Әңгіме: Сызықты қысқарту
Мұғалім сыныптағы зерек, бірақ сонымен қатар ішітар оқушыдан: «Сен неге достарыңа көре алмаушылық етесің, олардың жасағандарын бұзып, төбелесесің де жүресің?» деп сұрайды. Оқушы: «Өйткені олардың менен озып кетуін қаламаймын. Мен ғана үздік, менің жасағандарым ғана ең жақсы болғанын қалаймын» дейді. Мұғалім сәл ойланды да, орнынан тұрып, тақтаға бір сызық сызады. Әлгі оқушысына қарап: «Мына сызықты қалай қысқартуға болады?» деп сұрайды. Оқушы орнынан атып тұрып: «Сызықтың жартысын өшіріп тастаймын» деп жауап береді. Мұғалім бұл жауапты қабыл етпейді. Оқушы біраз ойланып, сызықтың бір бөлігін қолымен жауып: «Міне қысқарды» деді. Бұл жауап та қате болатын. Дұрыс жауап ала алмайтындығын түсінген мұғалім тақтаға әуелгіден де ұзынырақ сызық сызып: «Енді қалай болды?» деп сұрайды. Басы салбыраған оқушы: «Енді қысқарды» деп жауап берді. «Біліктілігің мен қабілетіңді арттырып, өз сызығыңды ұзартуың, қарсыласыңның сызығын қысқартуға тырысудан әлде қайда жақсы» деп оқушысына өмірдің барлық кезеңінде кәдеге жарайтын тәрбиелік сабақ берді.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша Анекдот: Мектепте | Апай бугін химия емес физика көрсетесіз ба?
» Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Әдеп)
» Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мұғалімнің қулығы
» Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Болашақты күткен мұғалім
» Сабақ жоспары (ұмж): Механорецепторлардың түрлері (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)
» Қазақша Анекдот: Мектепте | Апай бугін химия емес физика көрсетесіз ба?
» Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Әдеп)
» Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мұғалімнің қулығы
» Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Болашақты күткен мұғалім
» Сабақ жоспары (ұмж): Механорецепторлардың түрлері (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)
Іздеп көріңіз: