Қанатты (нақыл) сөздер: Александр Куприн

Қанатты (нақыл) сөздер: Александр Куприн

Кез келген әйел махаббат жолында ерлік жасауға қабілетті.

Өмірде еш нәрседен жүрексінбей сүңгіңіз. Ол сізді алдамайды. Өмір керемет картиналары, мыңдаған бөлмесі, жарқырағын жарығы, ақылды, әсем, биязы адамдары бар бір үлкен ғимарат секілді. Ал осы сарайдың ең әдемі жерінде тұру үшін өмірдің барлық өткелдерінен өтуіңіз керек. Ерінбей еңбек еткен адам ғана бақытқа қол жеткізеді.

Махаббат деген – ақылыңыз бен ойыңыздың, жаныңыз бен қызығушылығыңыздың бір арнада тоғысуы. Сондықтан ол ең әйгілі сезім.

Жер бетіндегі қыздардың барлығы да ержүрек, намысқой, адал жігітті армандайды. Және сондай жігіттер үшін бәріне де барады. Өйткені өмірдің мәні – махаббат.

Кейде бір жамандықтан кейін екінші жамандық күтіп тұрады. Алайда оған бола өмірден түңілудің керегі жоқ. Әлі алда талай тамаша күн туатынына сеніңіз.

Егер сіз адамды шынымен жақсы көрсеңіз, еш нәрсесіне де қарамай, шын жүрегіңізбен сүйіңіз. Құлазығанда қуанышы, жылағанда жұбанышы болып, қай кезде де қасынан табылуға тырысыңыз. Сондай кезде ғана пәк махаббат болады.

Біреуге бір жақсылық жасап, одан бірден алғыс күтуге болмайды.

Мен туылған кезде қатты жыладым. Бірақ мен өмір сүріп келе жатқан әр күн маған не үшін жылағанымды түсіндірді.

Махаббаттағы айрылысу кәдімгі жел мен от сияқты. Кішкентай махаббатты өшіреді, ал үлкен махаббатты одан да қатты жандандырады.

Сурет салуға, мүсін жасауға, ән айтуға, өлең шығаруға қаншалықты талант керек болса, махаббатқа да соншалықты талант керек.

Қорқақтық пен әлсіздіктен туындайтын өтіріктерден қатты ұялам.

Әр махаббаттың өзіндік даралығы бар.

Шын сүйе білетін барлық әйел – патшайым.

Махаббат қашанда трагедиялы болады. Ол өмірдің заңдылығы.

Өміріңіздегі келіспеушіліктер, кедергілер махаббатыңызға зиянын келтірмеу керек.

Адам мың рет ғашық болуы мүмкін, бірақ бір рет қана сүйеді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қанатты сөздер Александр Куприн туралы нақыл сөз, канаттты создер Александр Куприн туралы накыл соз, афоризм казакша цитаты на казахском, Александр Куприн

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]