Әңгіме: Бауыржан Момышұлы | Өз обалым өзіме
Қазақта бір ұлы мақал бар. «Бір күнгі қонақ — құт, екі күнгі қонақ — жұт». Осы мақалды өзгертіп айтқанымызда: «Өлерман ауру кісінің айналасында «саған не болды?» деп зырылдап жүгіріп жүреді екен» (это настолько правда, настолько лицемерия 700 другой вопрос). Үшінші күннен кейін естіртіп айтпағанымен, қарт ауру кісіден барлығы зерігеді екен. Естіртіп айтпағанымен, «Қашан өлесің» деп іштерінен ойлайды екен. Бір жеті өткеннен кейін, туған-туысқан былай тұрсын, қойныңда жатқан «адал жарың» аузыңа су тамызбастан, халіңді ойламастан, 14-15 сағат біреудің үйінде қонақта болып, сылқылдап өсек айтып, ұялмастан үйіне қайтып келеді екен. «Қатты ауру» орнынан тұрып барып су ішерге шамасы жоқ, аштан-аш жалғыз жатқан кезінде ойына әртүрлі нәрсе кіреді екен. Өлемін десе, ажал келмейді. Сүйенейін десе, тірегі жоқ. Таңдайы кеуіп жатқан кезінде басында бір тамшы суы жоқ, жақыным деген адал деген жары басқа үйде өсек айтып, қарқылдап отырады екен. Жетім бала — кінәмшіл, ауру кісі — тырысқақ деген қазақта сөз бар. Кінәмшілдік пен тырысқақтықтың екеуі басыңа бірдей түссе, оның үстіне жақын деп жүрген кісілерден көңілің қалса, ауру кісі түгіл сау кісіге өте ауыр. Соларды өз басымнан өткізіп бара жатырмын.
Мен жақында кететін кісімін. Соған түсінбеген жеңіл-желпі жақындарыма өкпелеп кетіп бара жатырмын. Сенгенім сен деген кісіге «Қап, қателестім-ау!» дегеннен басқа айтар сөзім жоқ. Оның да құдай өз жазасын өзі берер. Таңдап алған өзім едім, сеніп алған өзім едім, өз обалым өзіме деп мойындауым керек.
* * *
Қартайғанда екі мәселеге душар болдым.
«Алыс жолда атың өлмесін, Қартайғанда қатының өлмесін».
Бұл сөзді басыңа келгенде басқаша түсінеді екенсің. «Ат» деген сөз денсаулық екен, қазакең образбен сөйлейді. «Алыс жол» деген денсаулығың екен. Жасың жетсе, денсаулығың дұрыс болсын деген сөзден ұғындым.
«Қартайғанда қатының өлмесін» деген сөз — саған түсіне білетін, сені күте білетін ең жақын жан жарың өлмесін деген сөз екен. Осы екеуі де басқа түсіп отыр. Оны уақыт ұқтырып отыр.
Қартайғанда асығудан қорқады екенсің. Орыстар «поспешишь людей насмешишь» дейді.
Үйсіз-күйсізді екі (духовный, биологический) тұрғыдан түсіну керек.
«Көлеңкесіз дүниеде зат болмайды»
(Әзілхан Нұршайықов туралы)
Бірақ көлеңкенің айырмасы бар. Әр көлеңке әртүрлі. Сынды осы тұрғыдан түсіну қажет, әрқайсысының сырын, мақсатын білу керек.
Қазақта сөз бар: «Көлеңкеңмен күн көріп жүрміз», — дейді. Мысалы, Иван Грозный. Оны орынсыз жамандайды. Ал, оның мақсаты — орысты ел ету ғой. (1-Петр де солай).
«Төрімнен көрім жақын» — бұл ақымақ үшін солай, ал, естіге ол басқаша қабылданады.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: