Әңгіме: Жұмағали Саин | Ырысбай мен Балдақ
үн кешке айналса-ақ, шеткі құрым үйдің қасынан күңгірлеген домбыраның қоңыр үні шығады. Домбыра қоқыр күймен ақырын ғана сарнап ызың қағады да тұрады. Оның даусы серпіліп жоғарыға шырқайды. Баяулап төмен де түспейді, бір қалыппен ырғалып, күңіренеді де тұрады.
Бұл дауыс, бұл күй, бізге көптен таныс, көптен құлағымызға сіңген күй. Оны кім тартып отырғанын біз кісіден сұрамай-ақ білеміз.
Кешке домбыра тартылып қоңыр күй шықса Ырысбай қарт екен дейміз. Домбыра тартылды дегенше-ақ, Ырсекең қасына баралық деп жүгіре жөнелеміз...
...Міне, домбыра даусы шықты. Біз жиналып алып соған қарай жүрдік. Күндегі домбыра, күндегі күнмен талас тартылатын қоңыр күй, күндегі ыңыранып ән салатын Ырысбай қарт, оның тартатын күйінде де, отырған отырысында да өзгеріс жоқ. Кірлеген ақ домбырасы қолында; теңселіп, ыңыранып отыр.
Ағытылып айтылып отырған өлең де жоқ, толықсып көкке өрлеп құйқылжыта салған ән де жоқ. Тек қана ыңыранған өлеңнің, баяуланған әннің жобасы, сарыны ғана.
Осылай отырған Ырсекеңнің қасына келіп сәлем береміз. Ол иек қағады да қояды. Келген бізді көзінің астымен бір шолады да домбырасын тарта береді.
— Беу, Ырысбай-ай, неғып күңірентіп отырсың домбыраңды,— дейді. қасына келіп, Жанақ.
— Еріккеннен тартып отыр дейсің бе, несіне сұрайсың соны,— дейді қарт. Кәрі саусақ пернеден пернеге жүгіріп, қоңыр күйді баяулатып тарта береді. Ол домбыра тартып отырғанда, ыңырсып домбыраға қосылып отырады. Анда-санда көзін жұмып бала тербетіп отырған адамдай-ақ теңселіп, ырғалып қояды.
Ырысбай қарттың қоңыр күйін, біз бала шағымызда тыңдадық қой, сондықтан оның толық мәнісіне түсінбейді екенбіз. Тек қана өзді-өзіміз ойнағанда Ырысбай болайын ба деп, ақ ағашты қолымызға ұстап еу-еу деп ыңырсу үшін, терең ойлы кәрияның қызық мінезін келемеж ету үшін ғана оның қасына жиналады екенбіз.
Сол суретті бүгін ойлап тұрсам өзім таң қаламын.
Ырысбай домбыраға қоңыр күйді тартқанда қайғылы, мұңды өмірінің күйікті, шерлі, қасіреттерін сыртқа шығару үшін тартады екен. Ол ыңыранып теңселгенде, жаралы жүрегіндегі өкінішті өксіктерін басу үшін ыңыранып теңселеді екен. Шерлі жүректің, топас заманның мұңды күйін тартқан, елдің, жүрегіне жабысқан шерді тартқан қарт домбырашы, сенің тіліңді ол кезде біз балалықпен түсінбеген екенбіз.
Ырысбай қартты есіне түсіріп отырған Балдақ, Балдақтың екпінді сұлу күйі, оның колхозшылар арасында тартқан домбырасы.
Балдақтың қуанышты жүзі, домбыраның пернесінде ойнақ салған нәзік саусақтары, толқытып, төгілдіріп салған әні Ырысбай қарттың қоңыр күйін, көңілсіз әнін көз алдыма келтірді. Мені ойландырды, Ырысбай тартқан мұңды күйдің себептерін таптырды.
Мен сіздерге айтып берейін, сіздер тыңдаңыздар, қазір колхоз сахнасында, аңыраған сұлу күйді, безілдеген домбыраны, қуаныш күйіне, бақыт күйіне басқан Балдақ жеңгейді кересіздер.
Ол Ырысбай сияқты, домбыраның қос пернесі арқылы, күн батарда қоңыр күйге, қайғылы мұңды күйге салмайды. Ол ыңыранып, көзін жұмбайды, домбырасын безілдетіп, мың құбылтады. Сұлу күйді біресе аспандатып, шарықтатып, біресе баяулатып созылдырып, тамылжытып тоқтатады. Ол өзі тартқан күйімен бірге шарқ ұрып көкке шыққандай болып, масаттанып отырады. Домбырашы — күйші Балдақ жеңгейдің екпіндете салған күйлерін «Алға» колхозының кәрісі мен жасы тегіс сүйіп, құмартып тыңдайды. Домбырасын шертіп, құйқылжытып тоқтаған Балдақты, колхозшылар қол соғып қарсы алады.
— Рахмет шырағым, көңілімізді көтеріп тастадың ғой!— дейді олар.
Қайғылы, мұңды, Ырысбай қарт әлдеқашан өліп кетті. Ол осы күні тірі болса анасынан қайта туғандай жасарып, Жамбыл ақындай жаңғырығар еді-ау, мұңды күйді тастап, бақыт күйіне салар еді-ау, жаңа заманның бұлбұл қызы Балдаққа қосылып колхоз сахнасында ойнар еді-ау!
Ол өліп кетті ғой. Колхоз даласының бұлбұл құстарын совет заманы күн санап жарыққа шығарып жатыр. Міне, соның біреуі Теңіз ауданы «Алға» колхозындағы осы біз жазып отырған Балдақ жеңгей (Жұмалиева).
Балдақ күн санап өсіп келе жатқан талантты домбырашы, ол репертуарын күн санап молайтып келе жатқан адам. Ол «Адай» күйін, «Шалқыманы», «Ақжелеңді», «Ақсақ құланды», тағы басқа бірнеше күйлерді тартады. Ол өз колхозынан ондаған домбырашылар шығармақ.
Жаңа заманның бақытты жастары, бақытты қыздары осылай шалықтап өседі.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: