеге барып, бар дауысымен айқайлап вакансияға адам табылғанын айтты. Төменгі жақтан өкініш білдірген күңіреніс естілді, жиналған жұрт түрлі бағытпен бет-бетіне бытырай бастады, ұзамай өзіммен келіссөз жүргізіп жатқан шапаты екеуімізден басқа бірде-бір жирен шашты қалған жоқ.
— Есімім - мистер Дункан Росс, - деді ол, - мен де ақжүрек жарылқаушымыз өзімізге қалдырған қордан зейнетақы алам. Сіз үйленген адамбысыз, мистер Уилсон? Отбасыңыз бар ма?
Мен әйелімнің қайтыс болғанын, балаларымның да жоқтығын айттым. Оның түсі бұзылып сала берді.
— Иә, бұл - керемет үлкен кедергі! Әттеген-ай, әйеліңіздің жоқтығы қандай өкінішті. Бұл қор жирен шаштыларды қолдау үшін ғана құрылмаған, сонымен бірге олардың қатарын көбейтуге де септік жасауға тиіс. Бойдақ боп шыққаныңызды қарашы!
Несін жасырайын, мистер Холмс, бүл сөзді естігенде қатты қайғырып қалдым, өйткені алмайтын болды-ау деп қауіптенгем; алайда бірнеше минут ойланғаннан кейін Росс "оқасы жоқ" дегенді айтты.
— Басқа біреу үшін ережемізге қиғаш келетін іске ешқашан бармас едік, бірақ мынадай шашы бар адамға қарайласқан жөн болады. Қызметіңізді атқаруға қашан кірісе аласыз?
— Соны білмей тұрмын, күнделікті айналысатын кәсібім бар-тын... - деп жауап қаттым мен.
— Оған алаң болмаңыз, мистер Уилсон! - деді Винсент Спеллинг. - Жұмысты өзім - ақ тындыра берем.
— Қызметті қай уақытта атқаруым керек болады?
— Сағат оннан екіге дейін.
Несие кассаларындағы негізгі жұмыс кешкілік уақытта, әсіресе бейсенбі және жұма күндері, жалақы алар алдында, қызатындықтан, мен, мистер Холмс, таңертеңгілік мезгілде азын-аулақ табыс тапқан жаман болмас деп шештім. Көмекшім сенімді адамды, орнымды жоқтатпайтын.
— Бұл маған оңтайлы уақыт екен, - дедім. - Ал төлейтін ақыңыз қандай?
— Аптасына төрт фунт.
— Қандай жұмыс атқармақпын сонда?
— Тапсырылған істі ғана орындайсыз.
— Тапсырылған іс дегенді қалай түсінуге болады?
— Кеңседе, тым құрығанда әйтеуір, кеңсеміз орналасқан ғимаратта тапжылмай отыруға тиіссіз. Сыртқа шығуға болмайды - орыннан айрылып қаласыз. Өсиет қалдырған адам осы шарттың мүлтіксіз орындалуын қатаң қадағалауды ескерткен. Егер жұмыс уақытында кеңседен бір-ақ рет болса да кетіп қалсаңыз, талабымызды орындамаған боп саналасыз.
— Тәулігіне төрт-ақ сағат жұмыс істесем, кеңседен кетіп қалатындай маған не көрініпті сонша, - дедім мен.
— Осыны ұмытпаңыз, - деп нықтады Дункан Росс. Бұған ешқандай кешірім жасалмайды. Ауырып қалдым, анау-мынау шаруам болды деп ақтала алмайсыз. Кеңседе табан аудармай отыруыңыз қажет, әйтпесе қызметпен қош айтысасыз.
— Сонда нендей іспен айналыспақпын?
— "Британия энциклопедиясын" көшіріп жазуыңызға тура келеді. Бірінші томы мына шкафта тұр. Қалам сияны, қағазды және сорғышты өзіңіз әкелесіз; біз үстел мен орындық береміз. Жұмысқа ертеңнен бастап кірісе алмас па екенсіз?
— Әрине, кірісе алам, - деп жауап қаттым мен.
— Ендеше, сау болыңыз, мистер Джабез Уилсон. Мынадай жақсы қызмет тауып алуыңызбен тағы да құттықтап қоюға рұқсат етіңіз.
Ол басын иіп ізет білдірді. Мен бөлмеден шықтым да, ойламаған жерден жолым болып кеткеніне іштей мәз күйде көмекшіммен бірге үйге қайттым. Бүл хикмет күні бойы ойымнан шықпай қойды, алайда кешке қарай көңілім бәсейіңкіреп қалды, мұның бәрі әншейін алаяқтық деген ойға біржола дерлік ден қойдым, сөйте тұра, бүл шаруаны қолға алғандардың қандай мақсатты көздегеніне қалай қиялдансам да ақылым жетпеді. Әлдекімнің осындай өсиет қалдыруы, "Британия энциклопедиясын" көшіріп жазу үшін әлдекімдердің осындай мөлшерде ақша төлеуге ынталы болуы адам сенбестей нәрсе боп көрінді. Винсент Спеллинг көңілімді аулауға барын салып-ақ бақты, дегенмен, төсекке жатар алдында бүл істен бас тарту жөнінде нық шешімге келдім. Әйтсе де, таңертең тұрған соң, кешегі жерге барып шыққаным жөн болар деген ойға бейіл бердім. Пенниге сия сатып алып, қауырсын қалам мен қағаздың жеті үлкен табағын алып, Попскортке тарттым. Таңырқауға тұрарлық нәрсе бөлмені тап-тұйнақтай ғып қойыпты. Қуанып кеттім. Үстел жұмысқа дайын етіліп, мистер Дункан Росс мені тосып отыр екен. Ол маған "А" әрпінен бастауым керегін айтты да, кетіп қалды. Бірақ жұмыс істеп жатқан жатпағанымды білу үшін араға уақыт салып кіріп-шығып тұрды. Сағат екіде менімен қоштасып, соншама көп көшіріп үлгергенім үшін мақтап, кеңсенің есігін кілттеді.
Осылайша күн артынан күн жалғасып жатты, мистер Холмс. Сенбі күні мистер Росс үстел үстіне төрт алтын соверен қойды апталық жалақым еді бүл Екінші апта өтті, одан соң үшіншісі. Күн сайын сағат онда барып, сағат екіде кетіп жүрдім. Кейін мистер Дункан Росс кеңсеге келуін бірте-бірте сирете бастады, сосын мүлдем төбе көрсетуді қойды. Әйтсе де, мен бөлмеден сыртқа бір минутқа болса да аттап шықпадым, өйткені оның кез келген сәтте кіріп келуі мүмкін еді, ал менің мынадай пайдалы қызметтен айрылғым жоқ-ты.
Осылайша сегіз апта өтті; мен Аббаттар жайындағы, Артиллерия жайындағы, Архитектура жайындағы, Аттика жайындағы мақалаларды көшіріп шықтым, сөйтіп ұзамай "Б" әрпіне кіріспек боп жүрдім. Қағаз алуға әжептәуір шығындалдым, жазған парақтарым сөреге әрең сыйып тұрды. Бірақ бәрі аяқ астынан тәмәм болды.
— Тәмәм болды дейсіз бе?
— Солай, сэр. Бүгін таңертең. Жұмысқа күндегідей дәл сағат онда келгем, келсем есік құлыптаулы тұр, есіктің сыртына бір парақ қалың қағаз шегеленіп қойыпты. Міне, көріңіз.
Ол бізге әлгі парақты берді. Онда былай деп жазылыпты:
ЖИРЕН ШАШТЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТАРАТЫЛДЫ
9-шы қазан 1890 жыл
Шерлок Холмс екеуіміз осынау қысқаша құлақтандыруға қадала қарап біраз отырдық, сосын Джабез Уилсонның жабырқау жүзіне назар аудардық; болған оқиғаның күлкілі жағы өңгесін қалтарысқа қалдырды да, бар дауысымызбен қарқылдап күліп жібердік.
— Күлетіндей ештеңе көріп тұрғам жоқ! - деп айқайлады креслодан атып тұрған, жалын түсіндей жирен шашының түбіне дейін қып-қызыл боп кеткен клиентіміз. Қол ұшын берудің орнына мені мазақ қылмақ болсаңыз, басқа біреуді тауып алайын!
— О не дегеніңіз, о не дегеніңіз! - деді оны креслоға қайтадан отырғызып жатқан Холмс жұбата үн қатып. - Сіздің ісіңізбен айналысудан қандай бір себеппен де бас тартқым келмейді - ақ. Бұл мені өзінің сонылығымен шабыттандырады. Кешірім өтінем, бірақ мұнда, қалай дегенмен де, күлкі келтіретін жағдаят баршылық... Есіктегі мына жазбаны көргеннен кейін не істедіңіз?
— Абыржып кеттім, сэр. Не істерімді білмей дағдарып қалдым. Көрші кеңселерді аралап өттім, бірақ ешкім ештеңе білмейтін боп шықты. Ақыр соңында үйдің иесіне барып, - ол төменгі қабатта тұратын, - Жирен шаштылар қауымдастығына не болғанын сұрадым. Ол мұндай ұйым жайында ешқашан ештеңе естімегенін айтты. Сол арада одан мистер Дункан Росс жайында сұрастырдым. Ол мұндай есімді алғаш рет естіп тұрғанын мәлім етті.
— Нөмірі төртінші пәтеріңізді жалға алған джентльменді айтам, - дедім мен.
— Жирен шаштыны ма?
— Иә.
— Оу, оның есімі Уильям Моррис қой! Ол - аспаз, бөлмемді басқа орын тапқанша уақытша жалға алған. Кеше босатып кетті.
— Оны қайдан табуға болады?
— Жаңа кеңсесінен. Адресін қалдырған, бір жерде жатыр еді, міне мынау: Кинг-Эдуард-стрит, он жеті, Әулие Павел соборының маңайы.
Мен осы адрес бойынша іздеп бардым, мистер Холмс, бірақ ол жерде протез жасайтын шеберхана орналасқан екен, ондағылардың ешқайсысы мистер Уильям Моррис жайында да, мистер Дункан Росс жайында да ештеңе білмейтін боп шықты.
— Одан соң не істедіңіз? - деп сұрады Холмс.
— Сакс-Кобург-сквердегі үйіме қайтып оралып, көмекшіммен ақылдастым. Бірақ ол ешқандай ақыл қоса алмады. Күте түру керек, бәлкім, саған пошта арқылы бір хабарын беретін шығар дейді. Бірақ бұл менің көңілімді көншітер емес, мистер Холмс. Қараптан қарап есемді жібергім келмейді. Сізді қиын жағдайда қалған қауып қатерлерге ақыл-кеңес береді дегенді естіп, тура тартып өзіңізге келдім.
— Өте дұрыс істегенсіз, - деді Холмс. Таңғаларлық жағдайға тап болған екенсіз, бұл іспен айналысуға мүмкіндік алғаным үшін өзімді бақытты санаймын. Бір қарағанда, жеңіл-желпі нәрсе секілді көрінетін бұл істің артында үлкен ауыртпалық жатыр-ау деген түйін түйіп отырмын айтқан әңгімеңізден.
— Ауыртпалық болғанда қандай! - деді мистер Джабез Уилсон. - Апта сайын алатын төрт фунттан қағылып тұрмын.
— Дегенмен, өз басыңыздың осынау елден ерек Қауымдастыққа артатын өкпеңіз жоқ секілді, - деді Холмс. Өйткені, "А" әрпінен басталатын біраз нәрсе турасында терең мағлұмат алғаныңызды айтпағанда, отыз фунт таптыңыз емес пе. Сондықтан, шын айтында, сіз ештеңе жоғалтқан жоқсыз.
— Солайы солай, оған дауым жоқ, сэр. Әйтсе де, оларды іздеп тапқым келеді, олардың кім екенін, егер мұны мазаққа баласақ, неліктен мені мұндай мазаққа душар еткенін білгім келеді. Иә, бұл ермек оларға тым қымбатқа түсті: Бұл үшін отыз екі фунт төлеулеріне тура келді.
— Біз мұның анық-қанығына жетуге тырысамыз. Бірақ әуелі өзіңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіз, мистер Уилсон. Көмекшіңіз... анау әлгі хабарландыруды көрсеткен адам сізде көптен жұмыс істей ме?
— Оның менде жұмыс істей бастағанына сол тұста айға жуық уақыт болған.
— Оны қайдан тауып алдыңыз?
— Ол маған газетке берген құлақтандыруым бойынша келді.
— Құлақтандыруға жалғыз сол ғана көңіл аударып па?
— Жоқ, он шақты адам.
— Басқаны емес, соны таңдауыңызға не себеп?
— Себебі ыждағатты көрінді және көп ақы сұраған жоқ.
— Сізді оған жарты айлық төлеу мүмкіндігі қызықтырды ма?
— Рас.
— Винсент Спеллинг деген қандай адам өзі?
— Тапалтақ, дембелше, ылдым-жылдым. Жасы отызға таяп қалғанымен, бет-аузында бір тал қылшық жоқ. Маңдайында ақшылтым дақ бар - қышқылдың күйдірген орыны.
Холмс бойын тіктеді. Тынышы кете бастағаны сезілді.
— Өзім де сондай деп ойлағам! - деді ол - Құлағында сырғаға арналған тесік барын байқаған жоқсыз ба?
— Байқадым, сэр. Ол мұны бала кезінде әлдебір сыған әйел тесіп кеткенін айтты.
— һім! - деп тұнжыраған Холмс, терең ойға шомған күйі креслоның арқалығына шалқайды. - Ол әлі сізде қызмет істей ме?
— Иә, сэр, оны әлгі әзірде ғана көргем.
— Кеңседе болмаған кезіңізде шаруаны ақсатып алған жоқ па?
Олай деп айта алмаймын, сэр. Жалпы, ертеңгілік уақытта несие кассасында істейтін іс жоқтың қасы.
Жарайды, мистер Уилсон. Бірер күннен кейін өзіңізге қажет нәрсені хабардар ету қуанышына ие боп қалармын. сенбі... Дүйсенбіде бәрін білетін болармыз.
— Ал, Ватсон, бұл айтылғандардан қандай түйін түйдіңіз? — деді Холмс, клиентіміз кеткеннен кейін.
— Ешқандай түйін түйген жоқпын, - дедім ағымнан жарылып. - Бұл іс маған жан баласы түсінбейтін құпия секілді көрініп тұр.
— Жалпыға ортақ ереже мынадай, - деді Холмс, - оқиға неғұрлым әдеттен тыс оғаш болса, оның құпиясы да соғұрлым аз болады. Әсіресе осындай қарабайыр, ешқандай ерекшелігі жоқ қылмыстарды ашу зор қиындыққа түседі; қазың топтың арасынан ұсқынсыз адамды іздеп табу қандай қиямет болса, бұл да сондай қиямет. Бірақ, бұл оқиғаға байланысты жайбасарлыққа жол бермеуім керек.
Сонда не істемекшісіз? - деп сұрадым мен. Темекі тартпақпын, - деп жауап қатты ол. - Бұл дәлме-дәл үш қорқорды түгесетін уақытта шешілетін жұмбақ. Менімен елу минуттай сөйлеспеуіңізді өтінем.
Ол жүдеңдеу тізесін имектеу келетін мұрнына қарай жақындатып алған күйі креслоға бүрісе жайғасты; осылай көзін тарс жұмып, қыштан жасалған, беймәлім бір құстың тұмсығына ұқсас қара қорқорын ілгері ұмсындырған күйі ұзақ отырды. Оны қалғып кеткен шығар деп ойлағам, өзім де мүлги бастағам, бірақ сол мезет ол нық шешімге келген адамша орнынан атып тұрып, қорқорын каминнің үстіне қойды.
— Бүгін Сент-Джеймс-холлда Сарасате ойнайды, - деді өзі. - Бұған қалай қарайсыз, Ватсон? Науқастарыңыз сізді бірнеше сағатқа босата ала ма?
— Бүгін боспын. Жалпы, менің қызметім онша көп уақыт алмайды.
— Ендеше, қалпағыңызды киініңіз, жүрейік. Менің Ситиге баруым керек, жол-жөнекей бір жерден жүрек жалғармыз. Концерт бағдарламасынан неміс музыкасы мол орын алған, бүл маған француз немесе итальян әуендерінен көбірек ұнайды. Неміс музыкасы терең ойға толы келеді, маған да бірқыдыру нәрсе жайында ой кешу қажет боп тұр.
Біз жер асты темір жолымен Олдерсгетке дейін бардық, ол жерден жаяулатып Сакс-Кобург-скверге жеттік - таңертеңгісін бізге мәлім етілген оқиғалар осы көшеде өткен-ді.
Сакс-Кобург-сквер - аристократиялық стильге ұқсап бағуға тыраштанған шағын ғана шала ұйқылы алаң еді. Төрт қатар боп тізілген, кір басқан қос қабатты кірпіш үйлердің терезесі арамшөп тұтасып жатқан титімдей баққа қарайтын. Қаулай өскен арамшөп арасынан бой көтерген, түсі оңып кеткен бірнеше лавр бұтасы түтінге толы былғанышты ауамен арпалысты күреске түсіпті. Сарғыш бояуға шыланған үш шар мен бұрыштағы "Джабез Уилсон" дейтін ақ сырмен жазылған жазуы бар, күлгін түсті маңдайша жирен шашты клиентіміздің кеңсесі тап осы жерде екенін көрсетіп тұр еді.
Шерлок Холмс есік алдына келіп тоқтап, басын бір жағына қарай қисайтып ұстаған күйі оған қадала қарап қалды, жартылай жұмық қабағының астынан көзінің оттай жайнап тұрғаны байқалды. Содан соң үйлерге зер сала қараған күйі көшемен жай басып жүріп өтті. Несие кассасының алдына келген кезде қолындағы жіңішке әсем таяғымен көшенің тас төсемін үш қайтара соғып - соғып жіберді, содан соң есікке жақындап, оны тықылдатып қаға бастады. Іле-шала есік те ашылып, таза қырынған елгезек жас адам ішке кіруімізді өтінді.
— Рақмет сізге. Осы арадан Стрэндке қалай баруға болатынын ғана сұрайын дегем, - деді Холмс.
— Үшінші бұрылыстан оңға, төртіншіден солға, - деп мистер Уилсонның көмекшісі жылдам жауап қатты да, есікті сарт еткізіп жауып алды.
— Тақыс жігіт! - деді Холмс қайтадан көше бойлап жүріп келе жатқан кезімізде. - Бұл өзі бүкіл Лондонда тақыстығы жағынан төртінші, ал жүректілігі жағынан, тіпті үшінші орын алады-ау деп ойлаймын. Оның жайынан біршама хабардармын.
— Шамасы, мистер Уилсонның көмекшісі Жирен шаштылар қауымдастығында өзіндік бір рөл ойнайтын шығар, - дедім мен. - Одан жол сұрағанда оны жақсылап көріп алайын деген ойда болғаныңыз анық.
— Жоға, оны емес.
— Сонда нені?
— Тізелерін.
— Не көрдіңіз сонда?
— Көксеген нәрсемді.
— Ал көшенің төсемін неге соққыладыңыз?
— Мейірімді мырзам, қазір балпылдап сөйлейтін уақыт емес, бақылау жүргізетін уақыт. Біз жау жатағында жүрген барлаушымыз. Сакс-Кобург-сквер жайында азды-кем мәлімет алдық. Енді оған қарсы беттен жанасатын көшелерді көруіміз қажет.
Сакс-Кобург-сквер мен бұрыштан айналған сәтте көргеніміздің арасындағы айырмашылық - бейне әсем етіп салынған сурет пен оның сырт жағы секілді айтып жеткізгісіз алшақ екен. Бұрыштың арғы жағында Ситиді солтүстікпен және батыспен жалғастыратын негізгі күре жолдардың бірі көсіліп жатты. Бүл үлкен көше бір-біріне қарсы бағытта қос қатар боп ағылған экипажға лық толы болатын, қаптал жолдармен асығыс адымдаған жүргіншілердің қара-құра тобыры өтіп жатыр. Қаз-қатар орналасқан көз жауын алар дүкендер мен керемет сәнді кеңселерге қарап тұрып осы үйлердің сыртында адам жүрмейтін қораш алаң жатыр дегенді көз алдыңа елестетудің өзі қиын еді.
— Асықпай қарап алуыма мархабат етіңіз, - деді бұрышқа жетіп аялдаған Холмс, соны айтып бір үйден соң бір үйді зейін сала зерделей бастады. - Ғимараттардың орналасу тәртібін есте сақтап қалғым кеп түр. Лондонды зерттеу - аңсарым... Ым-м, әуелі Мортимердің темекі дүкені, одан соң газет сататын дүңгіршек, одан соң Қала және Қала маңы банкінің кобургтік бөлімшесі, одан кейін вегетариандық ресторан, содан соң Мак-Фарлейннің карета депосы. Одан әрі екінші орам басталады... Міне, дәрігер, жұмысымыз да осымен тәмәм! Енді азын-аулақ көңіл көтеруімізге де болады: бізге керегі бутерброд пен бір шыныаяқ кофе - сосын ләззат алатын, жан рақатын табатын, үйлесім үстемдік ететін, түрлі нәрсемен басымызды қатыруға құштар жирен шашты клиенттер аулақ жүретін скрипка әлеміне аттанамыз.
Досым музыкаға айрықша құмар адам болатын және тәуір орындаушы ғана емес, сонымен бірге аса дарынды сазгер де еді. Рақатқа батып, сүйріктей саусақтарын музыка ырғағына сай ақырын қозғалақтатып, кештің ұзына бойында креслода тырп етпестен отырды да қойды; жайдары кейіпте күлімдеген келбетіне, буалдыр тартқан жанарына қарап оны заң бұзушылардың соңына түсуге кез-келген сәтте дайын Холмс тыңшы, айлакер де қатыгез Холмс дей алмайтынсың. Бүл кісінің таңғалуға тұрарлық мінез-құлқының екі түрлі бастау көзі бар еді. Оның қайран қалдырарлық көрегендігі мен тапқырлығы мінез-құлқының басты ерекшелігі поэтикалық ыңғайда ой өрнектеуге бейімділігімен тайталас негізінде қалыптасқан-ау дейтін ой келетін маған жиі-жиі. Беймарал мамыражай халде отырған жерінен қолма-қол өзгеріп, кеудесін кернеген қайратты қайда жіберерді білмей буырқанып шыға келу әдетке айналған нәрсесі еді, сондай-ақ мен оның ойында дәнеңе жоқ, жағасы жайлау халде жаңа туындаған әуендерімен және ноталарымен айналысып жүрген нақ осы күндерде басқа күндерге қарағанда шектен тыс рақымсыз боп кететінін де жақсы білетінмін. Із кесуге деген ынтызарлығы тұтқиылдан лап етіп тұтанып басы - бүтін баурап алатын, бір өзіне ғана тән пәрменді пайым парасаты одан әрмен ширығып интуиция дәрежесіне ие болатын, сөйтіп оның әдіс-тәсілінен бейхабар жандар көз алдында тұрған бүл адамды көп пенденің бірі емес, әлденендей айрықша жаратылған жан иесі деп ойлай бастайтын. Сент-Джеймс-холлдағы концерт кезінде сырттай бақылап отырып оның музыканы қалайша жан-тәнімен беріле тыңдағанын көрдім, соны көріп, бүл кісі соңына түскендердің соры бес елі екенін түсіндім.
— Дәрігер, үйге қайтпақсыз ғой, шамасы? - деді ол концерт аяқталғаннан кейін.
— Әрине.
— Ал маған тағы бір шаруамен шұғылдану қажет боп тұр. Бүл үш-төрт сағаттай уақыт алмақ. Кобургскверде болған оқиғаның қауіпті салдары бар.
— Қауіпті дейсіз бе?
— Онда аса қатерлі қылмыс іске асқалы жатыр. Дегенмен, алдын алуға үлгеретін шығармыз деген үмітім бар. Алайда бүгін күннің сенбі болуы аз-маз қолбайлау жасағалы түр. Айтпақшы, кешкісін маған қолғабыс көмегіңіз қажет боп қалуы ықтимал
— Қай шамада?
— Сағат ондарға таман.
— Тура сағат онда Бейкер-стриттен табылайын.
— Бопты. Бұның қатерлі шаруа екені есіңізде болсын, дәрігер. Армиялық револьверіңізді қалтаңызға сұға салыңыз.
Ол маған қолын бұлғады, сосын жалт бұрылды да, қас пен көздің арасында нөпірдің арасына сіңіп ғайып болды.
Мен өзімді өзгелерден ақымақ санамаймын, сөйтсем де Шерлок Холмспен істес болған сәттерде өзімді су ми біреу секілді сезініп, еңсем түсіп кетеді. Өйткені ол не естісе мен де соны естіп, ол не көрсе мен де соны көріп тұрдым ғой, алайда оның қандай оқиға орын алғанын ғана емес, сонымен бірге алда қандай оқиғалар орын алатынын да аңғарып қойғандай көрінетіні қайран қалдырады, ал маған мұның бәрі сол әу баста естігендей ақылға сыйымсыз әншейін бірдеңе сияқты боп қала береді.
Кенсингтондағы үйіме қарай бара жатқан жолымда "Британия энциклопедиясын" көшіруші жиреннің адам таңғаларлық әңгімесін де, Сакс-Кобургскверге барғанымызды да, Холмстың қоштасарда өзіме айтқан кісі шошитын сөзін де - бәрін түгел тағы бір мәрте ой елегінен өткіздім. Осынау түнгі жорық не үшін керек болды екен және мен неліктен қару асынып келуге тиіспін? Қайда бармақпыз, не істемекпіз? Рас, Холмс маған несие кассасы қожайыны көмекшісінің қандай қылмыстан да қаймықпайтын қауіпті адам екенін емексіткен еді. Бірақ бұл жұмбақтардың шешуін таппақ боп қанша тырысқаныммен ештеңе өндіре алмадым, сосын осының бәрін өзіме егжей-тегжейлі түсіндіріп беретін түнді күтуді ұйғардым.
Тоғыздан он бес кеткенде үйден шықтым да, Гайд парк пен Оксфорд-стритті кесіп өтіп Бейкер-стритке тап болдым. Есік алдында екі кэб тұр екен, ауыз үйге кіргенімізде жоғары жақтан шығып жатқан дауыстарды құлағым шалды. Холмсқа екі адам келіпті, солармен қызды-қызды әңгімеге кірісіп кетіпті. Біреуін бұрыннан танитынмын, ол – полиция агенті Питер Джонс болатын; екіншісі жалтыраған цилиндр мен көз ұялатындай кіршіксіз фрак киген ұзын бойлы, ашаң, қабағы түксиген біреу еді.
— Міне, енді басымыз түгелденді! - деді бұршақ түсті күртесінің ілгегін салып, сөреден сабына қорғасын құйылған аңшының шолақ қамшысын алып жатқан Холмс. Ватсон, сіз Скотланд-Ярдта істейтін мистер Джонсты бұрыннан білесіз ғой деп ойлаймын. Сізге мистер Мерриуэзерді таныстырып қоюға рұқсат етіңіз. Мистер Мерриуэзер түнгі жорығымызда бізбен бірге болмақшы.
— Байқап тұрғаныңыздай, дәрігер, мистер Холмс екеуміз қайтадан бірлесіп із кесуге кірістік, - деді Джонс кісіге менменси, мүсіркей қарайтын әдетінше. - Аңшылықты одан артық ептейлі бастайтын ешкім жоқ. Алайды аңды айдап шығу үшін оған тіс қаққан тазының көмегі қажет болады.
— Аңның орнына әлденендей бір үйректі атып алып жүрмейік, - деді мистер Мерриуэзер түнеріп.
— Мистер Холмсқа сенуіңізге әбден болады, сэр, - деді полиция агенті есіркей сөйлеп. -Оның өзі ойлап тапқан әдіс-тәсілі бар, алайда бүл әдісте, айта кеткенім артық етпес, түйсік пен қиялға жол берушілік байқалып қалады, солай бола тұрғанымен ойдағыдай нәтиже беріп жүр. Шолтоның өліміне қатысты іс пен Агроның алтын-күміс әшекейлеріне байланысты оқиғаларда полиция жаңсақтық жасап, бүл кісінің жорамалы дұрыс боп шыққаны бар, мұндай жайлардың жиі кездесіп тұратынын мойындамасқа болмайды.
— Бұл әңгімені мына өзіңіз айтып тұрған болсаңыз, мистер Джонс, - онда тап солай екеніне еш күмән жоқ, - деп ізет білдіре сөйледі бейтаныс. — Әйтсе де, шынымды айтайын, күнде ойнайтын робберімнен бүгін қол үзіп қалатыным көңілімді көншітпей тұр. Бұл соңғы жиырма жеті жыл ішіндегі карта ойыныңсыз өткізбекші алғашқы сенбілік кешім.
— Бүгінгі ойынға тігілген көн қартаңыздағыдан әлдеқайда қомақтылау, - деді Шерлок Холмс, - оған қоса, ойынның өзі де қызықтырақ. Көннің көлемі, мистер Мерриуэзер, отыз мың фунт стерлингке тең. Ал сізге бұйырмақшы көн, Джонс, өзіңіз көптен қолға түсіре алмай жүрген адам.
— Иә, Джон Клей - кісі өлтіруші, ұры-қары, жалған ақша жасаушы, - деді Джонс. - Ол әлі жас, мистер Мерриуэзер, әйтсе де, қазірдің өзінде нағыз баукеспе қылмыскер саналады. Лондонда басқа ешкімге емес, тап соның қолына бұғауды қуана-қуана салған болар ем. Өндірдей жас бүл Джон Клей айрықша тағдыр иесі. Атасы герцог болған адам, өзі Итон мен Оксфордта оқыған. Саусағы қандай ептейлі болса, ақыл-ойы да соншалық сұңғыла -қалдырып кеткен ізін адым аттаған сайын кезіктіріп жүрсек те, әлі күнге қолға түспей келеді. Осы аптада Шотландияда үйдің кілтін бұзып ұрлық жасаса, келесі аптада Корнуэллде жетімхана құрылысына ақша жинаумен айналысып жатады. Соңына түскеніме талай жыл болғанымен әлпетін әлі күнге бір көрген емен.
— Бүгін түнде оны өзіңізбен жүзбе-жүз кездестіру қуанышына ие боларым хақ. Менің де мистер Джон Клейдің ерлік істерін бірер мәрте бақылауыма тура келген, оны елдегі ең баукеспе ұры деген сөзіңізге әбден қосылам... Алайда, сағат оннан кетіпті, жолға шығар уақыт жетті. Сіздер бірінші кэбке отырыңыздар, ал біз Ватсон екеуіміз екіншісіне мінейік.
Жол бойы Шерлок Холмс коп сөйлей қоймады: орындығына шалқая жайғасып алған күйі бүгін концертте естіген әуендерін ақырын ысқырып айтумен болды. Газбен жарықтандырылған шетсіз де шексіз ию-қию көшелермен жүріп отырып ақыры Фаррингтон-стритке де жеттік.
Келіп те қалдық, - деді досым. - Ана Мерриуэзер деген кісі - банк директоры, істің ойдағыдай шешілуіне мейлінше ынталы адам. Джонстың да бізге пайдасы тимек. Кәсібіне қатысты шаруаға орашолақтау, әйтсе де өзі тәуір жігіт. Күмән келтіруге болмайтын бір қасиеті бар: бульдог секілді батыл, шаян сияқты жабысқақ. Біреу-міреуді қысқашына іліктірсе бітті - өмірі айырылмайды... Miнe, біз де келдік, аналар әлдеқашан жетіпті.
Таңертең өзіміз болған, көлігі де, адамы да көп ығы-жығы көшеге келіп тоқтаған едік. Арбакештермен есеп тырысқан соң, мистер Мерриуэзердің соңынан еріп отырып әлдебір енсіздеу дәлізге бас сұқтық, сосын анау оң кілтімен ашқан бүйірдегі бір есікке зып беріп кіріп кеттік. Алдымыздан тағы бір шолақтау дәліз шықты, ол қомақты темір есікке кеп тіреледі екен. Оны ашқан соң, Бұралаң баспалдақтың тас тепкішектерімен төмен түсіп, тағы бір әлгіндегідей үлкен есікке келдік. Мистер Мерриуэзер тоқтап фонарь жақты да, бізді топырақ иісі шығып тұрған тас қараңғы дәлізбен бастай жөнелді. Тағы бір есіктен өткен соң, себеттер мен әйдік жәшіктерге толы аумақты жертөлеге тап болдық.
— Мұнда жоғарыдан кіру оңай шаруа емес, - деді фонарьды көтеріп, төбені шолып өткен Холмс.
— Төменнен де кіре алмайды, - деді мистер Мерриуэзер, еденге төселген тас тақталарды сәнді таяғымен тық-тық ұрып. Сосын: - Ау, не сұмдық! Мынаның асты қуыс сияқты ой дыбысына қарағанда! - деп таңдана дауыстап жіберді.
— Шу шығармауыңызды өтінер едім сізден, - деді Холмс ашулы үнмен. - Сіздің қырсығыңыздан бүкіл әрекетіміз сәтсіз аяқталуы мүмкін. Рақым етіп, бір жәшікке жайғасыңыз, бізге бөгет жасамаңыз.
Маңғаздау мистер Мерриуэзер жәбірленген кейіпте себетке барып отырды, ал жерге тізерлей кеткен Холмс фонарь мен үлкейткіш шыныны пайдаланып тас тақталар арасындағы саңылауды зерделеуге кірісті. Зерттеу жұмысының нәтижесіне көңілі толғандай болған ол сәлден кейін орнынан тұрып үлкейткіш шынысын қалтасына салып қойды.
— Әлі бір сағаттай уақытымыз бар, - деді Холмс. Қадірменді өсімқор ұйқыға бой алдырғанша олар іске кірісе қоймас. Miнe, содан кейін барып қана олар қара тер боп қимылдамақ, себебі шаруа неғұрлым ертерек тәмәмдалса, қара батырып қашып кетуге де соғұрлым көп уақыт қалмақ... Өзіңіз де байқап үлгерген шығарсыз, дәрігер, біз лондондық ең бай банктердің бірінің қалалық бөлімшесінің қоймасында тұрмыз. Мистер Мерриуэзер - банк басқармасының төрағасы, бұл кісі бізге қаймығу білмейтін қарақшылардың мына қоймаға неліктен тап қазіргі кезде төтенше назар аударып жүргенінің себебін түсіндіріп береді.
— Мұнда француздық алтынымызды сақтап отырмыз, - деді директор сыбырлап. - Оны тонап кетуге әрекет жасалатыны жайында бұған дейін бізге әлденеше мәрте құлаққағыс етілген болатын.
— Француздық алтын деймісіз?
— Иә. Бірнеше ай бұрын бізге айналымға салатын қаражат қажет болған, сол себепті Француз банкінен отыз мың наполеондор қарыз алғанбыз. Кейін бізге қосымша қаражат қажет болмай қалды, ақшаның бумасын да шешпегеніміз, оның әлі күнге осында жатқаны көпшілікке мәлім боп үлгерді. Мына өзім отырған себетте екі мың наполеондор жатыр, олар фольга парақтарына оралған. Бір бөлімшеде осыншама алтынның сақталуы сирек кездесетін жағдай, сондықтан директорлардың мазасыздану себебі де, әрине, түсінікті ғой.
Олар мазасызданар себептің бары рас, - деп құлаққағыс етті Холмс. Ал бізге дайындық жасайтын уақыт жетті. Таяудағы бір сағаттың ішінде бәрі тәмәм болар деп ойлаймын. Мистер Мерриуэзер, мына фонарьды Бірдеңемен бүркей тұруға тура келер.
— Сонда тас қараңғыда отырмақпыз ба?
— Басқа амал жоқ. Мен бір қат карта ала шыққам, бұл араға төрт адам жиналуымыз себепті бір роббер ойнауымызға да болар еді. Бірақ, дұшпанның қапысыз дайындалғанын көріп тұрмын, сондықтан жарықты сол күйінде қалдыру қатерге ұшыратуы мүмкін. Әрқайсысымыз өз орнымызға орналасайық. Олар қорқуды білмейтін жандар, күтпеген жерден тап беретін болсақ та, сақтық жасамасақ сан соқтырып кетуі ғажап емес. Мен мына себеттің артында болайын, сіздер ана тұрғандарының тасасына тығылыңыздар. Тонаушыларға шам жарығын түсірген сәтімде арпа бас салыңыздар. Егер олар оқ ата бастаса, Ватсон, ойланбастан сіз де атыңыз.
Мен револьверімді оқтап, оны жәшік қақпағының үстіне қойдым да, өзім соның тасасына жасырындым. Холмс фонарьды тұмшалады, сөйтіп айналамызда көзге түртсе көргісіз қараңғылық орнады. Рас, қызған металлдың иісі фонарьдың сөнбегенін, жарықтың кез келген сәтте жарқ өте қалатынын еске сап түр еді. Үнсіз күтіп отырудан жүйкем жұқарып, қараңғылық пен жер астының салқын сызы еңсемді түсіре бастаған.
— Олардың шегінер жолы жалғыз-ақ - кейін қарай үй арқылы Сакс-Кобург-скверге шықпақ, - деп сыбырлады Холмс. - Өзіңізге айтқан өтінішімді орындаған шығарсыз, Джонс?
— Үйдің кіре берісінде инспектор мен екі полисмен тұр.
— Ендеше, тесік атаулының бәрін тығындаған болдық. Енді тек үнсіз тосып отыру ғана қалды.
Уақыттың өтіп болмағаны-ай! Кейін білгенімдей, бар-жоғы бір жарым сағаттай ғана тосыппыз, бірақ сол кезде маған түн өтіп те кеткендей, жоғарыда таң атып келе жатқандай көрінген. Аяғым ұйып, қақсап бара жатса да, қыбыр етіп қозғалудан қорықтым; жүйкем мейлінше ширығып кеткен-ді, ал есту қабілетімнің асқынғаны сонша, етжеңді Джонстың терең де бәсең дем алуын банк директорының ызыңды тынысынан ажыратып отырдым. ЖӨІІІІК қалтарысындағы орнымнан еденнің бір бөлегі көрініп тұрған, кенет сол арадан, төменнен, жарықтың жалтылын көзім шалды.
Әу баста бүл болар-болмас қана ұшқын еді. Ұзамай ұшқын сарғылтым жолаққа айналды. Сосын еденнен елеусіз түрде саңылау пайда болды, сөйтіп жарыққа шыланған кеңістіктің қақ ортасынан әйелдің қолындай нәзік, аппақ, қол шығып, әлдебір нәрсені қармауға тырысқандай қимыл жасай бастады. Саусағын жыбырлатумен болған қол еденнен бір минуттай дерлік сорайып шығып тұрды. Одан соң қалай пайда болса солай ғайып болды да, төңіректі қайтадан қараңғылық басты, тақталар арасындағы саңылаудан ғана болымсыз сәуле көрініп тұрды.
Алайда қас қағым сәттен кейін ақшылтым, жалпақ тас тақтаның бірі сықырлаған қатты дыбыс шығарып аударылып түсті де, фонарьдың жарығына шомылған торт бұрышты ойық пайда болды. Ол жерден жас жігіттің сақал-мұрты тегіс етіп алынған әлпеті аян берді; бейтаныс жан-жағына жіті қаранып алды, содан соң ойықтың екі шетінен тіреніп жоғары тартыла бастады; әуелі иығы, сосын кеудесі көрінді, сөйтіп міне енді тізесін де еденге басты. Келесі сәтте бейтаныс түрегеліп тұрды, сосын өзі секілді аласа бойлы, ептейлі, қуқыл өңді, жалындай бұрқыраған жирен шашты жолдасына жоғары шығуға жәрдемдесе бастады.
Бәрі ойдағыдай, - деп сыбыр етті ол - Қашау мен қапшықтар сенде ме?.. Әй, антұрған-ай!.. Секір, Арчи, секір, мен есемді жібермеймін.
Тығылған жерінен атып шыққан Шерлок Холмс оны жасынан ала түсті. Екінші ұры інге сүңгіп кетті; Джонс оны ұстап қалуға тырысқан, бірақ, шамасы, онысынан ештеңе шықпады-ау деймін. Жыртылған матаның дыбысын құлағым шалды. Револьвер оқпаны жалт етті, бірақ Холмс аңшылар қамшысымен қарсыласын қолынан осып жіберді де, револьвер тас еденге салдыр-күлдір етіп құлап түсті.
Босқа арамтер болмаңыз, Джон Клей, - деді Холмс сыпайы ғана. - Қолға түстіңіз.
Көріп тұрмын, - деп жауап қатты анау аспай-саспай. - Бірақ серігім құтылып кетті, пиджагының етегін ғана ұстап қалдыңыздар.
— Есік сыртында оны үш адам тосып тұр, - деді Холмс.
— Солай ма еді? Бәрі ескерілген екен! Құттықтаймын сізді.
— Мен де сізді құттықтаймын. Жирен шаштылар жөнінде ойлап тапқаныңыз әжептәуір тың нәрсе екен.
— Қазір серігіңізбен қайта табысасыз, - деді Джоне. - Інгe сүңгуге ілкімді-ақ екен өзі, мен сияқты емес. Ал қазір қолыңызды бұғаулаймын.
— Тартыңыз жеркенішті қолыңызды! Жуыспаңыз маған! - деді оған тұтқынымыз қолына бұғау салынғаннан кейін. - Менің король тұқымынан екенімді сіз, бәлкім, білмейтін шығарсыз. Мені "сэр" деп атауға және "рақым етіңіз" деп сөйлеуге тиіссіз.
— Жөн екен, - деді Джонс мысқылдай мырс етіп. - Сэр, рақым етіп, жоғары көтеріліңізші, сосын өзіңізді, биік мәртебелім, полицияға алып баратын күймеге отыруға мархабат етіңізші.
— Міне, бүл басқа әңгіме, - деді Джон Клей байсалды кейіпте. Сосын бізге басын маңғаздана изеп қойды да, тыңшының алдына түсіп алаңсыз аяңдай берді.
— Мистер Холмс, - деді бізді қоймадан сыртқа бастап келе жатқан Мерриуэзер, - шынымды айтсам, мына қызметіңіз үшін банкіміздің өзіңізге қандай сый-сияпат жасауы керегін білмеймін. Банкті бұрын-соңды болмаған қиян-кескі тонаудың алдын алдыңыз.
— Мистер Джон Клейге есем кетіп жүрген, - деді Холмс. - Бүгінгі шаруаға байланысты азын-аулақ шығындалғам, оны, әлбетте, банк өзі өтей жатар. Ал басқа жайларға келсек, ілуде бір жолығатын шытырман оқиғаны бастан кештім және Жирен шаштылар қауымдастығы жайындағы тамаша хикаядан хабардар болдым - осының өзі маған үлкен сыйлық...
— Турасын айтайын, Ватсон, - деп бастады әңгімесін Шерлок Холмс ертеңіне таңертең Бейкер-стритте содалы су қосылған виски ішіп отырған кезімізде, - Жирен шаштылар қауымдастығы жайындағы әлгі алабөтен хабарландыру мен "Британия энциклопедиясын" көшіріп жазудың жалғыз ғана мақсаты - несие кассасының нөгөйлеу қожайынын күн сайын бірнеше сағатқа үйінен жырақтату екенін әу бастан-ақ аңғарғам. Олардың таңдап алған тәсілі әрине күлкі келтірерлік, алайда осы тәсілдің арқасында олар көздеген мақсатына жетті. Клейдің бұл жоспарды туындатқан оралымды ой-қиялына сыбайласының шашының түсі түрткі болғанына күмән жоқ. Аптасына төрт фунт - Уилсон сияқтыға таптырмас жемтік, мыңдаған фунтты қолға түсіруді көздегендер үшін төрт фунт деген не, тәйірі! Олар газетке құлақтандыру жариялады, бір алаяқ кеңсені уақытша жалға алды, екінші алаяқ қожайынын сонда баруға үгіттеп көндірді, сөйтіп күнде таңертең екеуі оның үйде жоқтығын пайдаланып қалуға мүмкіндік алды. Көмекшінің жарты ақыға жұмыс істеуге разы екенін естіген бойда-ақ мұндай іске бару үшін ойлануға тұрарлық себеп болуға тиіс екенін түсіне қойдым.
— Ал, олардың қандай ой-жоспары барын қайдан білдіңіз?
Егер үйде әйел тұратын болса, онда мұны әдеттегі ашына жайлыққа саяр едім. Бірақ әйел жоқ, сондықтан мұндай жорамалға жол жабықты. Жирен клиентіміздің кәсібі - күйкі тірлік, пәтерінде де осындай күрделі ойынды бастауға татитындай тартымды ештеңе жоқ. Демек, олар үйден тыс жердегі әлденені діттеген болды. Бірақ, сонда нені? Сол арада көмекшінің фото түсірумен айналыспағаны, жер қоймаға қайта-қайта барғыштай беретіні есіме түсе кетті. Жер қойма! Міне, осынау шым-шытырық хикаяның кілті. Бүл адам жайында мәлімет жинастырып, омың Лондондағы ең өжет те қайсар қылмыскер екеніне көз жеткіздім. Сонымен, оның жер қоймада әлденендей күрделі іспен шұғылданғаны белгілі болды, - өйткені, оған күніне бірнеше сағаттан екі ай бойы қатарынан жұмыс істеуге тура келді ғой. Сонда ол немен шұғылданбақ? Әрине, бір-ақ нәрсемен: басқа ғимаратқа жер асты жолын қазбақ. Оқиға өткен орынды көруге барған кезімізде осындай тұжырымға келгем. Көшедегі тас төсемін таяқпен тықылдатқан кезімде қатты таңырқағансыз. Мен болсам, жор асты жолы үйдің алдына қарата ма әлде аулаға қарата ма - қай бағытта қазылғанын білгім келген. Алдыңғы жақта жоқ боп шықты. Одан соң мен әлгі үйдің есігін қақтым. Күткенімдей-ақ, есікті көмекші ашты. Екеуіміздің арамызда бұрын да әрқилы текетірес болған, бірақ бір-бірімізбен ешқашан жүзбе-жүз кездеспеген едік. Бұл жолы да оның бетіне қарағам жоқ. Шалбарын көргім келген. Шалбарының қаншалықты ластанып, мыж-тыжы шығып, тізелігінің қырқылғанын өзіңіз де байқауға тиіс едіңіз. Бұл оның ұзақ сағаттар бойы жер қазғанын дәлелдейді. Енді жер асты жолы қайда бастайтынын анықтау ғана қалған. Бұрыштан айналған бойда Қала және Қала маңы банкінің маңдайшасын көріп, жұмбақтың жауабы табылғанын ұқтым. Концерттен кейін сіз үйге қайтқанда мен Скотланд-Ярдқа, ол жерден банк басқармасы төрағасына бардым. Нәтижесі өзіңізге жақсы мәлім.
— Ал олардың дәлме-дәл өткен түні тонауға талпыныс жасайтынын қайдан білдіңіз? - деп сұрадым мен.
— Олар Жирен шаштылар қауымдастығы кеңсесін жапқан кезде білдім. Бұл - мистер Джабез Уилсонның үйде бар-жоғы оларға енді қажет болмай қалғанын білдіретін, басқаша сөзбен айтқанда, жер асты жолы дайын болған-ды. Олардың уақытты босқа жоғалтпауға тырысатыны белгілі; себебі, біріншіден, жер асты жолы бары білініп қалуы мүмкін еді, ал, екіншіден, банктегілердің алтынды басқа бір орынға апарып қоюы да ғажап емес-ті. Ең оңтайлы күн - сенбі болатын, өйткені дүйсенбіге дейін алтынның қолды болғанын ешкім байқамайтын, сөйтіп бой тасалау үшін оларда бір тәулік уақыт қалатын. Банкіні тонауға тап осы түнде әрекет жасалатыны жайындағы байламға осылай келдім.
— Ой - тұжырымыңызда титтей кінәрат жоқ! - деп дауыстап жібердім мен шын жүректен тәнті болып. - Бірінен бірі туындаған сан қилы жағдаяттар, бірақ қай-қайсысы да қисынды.
— Бұл оқиға мені еңсе басар енжарлықтан құтқарды, - деп ағынан жарылды Шерлок Холмс, есінеп алып. Өкінішке қарай, зерігушілік бойымды қайта билей бастағанын байқап отырмын! Бүкіл өмірім күнделікті тірліктің іш пыстырар бірсарындылығынан қашып құтылу жолындағы ұмтылыстан тұрады. Өзім кей-кейде шешуін тауып жүрген ұсақ-түйек жұмбақтардың осыған тигізер септігі бар.
Сізді адамзат баласының нағыз жанашыры деу керек, - дедім мен. Холмс иығын қомдап қойды:
— Азын-аулақ пайдам тисе шынымен тиіп те жүрген шығар. Гюстав Флобердің Жорж Сандқа жазған хатында: I homme с"est rien - Ioeuvre с'est tout" дегені бар ғой.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: