Қанатты (нақыл) сөздер: Цицерон
Соғыс кезінде заңның үні өшеді.
Әркімнің қателесуі мүмкін, ал оны мойындамау - тек ақымақтың ісі.
Балаларым болса екен деу — табиғи нәрсе...бала болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес.
Әділдіктің екі қайнар көзі бар: ешкімге зиян шектірмеу және қоғамға пайда келтіру.
Көп өтірік айтатын адамдар шыншыл болып көрінуге тырысып бағады.
Даналық - ғылымның бастауы.
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.
Кітабы жоқ үй жаны жоқ дене сияқты.
Бәрінен де тек қана өзіне бағынышты адам бақытты.
Адамның келбеті жүрегінің айнасы.
Егер сырқат қатты болса, ұзақ емес, егер ұзақ болса, ауыртпалы емес.
Өмір бойы сүйіп, махаббатыңды төккің келетін адамды да таңдай біл.
Планетадағы әр адам өз ақылымен ойланып, өзгенің пікірінен тәуелсіз шешім шығара білуі керек.
Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді
Сананы тұрмыс билейді.
Шынайы достықсыз өмірдің мәні жоқ.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: