Қанатты (нақыл) сөздер: Антон Макаренко

Қанатты (нақыл) сөздер: Антон Макаренко

Тәуекелден бас тарту — шығармашылықтан бас тарту.

Өзiңдi әр қадам сайын тоқтата бiлу керек, және бұл әдетке айналғаны жөн. Өзiн тоқтата бiлмейтiн адам тежегiшсiз машина сияқты.

Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын... адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны.

Ата–ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы.

Тәрбие жұмыстарының дәл мәні сіздің балаға тікелей әсер етуіңізді емес, көзбе-көз әңгімелесуіңізде емес, ол сіздің өз отбасыңызды ұйымдастырудың, сіздің жеке және қоғамдық өміріңізді және бала өмірін ұйымдастыра білуіңізде.

...Баланы өмірдің өзінен қорғауға болмайды.

Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек.

Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ол ересектердің қызметінде, жұмысында, қызмет бабында қандай мәнге ие болса, мұнда да сондай мәнге ие болады. Бала ойнағанда қандай болса, есейгенде жұмыста да көп ретте сондай болады. Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойында басталады.

Жақсы отбасыда жазалау деген атымен болмайды. Ал бұл - отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы.

Балада ойынға деген құштарлық бар, оны тек қаңағаттандыру керек.

Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қандай болса, ол өскенде жұмыста сондай адам болады.

Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл бақытты кәрілік, қате тәрбие біздің келешектегі сорымыз, біздің көз жасымыз.

Тәрбиеші болу үшін, тәрбиеленген болуың керек.

Жақсы ұйымдастырылған еңбектен ғана бала еңбек етудің қуанышын сезеді.

Біздің жастарымыз төзімді, батыл болып өсуі керек, олар тек барлық футбол матчтарына баруға ынталанып және барлық рекордсмендердің аттарын біліп қана қоймай, сонымен қатар іс жүзінде дене шынықтырумен, спортпен шұғылдануы керек.

Еңбек үстінде тек жұмысшы адам ғана тәрбиеленбейді, сондай-ақ жолдастық қалыптасады, яғни басқа адамдармен екі арада дұрыс қарым-қатынаста тәрбиеленеді.

Балалар сіздің сөзіңізден сіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек.

Бала сіздің ғана қуанышыңыз ғана емес екендігін, сол үшін еліміздің алдында жауап беретініңізді әрдайым естен шығармауыңыз керек.

Біздің балалар - біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие - болашақтағы қайғымыз, бұл - біздің көз жасымыз, бұл - басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәмыз.

Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.

Адамды қандай істе болса да ұстамдылықта, ойындағысын тайсалмай айтуда, қайсы бір мұқтаждыққа төзуде, шыдамдылықта, батылдықта ерлік көрсете алатындай жағдайға қоймайынша оны ержүрек етіп тәрбиелеуге болмайды.

Егер менен педагогикалық тәжірбиеңізге бір сөзбен анықтама беріңізші деп сұраса, былай дер едім: адамға мүмкіндігінше көбірек талап қойыңыз, адамды мүмкіндігінше көбірек сыйлаңыз.

Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.

Мен ең әуелі сырт көрінеске назар аударушы едім, өйткені адам өмірінде оның үлкен мәні бар. Салдыр - салақ адамның іс-әрекеттері, сүйкімді болады деп ойлаудың өзі қиын.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қанатты сөздер Антон Макаренко туралы нақыл сөз, канаттты создер Антон Макаренко туралы накыл соз, афоризм казакша цитаты на казахском, Антон Макаренко

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]