Қанатты (нақыл) сөздер: Лев Толстой

Қанатты (нақыл) сөздер: Лев Толстой

Құдайдың өзі махаббат, басқаларды жақсы көретін адам әрдайым Құдаймен бірге, Құдай да сол адаммен.

Балаларым менің! Сөзбен, тілмен емес, ісімізбен және барынша иманымызбен басқаларға махаббатымызды ашайық.

Өзі жетісіп өмір сүріп, жоқшылық көріп отырған бауырынан безсе, ондай адамды Құдай сүйе ме?

Билiк басындағы адамдар жұрт өзiнiң әрекетiнде тек зорлықты басшылыққа алады деп ойлайды, сондықтан қазiргi тәртiптi сақтау үшiн зорлықты батыл қолданады. Қазiргi тәртiптi зорлықпен ұстап тұра алмайсың, оны зорлықпен бұзылатын қоғамдық пiкiр сақтайды.

Адамға ұлы, ерекше нәрсенi телуiң мұң екен — оны ұсқынсыз етесiң, ал өзiңе телiгенiң — өлгенiң.

Өзеннiң арғы бетiнен тура осы тұсқа өтуiң керек болса, жоғарырақ ал. Сонда ғана ағыспен керектi тұсыңа барасың.

Жердiң дөңгелек екенiн бiлгеннен, осыған қалай жеткенiн бiлген маңыздырақ.

Еске сақтаумен емес, өз ойыңның күшiмен қол жеткiзген бiлiм ғана нағыз бiлiм.

Немқұрайдылық — жан-дүниенiң пасықтығы.

Бала тәрбиелеу — шындап келгенде, өз-өзіңді тәрбиелеу.

Кiтаптардан көп нәрсенi бiлген адам — ғалым, өз уақытында ең көп тараған бiлiм мен әдiстердiң бәрiн үйренген адам — бiлiмдi, өз өмiрiнiң мағынасын түсiнген адам — iзгi.

Жұрттың өзi туралы не айтатынын естiген адам сабырлы бола алмайды.

Шын мейiрбандық әрдайым кiшiпейiл келедi. Кiшiпейiлдiлiктiң тартымдылығы, пайдалылығы сонша, кiшiпейiл болып көрiнгiсi келетiн адамдардың аздығы таңырқатады. Жасанды кiшiпейiлдiлiктiң жасандылығы — ең барып тұрған ұнамсыз жасандылық.

Бiз даналықты үш жолмен үйренемiз: ойлану — ең iзгi жол; елiктеу — ең жеңiл жол; және үшiншi, тәжiрибе жолы — ең ауыр жол.

Бiлмеуден қорықпа, жалған бiлiмнен сақтан. Дүниедегi бар жамандық осыдан басталады.

Басқаларды даттап, өзiңдi мақтап тұратын адамды ешқашан тыңдама.

Жақсы нәрсе туралы ойлан, сонда ойларың iзгi iстер жасауға пiсiп-жетiледi.

Бiлмегендiк ұят та, зиян да емес. Ешкiм де бәрiн бiле алмайды, ал бiлмейтiндi бiлемiн деу ұят әрi зиян.

Өзiнiң ақымақтығын жасыра бiлетiн адам, өзiнiң даналығын көрсеткiсi келетiн кiсiден артық.

Нашар дөңгелектiң салдыры басым. Дәнсiз масақ көкке бой ұрады.

Әрқашан адамдардың жаман жақтарын емес, жақсы қасиеттерiн көре бiл.

Адамдармен қатынаста iзгiлiк мiндеттi нәрсе. Егер сен адамға қайырымды болмасаң, ашулы болсаң, оның бойында да ашу-ыза тудырасың.

Ұнамсыз iстердi жасыру жақсы емес, бiрақ оларды ашық iстеп, мақтан тұту одан да жаман.

Шегiнен асқан пiкiрлер ұқсас болады.

Жарықты соқыр көрмегеннен, ол жарық болмай қалмайды.

Өзiңiздiң де, өзгенiң де сөзiне сенбеңiз, өзiңiздiң де, өзгенiң де iстерiне ғана сенiңiз.

Адам өзге адамдар мен жағдайға неғұрлым наразы болып, өзiне риза болса, ол соғұрлым даналықтан алыс болады.

Қуанышты өмiр сүрудiң басты тәсiлi — өмiрдiң қуаныш үшiн берiлгенiне сену. Егер қуаныш азайса, неден қателiк жiбергенiңдi iзде.

Қайғы-қасiреттi бастан өткiзiп үйренген адам бақытсыз бола алмайды.

Ешкiмнен және ештеңеден қорықпа. Өзiңдегi ең қымбатты нәрсе ешкiмнен де, ештеңеден де зардап шекпейдi.

Сен айналаңдағының бәрi ақымақ адамдар дейсiң. Егер сен осылай ойласаң, бұл өзiңнiң өте нашар адам екенiңдi көрсетедi.

Бiр нәрсенi өте iстегiң келген әрбiр жағдайда тоқта да ойлан: iстегiң келген нәрсең жақсы ма, жаман ба?!

Өзiңе айқын нәрсе туралы ғана айт, әйтпесе үндеме.

Неғұрлым аз сөйлесең, соғұрлым көбiрек жұмыс iстейсiң.

Неғұрлым асықсаң, соғұрлым аз iстейсiң.

Адамды алғаш көргенде қалыптасатын пiкiр әдетте көп ұзамай өзгередi, ал бұл өзгерiс болғанша, адам туралы не тым жақсы, не тым нашар ойлайсың.

Әлеуметтiк прогресс адамгершiлiктi тудырады деп тұжырымдау, пештердi салу жылу шығарады дегенмен тең.

Ешбiр iсте табыс «қателiк iстеу құқығынсыз» мүмкiн емес. Жалған нотадан қорқатын скрипкашы тыңдаушыларын баурап алмайтыны сияқты, айтылмайтынды айтып қоюдан сақтанатын жазушы да жаңа ой мен сезiмдi бере алмайды.

Бақытты отбасылар бір-біріне ұқсас келеді. Ал әр бақытсыз шаңырақтың өзіне тән қиындықтары бар.

Бақыттылық әрқашан қалағаныңды iстеу емес, оның мәнi iстеп жатқаныңды әрдайым қалаудан көрiнедi.

Адамдар қалай сөйлеудi үйренедi, ал ең басты ғылым — қалай және қашан үндемеудi бiлу.

Егер жанып, жарық түсiруге шамаң жетпесе, ең болмаса оны қалқалама.

Өз қателiгiңдi түзетiлмейтiнге жеткізбей тұрып, оны мойындаған әлдеқайда дұрыс.

Ақиқат адамды қайырымсыз немесе өзiне сенгiш ете алмайды. Ақиқаттың көрiнiстерi әрдайым момын, көнгiш және қарапайым келедi.

Ұятың мақұлдамаған нәрсенiң бәрiнен сақтан.

Уақыт өтедi, бiрақ айтылған сөз қалады.

Ашумен басталған нәрсе ұятпен аяқталады.

Енжарлық жан дүниенің сұмпайылығы.

Біздің бүгінгі күнде иеленіп отырған орнымыздан, қозғалып бара жатқан бағытымыз маңызды.

Кейбір адамдар есте сақтау қабілеті нашар болғандықтан, арым таза деп ойлайды.

Кітапты мөлшерлеп оқып, өлшеммен үйреніңдер, көбірек толғаныңыздар —ұстаздардан да, кітаптардан да қажеттісі деп қалағандарыңды ала біліңдер.

Бiз ақша салынған әмиянды жоғалтсақ қайғыра бастаймыз, ал басымызға келген, естiген немесе оқыған, егер бiз оны еске сақтап, өмiрде қолдансақ, көп жақсылық әкелетiн ғажап ойды жоғалтып алсақ немесе ұмытсақ, оның миллиондардан да қымбат екенiн бiле тұра онша қынжыла қоймаймыз.

Қарапайымдылық, жақсылық пен ақиқат жоқ жерде ұлылық та жоқ.

Тән үшін сүрген өмір азап шектіреді. Рух үшін сүрген өмір ғана рақатқа жеткізеді.

Оқытып жатқан ақпарат оқушыға түсінікті әрі қызықты болу үшін, екі нәрседен аулақ болыңыз: оқушыға ол білмейтін және түсіне алмайтын нәрселер туралы және ол нашар, кейде мұғалімнен көп білетінін айтпаңыздар.

Тәрбие дегеніміз — тәрбиеленушілерді белгілі бір адамгершілік дағдыларын меңгеруге көндіру мақсатымен бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы.

Қорқақ дос, дұшпаннан да жаман, Өйткені, дұшпаннан сақтанасың, ал досқа сеніп қаласың.

Тіл – ұлттың жан дүниесі. Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі.

Күлкі сергектік тудырады.

Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.

Қарапайымдылық — моральдық сұлулықтың басты шарты.

Тек қана есте сақтауымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана — білім.

Ұят — адам өміріндегі сенімді жол басшы.

Ғылымның ісі – адамға қызмет ету.

Қайткенде де ақылыңа көбірек азық бере жүруге тырыс.

Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.

Дене еңбегі ой еңбегінің қасиетін арттыра түскенімен қоймай, оны мадаққа бөлейді.

Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді.

Парасаттылықты қажет етпейтін жағдай мен маңыздыдылығы аз іс болмайды.

Ақылға барынша мол қорек беруге тырыс.

Отаншылдық – ең ізгі сезім.

Ерлік жайында су жүректер, ізгілік жайында арамзалар бәрінен де көп айтады.

Көрінген кітапты оқи берген жарамайды, көңілде туған сауалдарға жауап бере алатын кітаптарды оқыған абзал.

Аспан айналып жерге түссе де, күйректікке салынба.

Еңбек етпесең, не қорлықта қаласың, не ұрлыққа барасың.

Бұзықтың көбі мастықтан болады.

Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие.

Мен шайды көп ішуге тиіспін, өйтпеген күнде жұмыс істей алмаймын. Шай менің жанымның терең түкпірінде ұйықтап жатқан мүмкіндіктерді оятады.

Мен ақымақ болып елді түзетпек едім, ақылды болып өзімді түзетуге кірістім.

Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған, бірақ іске де ,шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ. Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол - кемел ұстаз.

Ең ұлы ақиқаттар — ең қарапайымдары.

Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей.

Арман — жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.

Ұялу — жақсы сезім, ең жақсысы — өзіңнен өзің ұялу.

Арада махаббат оты бар неке ғана бақытқа кенелтеді.

Ештеңені жасағаннан да ештеңе жасамаған артық.

Ақылыңа азықты көп беруге тырыс.

Әйел қанша сұлу болса, сонша адал болуы керек, өйткені оның сұлулықтан көрер кесірін адалдық қана жеңе алады.

Байлық деген - тезек сияқты. Үйілген сайын сасиды, шашылса, жерді тыңайтады.

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.

Адам өзіне-өзі неғұрлым мәз болса, оның бойында мәз боларлық нәрсе соғұрлым аз болғаны.

Адамзаттың айналып келіп ақырында аяқ тірер ақиқаты Ислам.

Алдау - жаман нәрсе. Бірақ ең жаманы - өз-өзіңді алдау.

Қалың ағаш шыбықтан бастау алады. Көп қабатты үйлер бір кірпіштен, қанша мың шақырымдық саяхат бір қадамнан басталады. Ойларыңызға абай болыңыздар, ойлар да бір іс-әрекеттің бастауы

Егер сенің кеткеніңді ешкім байқамаған болса, демек кеткенің дұрыс болды

Махаббатта аз-көп деген болмайды

Күшті, қайратты адамдар қарапайым болып келеді

Адамның барлығы адамзатты өзгерткісі келеді, бірақ өзін өзгерту туралы ешқайсысы ойламайды
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қанатты сөздер Лев Толстой туралы нақыл сөз, канаттты создер Лев Толстой туралы накыл соз, афоризм казакша цитаты на казахском, Лев Толстой

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]