Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Дәметкеннің зары

Әңгіме:  Ілияс Жансүгіров | Дәметкеннің зары


(Шөкенұлы Құсайынның естелігінен)

Дәметкен Далабайдың шешесі. Далабай жалғыз. Өзі жарлы кемпір. Дәметкеннің екі көзі жоқ, су қараңғы кемпір. Ол Далабайын қапсыра құшақтап, шырқырағанда жер басып тұра алмадық. Сондағы Дәметкеннің зарынан. Әр жерінде құлағымда қалғанын елге қайта қосылғанша ойымнан шығармадым. Бірақ анда-сандағы бір бөліктерін ғана ұғып қаппын.

Дала жаным, жалғызым,
Су бойында жалбызым.
Маңдайдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым.
Жүзіңді көріп қалуға
Ашылсыншы сұм көзім!..

деп тыржиған қабағын жоғары-төмен көтергенде сәулесі жоқ тұңғиық қара көзінен тамшылап жас шығады.

Жалғызым, жаным Далажан,
Тым болмаса екеу боп,
Артыңнан біреу ерсеші,
Тентекшіл, теріс қу құдай,
Зорлықшылды көрсеші.
Тым болмаса жар болып,
Жарқ етіп көзім ашылып,
Далаштың жүзін көрсемші,
Сылқ етіп, сүйіп өлсемші.
Тірі күйік тартқызбай
Қолыңнан мені кемсеңші.
Мейірім қана сүйейін,
Келсеңші, сәулем, келсеңші!.. —

деп оңды-теріс кетіп тұрған Далабайының бетін тарамыс қара қолымен сипалап тауып алады...

Facebook

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Ілияс Жансүгіров Дәметкеннің зары туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ілияс Жансүгіров Дәметкеннің зары на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]