Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Арланның ажалы
(этнографиялық әңгіме)
Арлан айналадағы қалың қорыс ішіндегі апанына жете беріп, екі сүрініп кетті. Тіпті соңғысында талай желді жарып өткен, талай қойдың құйрығына, талай жылқының шабына тиген сүйір қара тұмсығы қара жерді сүзіп те қалды. Талай сыннан сүрінбей өткен екі алдыңғы аяқ тырнақтары тұқылданыңқырап, әлі кетіп, былқылдай берді. Апанның аузына жетер-жетпесте тағы тұмсық тірей құлады да, үш-төрт күннен бері ішіне ештеме бармағандықтан, қабысып кеткен бүйірі бүлк-бүлк соғып жатып қалды.
... Арлан көзін жыртитып ашқан сәтте күннің қызуы басылып, ұясына таяп барып қалған екен. Құлай кеткенде сүйретіліп қалған артқы екі аяқтың бірі қозғай бергенде зар қақсап кетті. Танғы оқиға арланның есіне енді түсіп, бойын жинаңқырап алып, өзінен-өзі түңілгендей, тіксінді. Қашанда әлсізге, шаршауға жолдас ұйқы кезіне тығылып бара жатты да, көз алдына таңсәрідегі ақ төбеттің тілерсектен тартып кеткені елестеп, ойы жан-жақты, болған жайды қайта шарлап жөнелді. Ол тарамыстанған екі артқы аяқты жинап, шүйкесінен шоқиып отырды. Сонан соң қан шыққан тілерсекті шайнап жеп қойғысы келіп, ауызды салып қалып еді, қызыл иек жүгіре-жүгіре әбден бекіген қу сираққа өтпеді. Құдайға шүкір деп ойлады, жанымда туғандарымның болмағаны қандай жақсы болды. Әйтпесе тілерсектен аққан қанды көрген соң мені түте-түтемді шығарып, талап жеп қоятын еді. Олар болғанда ендігі әрқайсысының ішінде бір-бір жапырақтан жататын едім. Ол шайнай алмаған оң аяқты енді алақандай қызыл тілімен жалай бастады.
...Шіркін, қартайғанша адал қызмет еткен қара тұмсықтан айналмаспысың. Иіс алып жүріп кетіп еді, төбе басында отырған қойлы ауылға дәл-ақ келіп қалыпты. Қой күзетіп жүрген әйелдің «ей, һайт!» деген айқайы үзіліп-үзіліп зорға естіледі. Шамасы таң алдындағы қалың ұйқы шыдатпай-ақ тұрса керек-ті. Сәлден соң-ақ ол дауыс өшті. Таң қараңғысын пайдаланын бұл қораға жетіп-ақ қалды. Иттердің де бір тыншитын кезі осы. Сүйекке салса қарш етіп кіріп кететін қайран сой тістер десеңші, оның бәрі құрып қызыл иек қана қалғаны таназарында жоқ сорлы арлан шеттегі бір арық тоқтыны тамағынан алып, сілкіп арқасына сала бермек еді. Қызыл иегі құрғыр қойдың мойынын ұстай алмай, ауыздан шығып-ақ кетпесі бар ма? Пәле нақ осы жерден басталды. Қотандағы қойдыр етіп үркіп, «һайт» деп айдақтаған қырылдақ дауыстың шығуы мұң екен, үренділер әупілдеп қоя берсін.
Ұрының қуыстау келетіні белгілі, қорықпай тұра алармысың, қаша жөнелді. «Ит өзі ала болса да, қасқыр көргенде бірігер», деген рас екен, бір қорадағы екі ит қана ма, бүкіл ауыл иті құлақтанып соңына түсіп берсін. Алғаш қуып жеткен сары қаншық тап берсе тұра қашып, қалмай келе жатыр еді. Бір кезде үлкен ақ төбет мынау қасқыр-ау демей желкесіне қонжия түспесі бар ма, иттің де мұндай ауыры болады екен, кәрі арланның омыртқа-қабырғасы сықырлап сынып кете жаздады, Одан әупірімдеп құтылғанда сары қаншық қайта қуып жетті. Оны бір бүктеп тастап, қашпақ болып бұрыла бергенде, ақ төбет артқы тілерсектен тартып-ақ кетсін. Жан ұшырып, үш аяқтап зорға құтылғанын білді, әйтеуір. Екі бел асырып барып қайтқан иттердің ә шіркін-ай, біреуі оңаша кездесер ме еді! Сөйтіп ойлай берді де, мұнысы ойында емес, аузынан шығып кеткендей жым бола қалды. Дым болмай қайтсын. Бері деген атымен ғана қорқытпаса, итті алып жейтіндей мұнда не шама қалып еді. Таң алдында сары қаншықты ашып-ақ ұрып еді, не тіс жоқ, не тырнақ жоқ не істей алды,оған? Ең болмаса сары қаншық қаңқ етпеді де. Қаршылдатып азуды салатын қайран таман десеңші. Енді міне, ауылдың бір сабалақ жүнді ақ итінен қорлық көріп жатысы...
Арлан шоқып отырды. Ауырсына артқы аяғын жинады. Кеш батып барады. Аспанға қарап, желге танауын төсеп, иіс алды. Әлдеқандай бір өлексенің иісі сезіледі. Қай жақта екен. Ол қайта тұмсығын аспанға қаратып, құдайдан тілек тілеп ұлығысы келді. Ата-баба салты. «Жеті күн жерден бер, жеті күн елден бер!» Кім береді, қайтіп береді? Онымен о баста аспанға қарап ұлыған жеті пұстысының жұмысы болмапты. Әйтеуір ата салты солай деп, түн алдында бір ұлып алатын қашаннан қалған әдет. Егер ғайыптан біреу бірдеме беретін болса бермей ме, бұған. Тілін тістеп қанғалы үш күн. Соңғы жинап, жортып көріп еді, оның аяғы мынау болды. Тілерсекті тістетіп отыр. Сар сіңірді жұлып кетпегеніне де шүкір.. Қой деді ол, аяқ болса мынау, тіс болса жоқ, бір оңай кәсіп іздейін...
...Арлан бөлек бағылып жүрген айбарадай мүйізді бір қора қойдың артынан ілбіп басып келеді. Кейде тіпті жер бауырлап жылжиды. Өйтпеске бола ма, егер қойшының көзіне түсіп қалсаң құрыдың. «һәйт» десе бітті жуындыға тойған төбеттер қуып берері хақ. Бұралып, төртінші күн аш келе жатқан бұл байқұста не шама бар, ауыл итіне жем болады ғой. Сондықтан мына қойлардың салақтап үзіліп түсіп қалайын деп тұрған етін-ақ аңдығаны дұрыс болар.
Қойшы қошқарларды ылдидан өрге қарай беттетті де, өзі атына мініп, қой осылай қарай жайылып келеді-ау деген, алдағы төбеге барып аттан түсіп, жантайды. Онымен бірге құйрығы қойқиған екі ала төбет те бір тыныстап алайын дегендей екі алдыңғы аяғын ілгері көсіп жіберіп, соған тұмсығын төсеп, жонын күнге бере жатты. Міне, енді арланның қойға жақындауыңыз ыңғайы келген сияқты.
Тегінен қомағай, оңаза жаралған сорлы өзінің бұл күнде қандай екенін ұмытып, орнынан тұра беріп, құйрығын бутына тығып ала қойды. Екі құлақты жымырып, суға сүңгитін баладай ыңғайланып, енді шабу үшін кере қарыс ауызды ашып алмақ еді. О тоба, жағы қарысып қалыпты. Ашылмады.
Қой, қанды ауызға қайтадан босқа ұрынбайын деп тәубаға келгендей жата қалды. Сөйтіп тезірек жылжыды. Қойға тез-ақ жақындап қалды.
Міне, қызық! Әлгі бөлек, ілініп қана жүрген ет барлық қойда бар екен. Қойдың бәрі де әдеттегіден үлкендеу, бәрінің де мүйіздері оралып иір-иір болып, зорға жылжып жүр. Шамасы анау бөлініп тұрған, әрең ілініп жүрген етін ауырсынатын болар.
Анау бір құйрығы көрсендей қызыл қойды қарашы, артқы екі аяғының арасынан көрінген бір бөлек ет қазір түсіп қалмаса не қылсын, болар болмас қылтаға ілініп тұр. Мұның бәрін бұлай талап жүрген қандай теріс азу, көкжал болды екен, ә!? Мүмкін тістен де, тырнақтан да ада болған кәрілеріміз бар, солар түсіп қалған жерінен теріп жесін деп әдейі жасаған шығар. Егер мұнша қойдың мына бөлек-салақ еттері бір-ақ күнде түсіп қалса, оның бәрін ішіне бұл қалай сыйғызбақ? Мына біреуі үзіліп түссе де бұған, төрт күн нәр татпаған сорлыға аз нәпақа болып па? Арлан жұтқынып-жұтқынып қойды. Көзін жұмып жіберіп, әр жерге үзіліп түсіп қалып, томпайып-томпайып жатқан етті елестетті. Егер үзіліп түскендерін ғана жинап алғандай болса, түнделетіп қораға түсіп, иттерді абалатып, жаныңды шүберекке түйіп ауылға барып керегі не?
Нақ осы бір сәтте қойшы атқа мініп, қойдың алдын қайырды да, қорасына қарай қайта айдап ала жөнелді. Тобылғы тасасында жатқан арлан қой кеткен соң жаңағы өрісті тегіс тінтіп, тінтіп өтті. Кешке қарай әбден тойған қойдың өріске жырлай түскен құмалағынан басқа ештеме көрінбеді. Көрмей қалдым ба деп, арлан ары-бері сандалды. Мені жеп бір тоя қал деп доп-домалақ боп дайын жақын ештемені ол көре алмады. Арлан апанына қайтты. Бірақ үмітін үзген жоқ. Ертеңгі күннен дәмелі еді...
Арлан кешегі құмды бел өріске түс ауа соқты. Өйткені неге екені белгісіз, ұйқысы көбеніп кетті. Ұйқы дейін десе ол да емес сияқты, әйтеуір манаурап жата бергісі келін тұрады. Дегенмен денесін жинап, артқы тілерсекті біраз жалап, жөнге келгеннен болын қой соңына түсті. Әзірге үзіліп түсе қойған ештеме жоқ екен. Екі ала төбет бүгін үйінен әбден тойып шыққан болса керек, қойдың біресе ол шетіне, біресе бұл шетіне қойқаңдай шығып, оң аяқтарын көтеріп, бұта-бұтаға бір-бір сарып жүрді. Нақ осы жерде арлан бір ойға сүңгіді де кетті. Япырай деп ойлады ол, «иттің иесі болса, бәрінің тәңірі бар», дейді. Сол бұлардың құдайынан гөрі мына иттердің екі аяқты иесі артық па, қалан? Егер ол құдай беріліп болса неге бес күннен бері іші-ішіне қабысып, екі жағы қарысып, тісін-тісіне қойып жүрген сорлыға бірдеме тастай салмайды. Тіпті ол босқа дүниеден бірдемені ғайыптан бермей-ақ, мына әр қойдан үзіліп түскелі жүрген өтті-ақ нәпақа қыл деп тастай салса қайтеді екен! Бермес, жаны ашымас құдай болып аспандап тұрғанша, жуынды болса да уақытысында татыратын иесі болғаны тәуір-ау.
Япырай, мұның ата-бабалары өмір бақи қойды азық етіп келе жатып, соның барлық сырын білмепті. Бұрықтылар қандай надан. Қойдың да түйнек салып, алма ағаш сияқты түйір беретінін қалай білмей өткен. Жаныңды жалдап, тісіңді қайрап қораға түскенше, өріске пісіп, үзіліп түсін қалған бір кесек етті жеп-ақ күн көрмеске не! Айтқандай күз де болып қалды ғой. Түнек атаулының бәрінің пісіп-түсетін кезі келді. Бәсе, жаңағы қызыл қойдың де тіпті түскелі тұр-ау. Оп-оңай тамақ табылды. Түн қатып, түс қашып, ауыл итінен неше түрлі ұрыс естіп, ұры атанып жүргенше өзінен өзі түсіп қалқи, қиналмай жей салатын мына доп-домалақ бір кесек етке не жетсін! Ол ата-бабасын біраз жазғырып болған соң, өзінің ерекше ақылды туғанына насаттанып қалды. Түйнекке кезін қадаумен келе жатқанда, күн де батып кетті. Арлан бірақ күдерін үзбеді...
Несі бар деп ойлады, ол, бір ұйықтап тұрса болды. Ертең келеді де, домалап түсіп қалған түйнектерді шетінен теріп жей береді, жей береді.
Арада тағы да екі күн етіп кетті. Міне, бүгін арланның қой соңына телміргеніне жеті күн. Әне, екі ит төбетті қойшы қой қайыруға жұмсады. Арланның алынбаған азығы иттен қашқан қойдың екі санын кезек соғып домалаң-домалаң етеді. Қазір бірер демнен кейін түнек қылтадан үзіліп қалып, қасекеңнің кере қарыс ауызына түседі...
Арланның тағы ұйқысы келіп барады. Осы бір қалың ұйқының айналдырғанына үш-төрт күн болды. Денесі дел-сал тартып, төрт аяқтың бәрінен әл кетіп барады...
Бағанағы қызыл қой бір тастың үстінде тұр еді. Оның жанына ала төбеттің бірі жетіп келіп еді, қызыл қой тастан қарғып кетті. Әлгі домалаңдаған түйнек өз салмағымен үзіліп түсіп, тура арланға қарай ұшты да, мұның тұмсығына келіп сарт ете түсті. Көзін ашып алғанда, қолында қан-қан қола үзегісі бар қойшы тұрғанын көрді. Кезі қайта қарауытып кетті, Түйнек үзіліп түседі деп жүріп, аштан қатқанын өзі де сезбей қалды. Өзі әлсіреп жатқан сорлы арлан көре тұмсықтан қатты тиген үзеңгіден сеспей қатты.
1985

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: