Әңгіме: Антон Чехов | Зар
Мұңымды кімге шағамын?..
Кешкі қара көлеңке. Жапалақтаған жабысқақ қар жаңа ғана жанған фонарьларды шыр көбелек айнала баяу ұшып, үй төбелеріне, аттардың сауырына, адамдардың иығына, бөркіне қонып, жұп-жұмсақ ақ кебенекке орап жатыр. Арбакеш Иона Потаповтың үсті-басы аппақ, аруақ сияқты. Тірі адамның денесін қанша зорласаң дәл ондай бүгілмес, шананың алдыңғы тұғырында екі бүктетіліп бүгжиіп кеткен, тырп етер емес. Төбесінен тұтас бір күртік қар құлап кетсе де ол тегі елең етіп, үстінің қарын қағуды қажет етпейтін сияқты... Жегулі атының үсті де аппақ, ол да қыбыр етпейді. Сол қимылсыздығына, денесінің арса-арса болған арықтығына, аяқтарының таяқ сияқты сидаңдығына көз тоқтатып, жақынырақ үңілсең, ол кәдімгі тиын сияқты пірәндік атқа ұқсап кеткендей. Шамасы, өзі бір терең ойға шомып тұрған болуы керек.
Соқадан, күнделікті көңілсіз көріністен ада болып, мына сияқты жарқ-жұрқ еткен неше түрлі оттары, тынымсыз айғай-шуы мен сапырылысқан адамдары бар осынау қарбаласқа келіп тап болған аттың ойланбасына болмаса Иона мен оның атының бір орында тапжылмай тұрғанына көп болды. Олар ауладан түс болмай шыққан, содан бері бірде-бір кәсіп табылған жоқ, міне, енді қалаға түн қараңғылығы түсіп келеді. Фонарьлардың ілкідегі көмескі сәулесі барған сайын жарқырай ашылып, көшедегі қарбаластың да у-шуы күшейе түсті.
— Арбакеш, тарт Выборг жаққа қарай, - деген дауыс шалынды Ионаның құлағына. — Арбакеш!
Иона селк етіп, қар жабысқан кірпігінің арасынан сығырая қарап, жалбағайлы шинель киген бір әскери адамды көрді.
— Выборг жаққа тарт! — деп қайталады әскери адам. — Сен өзің ұйықтап отырмысың, немене? Выборг жаққа тарт деймін!
Иона келіскендей үнсіз ишарат білдіріп, делбені қағып қалғанда, аттың арқасы мен өзінің иығында тұтасқан қар сау етіп төмен құйылды... Әскери адам шанаға отырды. Арбакеш ернін шөпілдете, мойнын аққудай созып, орнынан көтеріле түсіп, үйреншікті әдет бойынша, шыбыртқысын ешбір қажетсіз бұлғаң еткізіп қалды. Өзімен бірге аты да мойнын ілгері қарай созып, қу таяқтай сидиған аяқтарын тырбаңдата, орнынан самарқау қозғалды...
— Қайда кимелейсің, есуас! — Қараңғыда ерсілі-қарсылы сапырылысқан қалың көпшіліктен Иона салған жерде-ақ осындай сөздерді естиді. Қай сайтан қуып барады? Оңға қарай бұр атыңды!
— Сен өзің ат айдай білмейді екенсің ғой! Оңға қарай бұрсаңшы! — дейді әскери адам ашуланып.
Бір күйменің көшірі балағаттап өтті, көшеден жүгіріп өтіп бара жатып, иығымен аттың тұмсығына соқтыққан бір жаяу адам оқты көзімен атып, жеңінің қарын қағып барады. Иона шананың алдыңғы тұғырында отырып қопаң - қопаң етеді, екі шынтағын екі жаққа ербеңдетіп, кәдімгі бір өзінің қайда келе жатқанын, не үшін келе жатқанын түсінбейтін тәрізді, есеңгіреген адамдай көзін жыпылықтатады.
— Неткен сұмдар еді өңкей! - дейді әскери адам кекетіп. Бәрінің де сенімен соқтығысуға, атыңның астына түсуге құмарын қарашы. Ауыз жаласып алған ғой шеттерінен.
Иона лаушыға жалтақтай қарап, ернін қыбырлатады... Тегінде, оның бірдеңе айтқысы келеді білем, бірақ тамағынан қырылдаған дыбыстан бөтен ештеңе шықпайды...
— Немене? — деп сұрайды әскери адам.
Иона аузын қисайта езу тартып, тамағын қайта-қайта қырнап, даусын қырылдата сөйлейді.
