Қанатты (нақыл) сөздер: Платон
Әсемдiктiң жолы ауыр.
Ешкім кездейсоқ жақсы адам болып шыға келмейді.
Бала тəрбиесі — мемлекеттің маңызды міндеті.
Көргенін, білгенін айтпаса, аға кінәлы.
Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі -топастық, екіншісі - жалқаулық.
Ақылдылар - табады, ақылсыздар жоғалтады.
Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.
Кедейлік - мүліктің азайғандығы емес, қомағайлықтың артқаны.
Достық - теңдіктен басталады.
Патша дана тұлға болғанда дүние шырайлана түспек.
Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды табармыз.
Заңнан ақылды болудың қажеті жоқ
Өз-өзіңді жеңу - жеңістердің жеңісі.
Ақымақтықтың екі белгісі бар. Бірі - өзіне пайдасы жоқ нәрсені әңгіме қылуға бейім тұрады. Екіншісі - сұрамаған адамға ақыл айтады.
Істі жақсы бастау, жартысын істегенмен бірдей
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: