Қанатты (нақыл) сөздер: Теодор Драйзер

Қанатты (нақыл) сөздер: Теодор Драйзер

Адам іші — алақұйын.

Өнер — жанның табан ет, маңдай термен сығып алған шырыны.

Алтын креслода отырып күйіп кетуге кім келіспесін?

Сөз — баста быжынап жатқан сансыз ойдың күңгірт көлеңкесі ғана.

Жоқ, жан шошырлық жағдайға тап болмай тұрғанда, ақшаның бәрін көйлекке жұмсап үлгеру керек!

Сіз ағашқа қарап тұрып оның алыптығы мен күшіне қайран қаласыз, ал кішкентай гүлді қош иістен басқа берері жоқ деп сөге көрмеңіз.

Төменге кететін жолда аялдама аз болады.

Қысқасы, өмірдегі басты нәрсе — сол өмірдің өзі.

Үлкен ақыл иелерінің өмірін де сұрқай бояулар бүркейтін сәттер болады.

Бай адам қоңыраулы мысық секілді: тышқандар оның қайда, не істеп жүргенін біліп отырады.

Тірі жан атаулыда әйел тек әйелден ғана қорқады, қорыққанда да ақылдысы мен сұлуынан.

Біздің заманымызда сөз қылар ештеңесі жоқ адам ғана өсекке ілінбейді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қанатты сөздер Теодор Драйзер туралы нақыл сөз, канаттты создер Теодор Драйзер туралы накыл соз, афоризм казакша цитаты на казахском, Теодор Драйзер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]