Қанатты (нақыл) сөздер: Ян Амос Коменский
Кiм басқаларды оқытса, сол қайталау арқылы өз бiлiмiн толықтыратындықтан және тақырыпқа терең бойлауға мүмкiндiк алатындықтан, өзiн-өзi үйретедi.
Бiлiм алу надандыққа қарсы егiлген дәрi.
Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал.
Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді. Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында: - не естіп, не оқысам да, соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді, ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін,- дейді екен. Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттеріне, өздеріне шәкірттер тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес қылады.
Қызметтің пайдалы болуы уақытты ұтымды қолданудан.
Даналықты үйрену - адамды мықты, әрі жанын жомарт етеді.
Білім шынайы, толық, анық, мықты болуы тиіс.
Мұғалім — мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын, тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Адамның бойындағы бұлжымас баянды нәрсе — өзінің жан дүниесіне жас кезінде сіңірген нәрсесі.
Мақтан қума, бірақ бар күшіңмен мақтауға лайық әрекет жасауға тырыс.
Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: