Қанатты (нақыл) сөздер: Артур Шопенгауэр

Қанатты (нақыл) сөздер: Артур Шопенгауэр

Ойдың, еркін ойдың қанаты — бейтараптықта...

Мөлшерден тыс көп берiлген дәрi емдеп жазбайтыны сияқты, әдiлдiк шеңберiнен шығып кеткен мiнеп-сынау да өз мақсатына жетпейдi.

Нәпсі аңсары дегеніміз нәсілге (түрге) пайдалы құндылықты өз жеке басына да пайдалы деп есептейтін алдамшы сезім. Нәсілдік мақсат орындалғанда елес құштарлық сейіледі де, жеке өзінің нәсілге алданғанын сезіп құлазиды. Нәсілдік әрекет, мысалы ұрықтандыру орындалғанда босау мен әлсіреу пайда болады, көп санды жәндіктер дереу өледі.

Кім болса да, кездескен адамыңның азаматтық құны мен адамдық құрметіне объективті баға берме. Оның сұрқия ерік-ниетіне де, алдамшы да, қисынсыз ақыл-көзқарасына да назар аударма: алдыңғысында сен оған өшігесің, кейінгісінде сен оны менсінбейтін боласың. Қайта сен оның кешірмесіне, жолыққан ісіне, қажетсінуіне, абыржуы мен қайғысына назар аудар.

Тіршілік дегеніміз аңсар. Аңсар қанағаттанбаса қайғы-мұң туылады. Аңсар қанағаттанса зерігу-жалығу туылады. Өмір қайғы мен зерігудің арасында тынымсыз тербелген маятникке ұқсайды. Шаттық дегеніміз қайғыдан зерігуге, не зерігуден қайғыға ауысып бара жатқандағы уақыттық қасқағым сәт қана.

Барша халық, бүкіл әлем көзіне әрқашан елес, сағым секілді көрінбесе, ондай адамда философияға қабілеті жоқ.

Өмір сахнасындағы патша, уәзір, қолбасы, әскер, қызметші және басқалар сыртқы ерекшелік жағынан ғана бір-бірінен өзгеше, ал, түрлі образдардың мәні бірдей: жұрттың бәрі әлденені аңсаған және өз тағдырынан алаңдаған актер.

Адамдар тағдыр деп жүрген нәрсе, шын мәнiнде, олар жасаған ақымақтықтардың жиынтығы ғана.

Тіршіліктің бақыты мен қайғысы басқа түскен істің бақ, не сор болғанынан емес, қайта біздің оған қалай бетпе-бет келуімізге, қалай сезінуімізге байланысты.

Аузына сары су толған адамға есіл шарап та дәмсіз сезілетіні секілді мінезі жаман адам көңілді істі де көңілсіздікке айналдырады.

Парасаттылар өз өмірінен лаззат алады, бос уақытын дұрыс игереді. Ақымақтар бос қалуға төзбейді. Бос уақыт оларды зеріктіреді. Сондықтан олар пайдасыз ойынмен көңіл аулап, уақыттық рахатқа салынады.

Өмір алғашқы 40 жылда бізді оқулықпен оқытады, сосын кейінгі 30 жылда соған түсініктеме берумен болады.

Егер әлдекімнің шын сөйлегеніне күдіктенсең, онда өтірік болса да оған сенген қалып таныт. Ондайда ол одан сайын өзіне сеніп, жүректі түрде тіпті де зор өтірік айтып, өз бетпердесін (маска) өзі ашатын болады.

Баянды нәрсе байлық емес, адамдық қасиет.

Күту жалқаулардың сылтауы, жалқаулықтың жасырынбақ ойнауы.

Адам істеуге тиістіні істей алады, бірақ қажетсінгенінің бәрін ала алмайды.

Дүниедегі роза гүлдерінің бәрінде тікен бар. Егер қолыңды жаралаудан қорықсаң, роза гүлінің хош иісін иіскей алмайсың.

Кітап оқу басқалардың миымен ат жарыстыру; ойланып-толғану өз атыңмен өзің зымырау.

Айнаға басқа адамның көзімен қарау мүмкін емес. Адамның өздік санасы ондайда «анау тұрған басқа адам емес, менің Менім» дегенді күбірлеуден жалықпайды.

Біздің денеміздегі кейбір мүшелер миымыздан да ақылды.

Ақыл кейде ерікті жетелегендей көрінеді, бірақ ол бәрібір қожайынның барғысы келген жеріне жол бастаушы ғана бола алады. Ерік дегеніміз көзі өткір ақсақты арқалап алып жол басатын құдіретті де, қуатты соқырға ұқсайды.

Адам жалғыздықта ғана өзіне қайтады, жан дүниесіндегі бар байлығы өзіне ашылады. Ондайда, әдемі киіміне қарамастан тоғышардың бейшара көңілі өксік атады, ал есіл адамдар иен қағырда жүрсе де құлазуға ұшырамайды.

Бір адамның өз әзірлігі қанша толық болса, басқаларға жалынуы сонша азаяды, айналасына арқа сүйемейді, әлдекімге тәуелді болмайды. Сондықтан парасаты асқан адам ешқашан жұртқа ұнамайды.

Тек кітаптан алатын білім болады, ол бейне жасанды аяққа, балауыз мұрынға, жапсырған теріге ұқсайды. Ал, дербес ой жүгірту арқылы алған білім біздің табиғи екі аяғымыз секілді, тек сол ғана шындап өзіміздікі.

Адамның ақымақтығы өз денсаулығына әлдебір сыртқы нәрселерді айырбастап алуы.

Адам қашанда жаратылыс көрсеткен тәжірибе үлгісі бойынша өмір сүреді.

Кітапты тым көп оқыған сайын мида қалатын нәрселер азаяды. Кітапты ойланбай оқи беру миды шимай-шатпақ жазылған қара тақтаға айналдыру деген сөз.

Жеке адам иен аралдағы Робинзон Крузо секілді дәрменсіз. Тек басқалармен бірлескенде ғана үлкен істерді тындыра алады.

Күнделікті өмірде кездесетін мағынасыз дөрекілік пен зіл тұншығыс және нәпсінің қайталанбалы ажырғысы адамды көркемөнер мен философияға талпындырады.

Адамның бет келбеті оның аузына қарағанда әлдеқайда көп шындықты айтады. Маңыздысы, ауыз адамның идеясын айтса, бет пішіні оның идеясының мән-мағынасын айтады.

Тіршілік қашанда бір түрлі тіл арқылы бізге мәлім ақиқатты ұсынады. Егер біз оны басқаша қабылдасақ, онда біздің өмір сүруіміз қауіпке ұшырайды.

Адамның адамға жамандығында басқа себеп жоқ, бәрі де қара ниет, жаман ойдан туады және барлық тіршілік арасында тек адам ғана себепсіз жамандық жасайтын, ерекше болмыс

Өмір енді бір мағынада шыраққа ұқсайды: оған жақындаған сайын оны көру қиын. Өмір сұлулығын танығымыз келсе алысырақ тұрып күзетейік.

Байлық теңіз суы секілді, ішкен сайын шөлдейсің. Атақ-даңық та сондай нәрсе.

Қартайғандағы ең зор бақыт — өзінің бүкіл жастық жігерін ұлы іске арнағанын еске алу.

Ойлау мен сөйлеудің арасында біраз қашықтық бар.

Топас-тоғышар байып кетсе адамдық қасиеті одан сайын кемиді.

Ұсақ адамдар ұлылардың кемшілігі мен қателігіне қуанады.

Кішіпейілдік — қабілеті шақты адам үшін адалдық; қабілеті асып-тасыған адам үшін жасандылық.

Өмірдің шолақ және тым қысқа екенін танып жету үшін өмірдің ұзақ сапар жолын басып өтесің.

Жаман кітап — рухани идеямызды бүлдіретін улы дәрі.

Ақылды адамдардың жалғыздықты ұнататын себебі, олар ақымақтардың даңғаза тірлігінен қашады.

Өмірдің қас жауы — қайғы мен зерігу.

Өте дөрекілік танытқан адам бейне өзінің бүкіл шапанын шешіп тастап, алдымызда тыр-жалаңаш тұрғандай күй кешеді.

Ақымақ уақытты қалай тез өткізуді ойлайды. Ақылды адам уақытты қалай тез пайдалануды ойлайды.

Үйлену — өз құқыңды екі есе азайтып, міндетіңді екі есе арттыру деген сөз.

Денсаулық — ең ұлы қазына, басқалар оның алдында ештеңе емеc.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қанатты сөздер Артур Шопенгауэр туралы нақыл сөз, канаттты создер Артур Шопенгауэр туралы накыл соз, афоризм казакша цитаты на казахском, Артур Шопенгауэр

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]