— Мырза, менің әлгі... осы аптада балам өлді.
— Кім!.. Неден өлді?
Иона бүкіл кеудесімен лаушыға қарай бұрылып сөйлей жөнелді:
— Е, оны кім біледі! Сірә, соқпадан кетті-ау деймін. Үш күн ауруханада жатты да өліп қалды... Құдайдың бұйрығы да.
— Атыңның басын бүр, сайтан! — деген дауыс естіледі қараңғыдан. - Көзің шығып кетті ме, кәрі төбет? Көзіңе қарасаңшы!
— Айда - айда... — дейді. Бүйте берсек, біз ертең де жете алмаспыз. Айдаңқыра атыңды!
Арбакеш тағы да мойнын созып, орнынан көтеріле түсіп, шыбыртқысын ауыр ырғаңдата бұлғап - бұлғап қояды.
Содан кейін артына қарай бұрылып, лаушыға жалтақ-жалтақ қарайды, бірақ ол көзін тарс жұмып алған, шамасы, сөз тыңдауға зауқы жоқ болса керек. Оны Выборг жаққа апарып түсіргеннен кейін Иона трактирдің қасына барып тоқтады да, шананың тұғырында бүк түсіп тағы да тырп етпей отырып қалды. Жабысқақ қардан өзінің де, атының да үсті-басы аппақ болды. Бір сағат өтті, екі сағат өтті...
Тротуардың бойымен аяқ киімдерін сарт-сұрт еткізіп, балағат сөздер айтысып, үш жігіт өтіп барады: екеуі ұзын бойлы, сидаң, үшіншісі қортық, бүкір.
— Арбакеш, полицей көпіріне қарай тарт! - деп айғайлайды бүкір дауысы шіңгірлеп. — Үш адам — жиырма тиын!
Иона делбені қағып, ернін шөпілдетеді. Жиырма тиын деген немене, тәйірі, бірақ мұнда қазір оны ойлап жататын шама жоқ. Бір сом ба, бес тиын ба - қазір бұған бәрібір, әйтеуір лаушы болса болды. Жігіттер бірін-бірі итеріп балағат сөздер айтысып, үшеуі жапырласа келіп, шананың орындығына жармасты. Отыратын екеуі кім, түрегеп тұратын үшіншісі кім - осы мәселенің дауы басталды. Ұзақ дауласып, ашу білдірісіп, біраз реніш айтысқаннан кейін бір пәтуаға келісті: жасы кіші болғандықтан, бүкірдің түрегеп тұруы керек екен.
— Ал, айда! - деп шіңгірлейді бүкір, Ионаның көк желкесіне төніп, мұның мойнына демін тигізіп тұрып. - Шықпырт! Ой, шіркін, сенің бөркіңе болайын! Бұдан өткен бөрікті бүкіл Петербургтен іздеп таппассың.
— һы-ы... һы-ы... — деп кеңкілдейді Иона. — Барымыз осы...
— Ей, сен, барымыз осы-ay, айдасаңшы! Жеткенше осылай жүрмекпісің? Сөйтемісің-ей? Ал желкеңнен соқса ше?..
— Басым сынып барады... - дейді ұзынтұраның біреуі. Кеше біз Васька екеуміз Дукмасовтың үйінен төрт шөлмек коньяк іштік.
— Өтірік айтып не керек, осы мен соған түсінбеймін! - деп ашуланды екінші ұзынтұра. -Өтірікті соққанда, тіпті хайуан секілді, бір шімірікпейді.
— Құдай ұрсын, оллаһи шыным...
— Сен шын айтсаң, бит те түшкірер.
— һы-ы! - Иона ырсиып күледі. — Кө-ө-ңілді мырзалар!
— Түу, өзің бір құдай соққыр неме екенсің! — дейді бүкір ызаланып. — Жүремісің тезірек, сен, кәрі қақпас, әлде жүрмеймісің!
Осылай да кісі таси ма екен? Шықпыртсаңшы атыңды шыбыртқымен! Түу, сайтан! Түу! Жақсылап соқ, бәлемді!
Иона өзінің ту сыртындағы бүкірдің шіңкілдеген даусын естіп, құнжыңдаған қимылын сезіп келеді. Ол өзіне айтылған балағат сөздерді естиді, адамдарды көреді, сөйтіп жалғыздық қасіреті кеудесінен кем-кемдеп арыла бастайды. Бүкір баж-баж етіп, неше түрлі боқтық сөздерді бірінен соң бірін тізбектей тоғытып барып, ақыр аяғында жөтелге булығып қалды. Қос ұзынтұра Надежда Петровна деген бір әйелді соз қылып кетті. Иона соларға бұрылып қарады. Сөз арасы толастаған бір мезетте, ол артына тағы бір бұрылып қарады да, міңгірлеп сөзге араласты.
— Осы аптада менің әлі... нетіп... ұлым өлді!
— Бәріміз де өлеміз... — деп күрсінді бүкір, жөтелден кейін ес жиып, ернін сүртіп жатып. — Ал айда, айда деймін! Мырзалар, мен мына жүріске енді төзе алатын емеспін! Қашан жеткізеді мынау бізді?
— Е, сен оны ептеп елпілдетіп қойсаңшы... желке тұсынан!
— Кәрі қақбас, естимісің! Желкеңді жауыр қылармын мен сенің! Сен сияқтылардың ырқына көне берсең, жаяу жүрерсің тегі. Естимісің сен, қыңырбай қырсық мұңдар! Әлде сен біздің сөзді қыстырғың да келмей ме?
Иона желкесіне тиген төмпештің өзінен гөрі тық-тық еткен дыбысын көбірек сезеді.
— һы-ы...- деп күледі ол. - Көңілді мырзалар... Құдай дендеріңізге саулық берсін!
— Арбакеш, әйелің бар ма? - деп сұрайды ұзынтұра.
— Менде ме? һы-ы... кө - өңілді мырзалар! Ендігі менің әйелім сыз қара жер... Хи-хо-хо... Көрімді айтам! Әнеки ұлым өлді, ал мен тірі жүрмін... Ғаламат қой, ажал да кірер есіктен жаңылады екен... Маған туралап келудің орнына, әнеки ол менің ұлыма келді...
Енді Иона ұлының қалай өлгенін баяндамақ болып, артына қарай бұрыла беріп еді, бірақ сол кезде бүкір жеңіл күрсініп. Құдайға тоба, әйтеуір жеттік-ау, - деді. Жиырма тиынды алды да, Иона қараңғы есіктен әрі қарасы батып бара жатқан қыдырмалардың артынан ұзақ қарап тұрды. Ол тағы да жалғыз қалды, оның басына тағы да тылсым үйеледі. Сәл ғана саябыр тапқан ащы зар қайта оянып, көкірегін бұрынғыдан да қатты тырнай жөнелді. Ионаның қасіретке толып, мөлиген екі көзі көшенің екі жақ бойында құжынаған қалың топты шарлап кетті: осынау мыңдаған адамның ішінен мұның сөзін тыңдайтын, ең болмаса, бір адам табылар ма, сірә? Бірақ қалың тобыр оның өзін де, зарын да елемей, жүгіріп өтіп жатыр. Бұл бір шетсіз-шексіз қалың қайғы, терең зар. Ионаның көкірегі қарс айырылып, іштегі зарлы запыран сыртқа ақтарылса, сірә, бүкіл дүниені топан су қаптар ма қайтер еді, бірақ сырт көзге көрінбейді. Титімдей ғана бір қуысқа сыйып тұр, тіпті талтүсте қолыңа от алып іздесең де көре алмайсың...
Иона қолында түйіншегі бар аула сыпырушысын көріп, сонымен сөйлескісі келді.
— Шырағым, қазір сағат қанша болды екен? — деп сұрады бұл.
— Тоғыздан кетті. Сен неменеге бұл жерге тұра қалдың! Ілгері қарай өтіп кет!
Иона бірнеше қадамдай жүріп барып тоқтады да, қайтадан бүгіле түсіп, тағы да ауыр мұңға батты... Енді жұртқа қарап сөз айтудан пайда жоқ деп ойлады. Бірақ арада бес минут өткен жоқ, ол бір жеріне ине қадалғандай, ыршып кетіп, басын сілкіп тастады да, делбені қағып қалды... Тағат таппай, бебеу қағып барады.
"Қой, үйге қайтайын,- деген ой келді - Үйге!".
Сол кезде аты байғұс та иесінің ойын тапқандай, жортақтай жөнелді. Арада енді бір жарым сағат өткенде Иона салтақ-салтақ болып, үлкен пештің қасында отыр еді. Пештің үстінде, еденде, ұзын орындықтарда жағалай жайрап қорылдап жатқан халық. Қолқаны атқан қапырық ауа "мүңкіп тұр". Иона ұйықтап жатқан жұртқа қарап, о жер, бұ жерін қасып, үйге мұнша ерте келгеніне өкінеді...
— Ең болмаса сұлыға да ақша таппадым - ау, - деп ойлады ол. - Зарланып отырғаным да содан ғой. Өз шаруасына мығым адам ғой... өзі де тоқ, аты да тоқ, әрдайым алаңсыз?..
Бір кезде бұрыштан бір жас арбакеш ербиіп түрегеліп, ұйқылы-ояу міңгірлеп, су құюлы шелекке қарай ұмтылды.
— Су ішкің келді ме? — деді Иона.
— Ішкім келгені ғой, сол!
— Иә... Аман бол.. Ал менің, шырақ, ұлым өлді... Естіп пе ең? Осы аптада ауруханада жатып... Ғаламат!
Иона өзінің сөзі қандай әсер етер екен деп қарайды, бірақ ешнәрсе көре алмайды. Жігіт басын бүркеніп алып, қайтадан ұйықтап кетті. Шал күрсініп, қышыған жерлерін қасиды... жаңағы жігіттің су ішкісі келгені сияқты, мұның да сөйлегісі келеді. Ұлының өлгеніне жуырда бір жеті болады, бұл болса әлі ешкіммен шер тарқатып сөйлескен жоқ... Дұрыстап... арасында ауық-ауық дем алып қойып... біреумен сөйлесу қажет. Ұлының қалай өлгенін айту керек. Қалай жерленгенін, өліктің киімін алу үшін ауруханаға қалай барғанын түп-түгел айту қажет. Деревняда Анисья деген қызы қалды. Оның жайын да біраз айту керек. Енді мұның айтар сөзі аз ба? Тыңдаған адам аһылап-үһілемей, иманын қасым етпей отыра алмаса керек... Ал қатындармен сөйлессең, тіпті жақсы. Олар қаншама ақымақ болғандарымен, екі сөздің басы қосылса - ақ жылап қоя береді.
— Барып атты қарап келейінші, - деп ойлады Иона. - Ұйықтауға уақыт табылар... Басқа болмаса да, ұйқы қанар...
Ол киініп, аты тұрған атқораға келді. Енді сұлы, шөп жайын, күн райын ойлады... Оңаша қалғанда ұлын ойлай алмайды.... Ол туралы біреу-міреумен әңгімелесуге болады, бірақ жалғыз өзі қалғанда оны еске алу, оның бейнесін көз алдына елестету бұған адам айтқысыз азап...
— Оттап тұрмысың? - деді Иона атының қасына келіп, оның қараңғыда жарқыраған көзін көріп - Жарайды, отта, отта. Сұлыға ақша таппадық, енді шөп жейміз де... Иә... Мен енді ат айдауға да жарайтын түрім жоқ, қартайдым... іштегі зарлы запыран сыртқа ақтарылса, сірә, бүкіл дүниені топан су қаптар ма қайтер еді, бірақ сырт көзге көрінбейді. Титімдей ғана бір қуысқа сыйып тұр, тіпті талтүсте қолыңа от алып іздесең де көре алмайсың...

"Қой, үйге қайтайын, - деген ой келді - Үйге!".

— Ең болмаса сұлыға да ақша таппадым - ау, - деп ойлады ол. — Зарланып отырғаным да содан ғой. Өз шаруасына мығым адам ғой... өзі де тоқ, аты да тоқ, әрдайым алаңсыз?..

— Су ішкің келді ме? - деді Иона.

— Барып атты қарап келейінші, — деп ойлады Иона. — Ұйықтауға уақыт табылар... Басқа болмаса да, ұйқы қанар...

— Оттап тұрмысың? — деді Иона атының қасына келіп, оның қараңғыда жарқыраған көзін көріп — Жарайды, отта, отта. Сұлыға ақша таппадық, енді шөп жейміз де... Иә... Мен енді ат айдауға да жарайтын түрім жоқ, қартайдым...
Мен емес, ұлымның - ақ айдайтын жөні бар еді ғой... Нағыз арбакештің тұрған жері еді-ау... Әттең тірі болғанда...
Иона сәл үнсіз тұрды да, тағы сөйлеп кетті:
— Солай, жануарым... Кузьма Ионыч енді жоқ бізге... Келмеске кетті... Ойда-жоқта өлді де қалды. Міне, мәселенки, сенің кішкентай құлыншағың болса ғой, сен соның туған енесі боласың... Мәселенки, сенің сол құлыншағың бір күні өліп қалса... Сен қайғырмас па едің?
Биесі оттап, иесінің сөзін тыңдап тұрып, оның қолына тұмсығын тақап, күрсіне дем алды...
Иона соған арқаланып, барлық мән-жайды биесіне баяндап кетті.
Аударған Ж. Ысмағұлов

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: